«Қалжан Ахун ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті туралы» Сырдария аудандық мәслихаттың 2020 жылдың 31 желтоқсандағы №483 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Кодексiнің 75-бабының 2 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес, Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қалжан Ахун ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеті тиісінше 1, 2, 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер –53601 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 917 мың теңге;
салықтық емес түсімдер-50 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 52499 мың теңге;
2) шығындар – 53551 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0;
бюджеттік кредиттер – 0;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0;
қаржы активтерін сатып алу – 0;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 0;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 0;
қарыздар түсімі - 0;
қарыздарды өтеу - 0;
бюджет қаражаттарының пайдаланатын қалдықтары – 135 мың теңге.
|
Лауазымы |
|
Аты-жөні |