ЖОБА
Сырдария ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 26 тамыздағы № 183 «Сырдария ауданының аумағында стационарлық емес сауда
объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Сырдария ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы»;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
« 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Сырдария ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.»;
көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Сырдария ауданының әкімі |
|
М.Ергешбаев |
|
|
|
|