Сегізінші шақырылатын Сырдария аудандық мәслихатының бірінші сессиясын шақыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N148 Заңының 10-бабының 9)тармағына сәйкес Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:     

  1. Сегізінші шақырылатын Сырдария аудандық мәслихатының бірінші сессиясы 2023 жылғы 30 наурызда сағат 16-00 де Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті А.Құнанбаев №31, Сырдария ауданы әкімдігінің мәжіліс залында                          1) Сырдария аудандық мәслихатының депутаттарына төсбелгі мен куәліктерін табыс ету туралы; 2) Сырдария аудандық мәслихатының төрағасын сайлау туралы» күн тәртібімен шақырылсын.    

  2. Сырдария аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Б.С.Өтегенова сегізінші шақырылатын Сырдария аудандық мәслихаттың бiрiншi сессиясын ашуды және мәслихат төрағасы сайланғанға дейін жүргiзуді қамтамасыз етсін.

  3. Осы қаулы Сырдария аудандық мәслихатының аппаратына жолдансын және Сырдария аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын.

 

 

        Аудандық сайлау

        комиссиясының төрағасы                                        Б.Өтегенова

 

        Аудандық сайлау

        комиссиясының хатшысы                                         Ә.Парзу

 

 

 

 

Тереңөзек кенті

 2023 жылғы 28 наурыз

АСК-161

              

Дата публикации
28 марта 2023