Комиссия құрамына уақытша тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 19-бабының 8-тармағына және 20-бабының 12-тармағының 4) бөлігіне сәйкес Сырдария аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
|
1. Тереңөзек кенті әкіміне кандидат Сарсенов Бакитжан Сактагановичтің өтінішінің негізінде аудандық сайлау комиссиясы сайлау науқаны кезеңінде, №157 учаскелік сайлау комиссия мүшесінің міндетін уақытша атқару Искакова Айсулу Айдарбековнаға жүктелсін. |
|
|
2. Осы қаулы №157 учаскелік сайлау комиссиясына жіберілсін. 3. Осы қаулы Сырдария ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылсын.
|
|
Аудандық сайлау
комиссиясының төрайымы Б.Өтегенова
Аудандық сайлау
комиссиясының хатшысы Е.Шайлан
Тереңөзек кенті,
2022 жылғы 10 ақпан
№АСК-107