Ақжарма ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы
Ақжарма ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 6-тармақшасына сәйкес және 21-бабының 4-тармағының, 22-бабының негіздерінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақжарма ауылдық округі шекарасында Ақжарма ауылдық округі әкімін сайлау жөнінде сайлау округі құрылсын. 2. Құрылған сайлау округінің тізімі, шекарасы мен аудандық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп, Сырдария аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын. Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Б.Өтегенова Аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Е.Шайлан Тереңөзек кенті, 2022 жылғы 30 желтоқсан №АСК-141 Ақжарма ауылдық округінің әкімі сайлауын тағайындау туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 8-1 тармағына сәйкес және 113-1-бабының 1-тармағының 1) тармақшасының және 2-тармағының негізінде Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Ақжарма ауылдық округінің әкімі сайлауы 2023 жылғы 29 қаңтарға тағайындалсын. 2. Ақжарма ауылдық округінің әкімі сайлауын әзірлеу және өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 3. Осы қаулы Сырдария аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және жергілікті бұқаралық ақпарат құралында жариялансын. Аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Б.Өтегенова Аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Е.Шайлан Тереңөзек кенті, 2022 жылғы 30 желтоқсан №АСК-142
Дата публикации
30 декабря 2022