Сырдария ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің мөлшерлемесін төмендету туралы

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3-бабының                 5-тармағына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Сырдария ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендетілсін.

  2. Осы шешім 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

 

         Аудандық мәслихаттың

                   төрағасы                                                           Е. Әжікенов

Дата публикации
08 июня 2023