Лого проект

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Инфографикалар


                                     Жаңару үшін дауыс бер!

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын

сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

Құрылтай депутаттары бес жыл мерзімге сайланады.

Құрылтайдың құрамына Сайлау туралы Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер бойынша сайланатын 145 депутат кіреді.

Сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы өткізіледі.

Жиырма бес жасқа толған және елдің аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы депутат бола алады.

Партиялық тізімде әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың жиынтық үлесі оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде 30 пайызын құрауға тиіс.

Партиялық тізімде адамдарды орналастыру тәртібін саяси партиялар дербес айқындайды.

Жаңару үшін дауыс бер!

Қазақстан Республикасының

Орталық сайлау комиссиясы

 


Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.

Сайлаушылардың тізімдерін тұрғылықты жері бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган жасайды.

Сайлаушылар тізімдеріне дауыс беру күніне он сегiз жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие және тұрғылықты жері бойынша тиісті сайлау учаскелерінің аумағында тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары енгізіледі.

Уақытша тіркелген азаматтар сайлаушылар тізімдеріне жергілікті атқарушы органға берген олардың өтініші негізінде дауыс беру күніне дейін отыз күннен кешіктірмей немесе 2026 жылғы 23 шілдеге дейін енгізіледі.

Әкімдік азаматты дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізуді және оны тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды ұйымдастырады.

Азамат тек бір ғана сайлаушылар тізіміне енгізіле алады.

2026 жылғы 7 тамыздан бастап сайлаушыларға тиісті әкімдіктің интернет-ресурсы немесе байланыс орталығы арқылы нақты сайлау учаскесіндегі сайлаушылар тізімінде өзі туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі.

Сайлаушыларға қолайлы болуы үшін электрондық сервистер арқылы сайлау учаскесі туралы хабарландыру ұйымдастырылады.

Жаңару үшін дауыс бер!

Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы


Дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?


ҚЫЗЫЛОРДА ӨҢІРІНДЕ 386 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ


Дауыс беру құқығына арналған есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

 


ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА 9 ЖАҢА УЧАСКЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙДЫ

Құрылтай сайлауында Қызылорда өңірінде жаңадан 9 учаске жұмысын бастайды. Оның 7-і Қызылорда қаласында, 1-і Қазалы ауданында, 1-і Шиелі ауданында ашылады.
Аймақ бойынша барлығы 386 учаске құрылады. Мұнда 2720 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі қызмет атқарады.
Құрылтай сайлауын ұйымдастырудың Күнтізбелік жоспарына сәйкес, 2 тамыздан бастап учаскелер өз жұмысын бастайды.
Аймақта 500 мыңнан аса сайлаушы дауыс беруге құқылы. Қазіргі таңда сайлаушылар тізімі өзектендірілуде.
7 тамыздан бастап азаматтар өз учаскесінен есептен шығару куәліктерін ала алады. Есептен шығару куәлігі сайлаушыға бір рет ғана беріледі.


 

 
Сайлау учаскелерінен тыс жерде қалай дауыс беруге болады?
 



 
145 мандатқа 545 кандидат: ОСК партиялық тізімдерді тіркеу қорытындысын шығарды
 
 

 
ОСК-да жеребе тарту өтті: саяси партиялардың бюллетеньде орналасу реті анықталды 
 
 

Құрылтай сайлауында шетелде қалай дауыс беруге болады?

Құрылтай сайлауында шетелде қалай дауыс беруге болады?
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді. Шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар тізімдеріне тиісті шет мемлекетте тұратын немесе ұзақ мерзімді шетелдік іссапарда жүрген және Қазақстан Республикасының жарамды паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі. Шет мемлекеттерге жеке шақыру бойынша, қызметтік, іскерлік және туристік сапарға келген Қазақстан Республикасының азаматтары учаскелік сайлау комиссиясына жүгінген жағдайда және оларда Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болған кезде сайлаушылар тізімдеріне енгізіледі.Егер тізімге енгізілген сайлаушылардың бәрі дауыс беріп болса, дауыс беру кез келген уақытта аяқталды деп жариялануы мүмкін.
Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы сайлау учаскелерінің тізімі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурстарында қолжетімді.
Жаңару үшін дауыс бер!
 
Қазақстан Республикасының
Орталық сайлау комиссиясы

 


ҚЫЗЫЛОРДАДА САЙЛАУШЫЛАР ОНЛАЙН ПЛАТФОРМА КӨМЕГІМЕН ӨЗ УЧАСКЕСІН ОҢАЙ ТАБА АЛАДЫ


23 тамыз күнгі Құрылтай сайлауы кезінде Қызылорда өңіріндегі дауыс беруші азаматтар өз учаскесін онлайн платформалар арқылы оңай таба алады. Ол үшін Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы жергілікті әкімдікпен бірлесіп «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» атты сервисті іске қосты.
Онлайн платформа 3 бағытта жұмыс жасайды. Алғашқысы – saylau.orda.gov.kz сайты. Мұнда сайлаушылар өзіңді табу жолағына ЖСН
енгізе отырып, тіркелген жері бойынша дауыс беру учаскесін таба алады.
Сайт автоматты түрде сайлау учаскесінің нөмірін, оның мекен-жайын, байланыс телефонын және комиссия құрамын көрсетеді.

