2023 жылғы 19 наурызда өткізілген Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауының қорытындылары бойынша енгізілген жарналарды қайтару және республикалық бюджеттің кірісіне айналдыру туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 104-бабы 1-1тармағына сәйкес  Сырдария аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындыларын белгілеу, сайлау қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды бөлу туралы Сырдария аудандық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 21 наурыздағы хаттамасы негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Сырдария аудандық мәслихатының депутаттарын сайлаудың қорытындылары бойынша Сырдария аудандық мәслихатының депутаты болып сайланған кандидаттарға және дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаған осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес тізім бойынша кандидаттарға сайлау жарнасы қайтарылсын.

  2. Сайлау қорытындылары бойынша дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бес пайызынан төмен жинаған осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес тізім бойынша бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Сырдария аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың енгізген сайлау жарналары республикалық бюджет кірісіне айналдырылсын.

  3. Осы қаулының орындалуы келісім бойынша Сырдария аудан әкімі аппаратының бас инспектор-бас есепшісі Ғ.Бакировке және Сырдария аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Ә.Парзуге жүктелсін.

  4. Осы қаулы Сырдария аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылсын және тиісті Сырдария аудандық мәслихатының депутаттығына кандидаттардың назарына жеткізілсін

        Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы                      Б.Өтегенова        

       Аудандық сайлау комиссиясының                                     хатшысы                         

        Ә.Парзу 

 

 

 

 

2Тереңөзек кенті

 2023 жылғы 21 наурыз

АСК-159

ылғы 27наурыз, №ОС

 

 

Дата публикации
28 марта 2023