Аудан әкімі М.Ергешбаевтың төрағалығымен өткен алқа отырысының ХАТТАМАСЫ

Аудан әкімі М.Ергешбаевтың төрағалығымен өткен

аудан әкімідігі отырысының

ХАТТАМАСЫ

 

Тереңөзек кенті                                                                           2022 жылғы 08 желтоқсан

 

І. Ауданда жер қатынастары саласындағы атқарылған жұмыстар туралы;

(Ергешбаев, Шайхиев, Мейрамбекұлы)

 

  1. Аудан әкімінің аппарат басшысы (Р.Шайхиев,) жер қатынастары бөлімі (Б.Мейрамбекұлы) жер қатынастары жөніндегі комиссияның ережесіне өзгерістер енгізіп, қайта бекітсін (мерзімі:30.12.2022ж).

1.1. Жер қатынастары жөніндегі комиссиямен жер учаскелерін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және уақытша өтеусіз пайдалану шарттарының талаптарының орындалуын қатаң бақыласын, заңдылыққа сәйкес шектеулер енгізсін (мерзімі:30.12.2022ж);

1.2. Сот процестері жиі орын алатын жер дауларының себептерін анықтасын, нәтижесін баяндасын (мерзімі:30.12.2022ж);

1.3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, жер реформалары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде ақпараттандыру жұмыстарын кеңінен жүргізсін, тұрғындармен кері байланыс орнатсын (мерзімі-тұрақты);

1.4 Жыл көлемінде жоспарланған жер сауда-саттығының (конкурстар, аукциондар) нәтижесін баяндасын (мерзімі:15.12.2022ж);

1.5. Пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланып жатқан жер иелерін, заңсыз карьер қазу фактілерін анықтап, заңдылыққа сәйкес шешім қабылдасын (мерзімі-тұрақты);

1.6. Облыстық жер қатынастары басқармасымен байланыс орнатып, жер қатынастары реттеу саласының облыс бойынша көрсеткіштерін салыстырып, нәтижесін баяндасын (мерзімі: 22.12.2022ж);

  1. Аудандық жер қатынастары бөлімі (Б.Мейрамбекұлы), аудандық құрылыс, сәулет және қалақұрылыс бөлімі (А.Кушмурзаев), Тереңөзек кенті әкімінің аппараты (Е.Бахтияров) кент орталығында мемлекеттік құрылыс нормалары мен талаптарын сақтамай «қызыл сызықтың» үстіне заңсыз салынған құрылысты анықтап, заңдылыққа сәйкес жұмыстар жүргізсін (мерзімі-тұрақты);  
  2. Аудандық жер қатынастары бөлімі (Б.Мейрамбекұлы), кент және ауылдық округ әкімдері аудан аумағында заңсыз егілген есірткі алқаптарын анықтап, жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізсін (мерзімі-тұрақты);
  3. Аудандық жер қатынастары (Б.Мейрамбекұлы), және ауылшаруашылық (Н.Жұмабеков,) бөлімдері бірлесіп инженерлік тұрғыда әзірленген суармалы жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын кезектестірудің (ротациялаудың) схемасын сақтауды бақылап, заң бұзушылықтар орын алған жағдайда тиісті ақпараттарды құзырлы орындарға жолдасын (мерзімі-тұрақты);
  4. Аудан әкімі аппаратының басшысы (Р.Шайхиев), аудандық жер қатынастары бөлімі (Б.Мейрамбекұлы) ауданда жер қатынастарын реттеу саласында атқарылған жұмыстардың қорытындысымен аудан әкіміне баяндасын (мерзімі-тұрақты).

Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Р.Шайхиевке жүктелсін.

 

ІІ. Аудан тұрғындарын көмірмен қамтамасыз ету және

 көмір қоры жұмыстар туралы;

(Ергешбаев, Сарменбаев, Бисембаев)

 

  1. Аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Н.Бисембаев) облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына аудан тұрғындарының көмірмен қамтамасыз етілуі және көмір қоры туралы мәліметті уақытылы ұсынсын (мерзімі-тұрақты);

1.2. Ауданда көмір таситын жеке жүк көліктерді, теміржол арқылы келетін көмір отынының кент орталығына қашан келетінін анықтап, аудан әкіміне баяндасын (мерзімі 09.12.2022ж);

1.3. Облыс орталығында орналасқан көмір базаларын араласын, елді мекендерге көмір отынының кезектілікпен жеткізілуін ұйымдастырсын (мерзімі-тұрақты);

  1. Аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (Н.Бисембаев), кент және ауылдық округі әкімдері елді мекенде орналасқан барлық әлеуметтік нысанның жылу температурасын күнделікті бақылауға алсын (мерзімі-тұрақты);

2.1. көмір отынын қажет ететін тұрғындардың тізімін жасақтасын (мерзімі 09.12.2022ж);

  1. Аудан әкімінің орынбасары (Б.Сарменбаев) аудан тұрғындарын көмір отынымен қамтамасыз ету мақсатында нұсқаулық жасап, аудан әкіміне баяндасын (мерзімі 08.12.2022ж).

Осы хаттамалық тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б.Сарменбаевқа жүктелсін.

 

 

         Аудан әкімі                                                                      М. Ергешбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
09 декабря 2022