Жоба
Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Экология кодексі» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Кодексінің 340-бабының 6) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қоса беріліп отырған сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.
- «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2017 жылғы 8 желтоқсандағы № 149 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6068 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 21 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешiмiнiң күшi жойылды деп танылсын.
- Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Сырдария аудандық Сырдария аудандық мәслихатының ___ сессиясының мәслихатының
төрағасы хатшысы
________________________ _________ Е. Әжікенов