Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу үшін әділет органына мемлекеттік органдардың интернет-порталы (МОИП) арқылы ұсынылатын ҚҰЖАТТАРДЫҢ ЖАДНАМАСЫ
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу үшін әділет органына мемлекеттік органдардың интранет-порталы (МОИП) арқылы қазақ және орыс тілдерінде мынадай құжаттар ұсынылады:
1) НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТ;
2) тиісті заңнамалық актіде жүргізілуі міндетті деп көзделген мүдделі ұйымдармен келісу нәтижелері, сараптамалық қорытындылары, ұсынымдар, салыстырма кесте (қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда), жария талқылаудың және сараптамалардың нәтижелері және ашық нормативтiк құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырылуы туралы АНЫҚТАМА;
3) егер нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілсе, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесі бар нормативтік құқықтық актінің алдыңғы және жаңа редакциясының САЛЫСТЫРМА КЕСТЕСІ;
4) әзірлеуші органның интернет-ресурсында және жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастыруы туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ;
5) КӨПШІЛІК ТАЛҚЫЛАУ ТУРАЛЫ ЕСЕП (жария талқылаудың нәтижелері);
6) егер нормативтiк құқықтық акті жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерін қозғайтын болса – КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ және облыс әкімдігі жанындағы САРАПТАМАЛЫҚ КЕҢЕС ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ;
7) егер нормативтiк құқықтық акті кәсіпкерлік субъектісіне қатысты реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдатуды көздесе - РЕТТЕУШІЛІК ӘСЕРДІ ТАЛДАУДЫҢ және/немесе БАЛАМАЛЫ РЕТТЕУШІЛІК ӘСЕРДІ ТАЛДАУДЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ (олардың әзірлеуші органның және кәсiпкерлер палатасының интернет-ресурстарында орналастырылуы туралы ақпарат) және оны мақұлдау туралы Комиссияның ХАТТАМАЛЫҚ ШЕШІМІ;
8) егер нормативтік құқықтық акт азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын болса – ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ҰСЫНЫМЫ;
Ескертпе: келісу барысында алынған ұсынымдармен, ескертулермен және ұсыныстармен келіскен жағдайда, әзірлеуші мемлекеттік орган әділет органдарына нормативтік құқықтық актінің пысықталған жобасын жолдайды.
Алынған ұсынымдармен және/немесе сараптамалық қорытындылармен келіспеген жағдайда, әзірленген жобаға әзірлеуші мемлекеттік органның тиісті мүдделі органдардың және ұйымдардың атына жауаптары тиісті негіздемелермен қоса беріледі.
9) егер нормативтік құқықтық акті экологиялық, оның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауіп төну немесе келеңсіз әсер етуге әкеп соғуы мүмкiн мәселелерге қатысты болса - ғылыми экологиялық сараптама және мемлекеттік экологиялық сараптама;
10) егер нормативтік құқықтық актіге мемлекеттік органның басшысы болмаған жағдайда тиісті құқықтық актінің қабылданғаны оның міндетін орындаушы адамның қол қоюымен куәландырылып, мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін жүктеу туралы АКТІНІҢ КӨШІРМЕСІ қоса беріледі.
Ескертпе: Нормативтік құқықтық актінің жобасы өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен олардың құзыреттеріне қарай келісілуі мүмкін.
Мысалы: «Мемлекеттік статистика туралы» ҚР Заңының 16-бабы, 3-тармағының
2) тармақшасына сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемелері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның келісімімен бекітіледі.
Құжаттардың тізбесі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 569 қаулысымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидалардың:
41-тармағы:
Әділет органдарына жіберілген кезде әзірленген жобаға «Құқықтық актілер туралы» Заңда және/немесе тиісті саладағы құқықтық қатынастарды реттейтін заңнамалық актіде жүргізілуі міндетті деп көзделген мүдделі ұйымдармен келісу нәтижелері:
сараптамалық қорытындылары, ұсынымдар, бұрынғы және жаңа редакцияларының салыстырма кестесі (қолданыстағы нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда), жария талқылаудың және сараптамалардың нәтижелері қоса беріледі.
