«Сырдария ауданының кент және ауылдық округтеріндегі инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру (ротациялау) схемасын бекіту туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 234 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының
27-бабына сәйкес, Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сырдария ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 24 қазандағы № 234 «Сырдария ауданының кент және ауылдық округтеріндегі инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерде дақылдарды кезектестіру (ротациялау) схемасын бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6947 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

  2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

           Сырдария ауданының

         әкімі                                                                                           Б. Сарменбаев

 

               

 

 

 

Дата публикации
19 мая 2023