Сырдария ауданында коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 10-3 бабы 2 тармағының 16) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Сырдария ауданына коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. «Сырдария ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Сырдария ауданы әкімдігі интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сырдария ауданы әкімінің орынбасары Ғ. Еркебайға жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі М.Ергешбаев