Құжаттардың форматы:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидалардың:
28-тармағында:
Әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге нормативтік құқықтық акт мынадай бөліктерде электрондық құжат түрінде ұсынылады:
1) нормативтік құқықтық актінің электрондық бланкідегі мазмұндық бөлігі тек *docx форматында;
2) Құжаттама жасау қағидаларында көзделген форматтарда қоса берілген файлдардың мазмұндық бөлігі;
3) қалыптастырылған электрондық тіркеу бақылау карточкасы арқылы деректемелік бөлік.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 703 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларының:
43-тармағында:
Электрондық құжаттың мазмұндық бөлігі мынадай форматтардағы бір немесе бірнеше файлдан тұрады.
1) PDF, PDF/A-1, TIFF, JPEG, JPG – графикалық формат;
2) RTF, DOCX – мәтіндік формат;
3) XLS, XLSX – кестелік формат;
4) PPT, PPTX – таныстырылымдар;
5) RAR, ZIP – архивтелген формат.
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу үшін әділет органына мемлекеттік органдардың интранет-порталы (МОИП) арқылы қазақ және орыс тілдерінде мынадай құжаттар ұсынылады:
| № | Құжаттың нысаны | Негіздемесі | Формат | Ескертпе |
| 1. | Нормативтік құқықтық акті |
ҚР Үкіметінің 06.10.2016 ж. № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 28-тармағы |
docx | |
| 2. | Анықтама | ҚР Үкіметінің 06.10.2016 ж. № 569 қаулысымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларының 34, 41-тармақтары | docx | |
| 3. | Салыстырма кестесі | ҚР Үкіметінің 06.10.2016 ж. № 569 қаулысымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларының 33-тармағы ҚР Үкіметінің 10.12.2002 ж. №1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiне 7-қосымшасы ұқсас норма ретінде алынды |
docx | өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілсе |
| 4. | Интернет-ресурста және жалпыға қолжетімді интернет-ресурстарда орналастыруы туралы БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ | ҚР Үкіметінің 06.10.2016 ж. № 569 қаулысымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларының 38-тармағы | pdf, jpeg, jpg | |
| 5. | Көпшілік талқылау туралы есеп(жария талқылау нәтижелері) |
ҚР Үкіметінің 06.10.2016 ж. № 569 қаулысымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларының 41-тармағыҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 30.06.2016 ж. №22 бұйрығы |
docx | |
| 6. | Кәсіпкерлер палатасы және сараптамалық кеңес қорытындылары |
ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 64, 66-баптары,«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 19-бабы,ҚР Үкіметінің 06.10.2016 ж. № 569 қаулысымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларының 32-тармағы |
pdf, jpeg, jpg | жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң мүдделерін қозғайтын болса |
| 7. | Реттеушілік әсерді талдаудың және/немесе баламалы реттеушілік әсерді талдаудың нәтижелері және оны мақұлдау туралы Комиссияның хаттамалық шешімі |
ҚР Кәсіпкерлік кодекінің 82, 83-баптары,ҚР Үкіметінің 06.10.2016 ж. № 569 қаулысымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларының 31, 43-тармағы,ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.11.2015 ж. № 748 бұйрығы |
pdf, jpeg, jpg | кәсіпкерлік субъектісіне қатысты реттегіш құралды және онымен байланысты талаптарды енгізу немесе реттеуді қатаңдатуды көздесе |
| 8. | Қоғамдық кеңестің ұсынымы |
«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 20-бабы,ҚР Үкіметінің 06.10.2016 ж. № 569 қаулысымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларының 34-тармағы |
pdf, jpeg, jpg | азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын болса |
| 9. | Ғылыми экологиялық сараптама және мемлекеттік экологиялық сараптама | ҚР Экологиялық кодексінің 7-тарауы,ҚР Үкіметінің 06.10.2016 ж. № 569 қаулысымен бекітілген Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу, олардың келісілу қағидаларының 35-тармағы | pdf, jpeg, jpg | экологиялық, оның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауіп төну немесе келеңсіз әсер етуге әкеп соғуы мүмкiн мәселелерге қатысты болса |
| 10. | Мемлекеттік органның бірінші басшысының міндетін жүктеу туралы актінің көшірмесі | ҚР Үкіметінің 06.10.2016 ж. № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 21-тармағы | pdf, jpeg, jpg | мемлекеттік органның басшысы болмаған жағдайда |
Ескертпе: Нормативтік құқықтық актінің жобасы өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен олардың құзыреттеріне қарай келісілуі мүмкін.