2021 жыл қорытындысымен жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесі

2021 жыл қорытындысымен жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижесі

 

2021 жылы "ЗОР РУХ" қайырымдылық қоры Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері орналастырған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізді.

Қоғамдық мониторинг қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына, қолжетімділігіне және рәсімдеріне қанағаттану деңгейін анықтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында жүргізілді.

Мониторинг жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін 23 мемлекеттік қызмет түрін қамтыды.

Жалпы, әлеуметтік сауалнамалардың қорытындылары қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануының жоғары деңгейін көрсетті – 4,90 балл, толық қанағаттанған респонденттердің үлесі - 81,3 %.

Алдыңғы бағаланатын кезеңмен салыстырғанда әкімдік қызметтеріне қанағаттану деңгейінің жақсаруы байқалады (2020 жылы – 4,64 балл).

 

Дата публикации
20 декабря 2022