Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 84-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 61, 63, 65, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, сондай-ақ «Қызылорда облысының білім басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 25 қарашадағы №06-01/4718 хаты және «Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 28 қарашадағы №05-1/932 ұсынысын қарап, Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде 300 орындық мектеп құрылысы жоспарлануына байланысты осы қаулының қосымшасында көрсетілген меншік иелерінен жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын. 2. Осы қаулының қосымшасында көрсетілген меншік иелерінен жер учаскелерін немесе өзге де жылжымайтын мүліктерді мәжбүрлеп иеліктен шығару осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану күнінен бастап үш айдан ерте емес мерзімде өткізілсін. 3. Жер учаскелерінің немесе өзге де жылжымайтын мүліктердің меншік иелері жүгінетін орын Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Аманкелді Иманов көшесі № 82 мекенжайда орналасқан «Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып белгіленсін. 4. «Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын. 5. «Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Сырдария аудандық жер қатынастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен және «Сырдария аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті шараларды қабылдасын. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Сырдария ауданы әкімінің жетекшілік ететін сала орынбасарына жүктелсін. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Сырдария ауданының әкімі М. Ергешбаев Сырдария ауданы әкімдігінің 2022 жылғы «___ »_________ № ____ қаулысына қосымша № Меншік иесінің аты-жөні Кадастрлық нөмірі Орналасқан жері Нысаналы мақсаты Көлемі, шаршы метр 1 Арихов Берікбол Жакебайұлы 10-153-002-1113 Абай Құнанбаев көшесі №13/3 тұрғын үйге қызмет көрсету және пайдалану үшін 600,0 2 Берлібекова Ақалма, Сейтжанов Қазыбек Советбекұлы 10-153-002-280 Абай Құнанбаев көшесі №23/6 тұрғын үйге қызмет көрсету үшін 180,0 3 Жакебаева Лаура Берікболқызы 10-153-002-1032 Абай Құнанбаев көшесі №17/6 тұрғын үйге қызмет көрсету және пайдалану үшін 300,0 4 Арихов Берікбол Жакебайұлы 10-153-002-1104 Абай Құнанбаев көшесі №23/2 тұрғын үйге қызмет көрсету және пайдалану үшін 400,0 5 Қуанышева Айгүл Дайрабайқызы 10-153-002-1071 Абай Құнанбаев көшесі №23/3 тұрғын үйге қызмет көрсету және пайдалану үшін 183,0 6 Ыдырысова Индира Асанқызы 10-153-002-1226 Абай Құнанбаев көшесі №23/1 тұрғын үйге қызмет көрсету үшін 187,0 7 Кәрібаева Жансая Кенжеғазықызы 10-153-002-913 Абай Құнанбаев көшесі №13/3 тұрғын үйге қызмет көрсету үшін 135,0 8 Алдабергенов Адилхан Пайзрахманович 10-153-002-1184 Абай Құнанбаев көшесі №23/5 тұрғын үйге қызмет көрсету және пайдалану үшін 193,72 9 Уйсимбаева Зәуре Маманқызы 10-153-002-939 Абай Құнанбаев көшесі №23/4 тұрғын үйге қызмет көрсету үшін 132,0 Барлығы: 2310,72
Дата публикации
30 ноября 2022