Сервисте 109 бірыңғай байланыс орталығына сұрақтар қою және қоңыраулар географиясын көруге мүмкіндік бар.
Аталған платформа телеграм-ботында да қолжетімді. Тұрғындар бұл сервистерді Smart Qyzylorda мобильді қосымшасын жүктеп алу арқылы да ала алады.


Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары қалай дауыс бере алады?


Құрылтай сайлауына халықаралық байқаушылар жоғары қызығушылық танытуда
ОСК Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға қатысатын тағы 155 халықаралық байқаушыны аккредиттеді. Осылайша бүгінгі таңда ОСК шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан 251 халықаралық байқаушыны аккредиттеді.

ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған дауыс беру бюллетенін таныстырды.

 


2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру үшін Қазақстан Республикасының азаматтары өз сайлау учаскесін алдын-ала біле алады.
GOV.KZ платформасында өз сайлау учаскесінің нөмірі мен орналасқан мекенжайын білуге мүмкіндік беретін онлайн-сервис іске қосылды.
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін бір мезетте үш сервис әзірленді. Көрсетілген гиперсілтемелердің кез-келгеніне өту арқылы сайлаушы өзінің өңірін таңдап, ЖСН енгізіп, сайлау учаскесінің нөмірін, сондай-ақ оның мекенжайын біле алады.
Сонымен қатар, өзінің сайлау учаскесін іздеуге арналған онлайн-сервис eGov Mobile қосымшасының «Танымал қызметтер» бөлімінде де қолжетімді.
 

Өз сайлау учаскеңізді қалай табуға болады?


Сайлаушылар тізімдерінде өзіңіз туралы деректерді қалай тексеруге болады?


ЕГЕР САЙЛАУ КҮНІ БАСҚА ЕЛДІ МЕКЕНДЕ БОЛСАҢЫЗ, ҚАЛАЙ ДАУЫС БЕРУГЕ БОЛАДЫ?

ОСК хабарлайды: Саяси партиялардың төрағалары қорытынды телепікірсайыстарға қатысады


Ортсайлауком 405 халықаралық байқаушыны қосымша аккредиттеді

2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған ҚР Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру тәртібі
 

Өзекті сұрақтарға түсінікті жауаптар: ОСК сайтында «SAILAU AI» ЖИ-көмекшісі қолжетімді
 
«Үйден дауыс беруге қалай болады?», «Есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?», «Егер сайлаушылар тізімінде болмасаңыз, не істеу керек?» деген және басқа да сұрақтарға Орталық сайлау комиссиясының ресми сайтында қолжетімді Sailau AI ЖИ-көмекшінің көмегімен оңай жауап алуға болады.

ИИ-көмекші мемлекеттік және орыс тілдерінде тәулік бойы, аптасына 7 күн ақпарат ұсынады.
Ол AlemLLM тілдік моделі негізінде әзірленген.

ИИ-көмекші Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық заңдары және өзге де нормативтік құқықтық актілер негізінде сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ақпаратты іздеуге және ұсынуға арналған.

Sailau AI көмекшісін Telegram мессенджерінен де табуға болады.
Ұсынылатын жауаптардың сапасы мен дәлдігін арттыру мақсатында қазіргі уақытта ассистентті кезең-кезеңімен қосымша жетілдіру жұмыстары қатар жүргізілуде.
 
Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК мүшесі Азамат Айманакумов дауыс берудің қалай ұйымдастырылатыны туралы айтып берді.

Дауыс беру еліміз бойынша 10 423 сайлау учаскесінде өтеді. Оның ішінде Қазақстан Республикасының 61 шет мемлекеттегі өкілдіктері жанында 79 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Дауыс беру таңғы сағат 7:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жүргізіледі. Сонымен қатар кейбір учаскелерде, мысалы, әскери бөлімдерде, үздіксіз жұмыс істейтін өндіріс орындарында, вахталық кенттерде, демалыс үйлерінде, санаторийлер мен ауруханаларда және тағы басқа жерлерде учаскелік комиссия тізімге енгізілген азаматтардың барлығы дауыс беріп болған жағдайда, дауыс беруді кез келген уақытта аяқталды деп жариялай алады.
Дауыс беруге арналған үй-жайда болатын адамдар учаскелік сайлау комиссиясы белгілеген қағидаларды қатаң сақтауға міндетті. Тиісті учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы дауыс беруге арналған үй-жайда бір мезгілде болатын азаматтардың санын реттейді, тәртіпке жауапты болады. 


Брайль қарпін пайдалана отырып, дауыс беруге арналған бюллетеньді өз бетінше толтыруға арналған трафарет (ҚР ОСК жанындағы Мүгедектігі бар адамдардың сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобымен келісілген)

Жоғары халықаралық қызығушылық
ОСК байқаушыларды аккредиттеуді қорытындылады

 
 
Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы