«2021–2023 жылдарға арналған Шіркейлі ауылдық округінің бюджеті туралы» Сырдария аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №479 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«2021–2023 жылдарға арналған Шіркейлі ауылдық округінің

бюджеті туралы» Сырдария аудандық мәслихаттың 2020 жылғы

31 желтоқсандағы №479 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

         «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексiнің 109-1-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2021 – 2023 жылдарға арналған Шіркейлі ауылдық округінің бюджеті туралы» Сырдария аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №479 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 8065 нөмірімен тіркелген, 2021 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

         1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. 2021-2023 жылдарға арналған Шіркейлі ауылдық округінің бюджеті тиісінше 1 қосымшасы сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

         1) кірістер – 78764 мың теңге, оның ішінде:

         салықтық түсімдер – 1607 мың теңге;

         салықтық емес түсімдер – 27 мың теңге;

         трансферттер түсімі – 77130  мың теңге;

         2) шығындар – 79532,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0,

бюджеттік кредиттер – 0;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0,

қаржы активтерін сатып алу – 0;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -768,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 768,9 мың теңге;

қарыздар түсімі – 0;

қарыздарды өтеу – 2906,1 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3675 мың теңге.».

Аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Лауазымы

 

Аты-жөні

 

Дата публикации
27 августа 2021