«Сырдария ауданы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және     өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 5-тармағына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Сырдария ауданы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №274 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

 көрсетілген қаулымен бекітілген «Сырдария ауданы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі» осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.   

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

  2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

 Сырдария ауданының

              әкімі                                                                                Б. Сарменбаев

Дата публикации
10 мая 2023