Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жоба

 

 

Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу

және жинақталу нормаларын бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасының Экология кодексі» Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы Кодексінің 365-бабының                        3-тармағының 2) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Сырдария аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуына арналған нормалар қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
  2. «Сырдария ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихаттың 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №258 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6577 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 08 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. 3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

 

         Сырдария аудандық                                          Сырдария аудандық                              мәслихатының ___ сессиясының                                    мәслихатының                  

                 төрағасы                                                                   хатшысы

 

     ________________________                                       _________  Е. Әжікенов

        

 

Дата публикации
25 августа 2021