Учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің міндетін орындауын тоқтата тұру туралы

Учаскелік сайлау комиссиясы мүшесінің міндетін орындауын тоқтата тұру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 20-бабы 12-тармағының 4) бөлігіне сәйкес,                 №157 учаскелік сайлау комисссиясының мүшесі «Қазақстан Халық» партиясы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған кандидат Сарсенов Бакитжан Сактагановичті Тереңөзек кенті әкіміне кандидат ретінде тіркеу туралы»              2022 жылғы 09 ақпандағы хаттамасын негізге алып, Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімдігіне кандидат Сарсенов Бакитжан Сактаганович №157 сайлау учаскесінің учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі міндетін сайлау науқаны кезеңінде орындауын тоқтата тұрсын.
  2. Осы қаулы Сырдария аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсына орналастырылсын.

 

 

         Сырдария аудандық сайлау

        комиссиясының төрайымы                                         Б.Өтегенова

 

        Сырдария аудандық сайлау

        комиссиясының хатшысы                                          Е.Шайлан

          

 

Тереңөзек кенті,

2022 жылғы 10 ақпан

 №АСК-106

 

 

Дата публикации
11 февраля 2022