«Сырдария ауданы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 79 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

 

 

 «Сырдария ауданы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің
2018 жылғы 6 наурыздағы № 79 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

 

 

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Сырдария ауданы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» Сырдария ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 6 наурыздағы № 79 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6216 нөмірімен тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  2. «Сырдария ауданы әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттік – құқықтық жұмыстар бөлімі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

                Сырдария ауданының

                                 әкімі                                                                                                            М. Ергешбаев

Дата публикации
15 июня 2022