Лого проект

Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Үкіметтік емес ұйымдар

2026 жылдың  III тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар

 Қоғамдық даму бөлімі бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2026 жылға  жергілікті бюджеттен үкіметтік емес ұйымдардың  8 әлеуметтік жобаға 29 490,0 мың теңге бөлінді.    

 Қазіргі таңда әр жоба бойынша техникалық ерекшелікке байланысты  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, жеңімпаз үкіметтік емес ұйымдары бөліммен  келісім шартқа отырып, техникалық ерекшелікке сәйкес өз шараларын ұйымдастырып келеді.  

  1. «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру қызметі» әлеуметтік жобасы бойынша 2026 жылға «Сырдария-Нұрдария қоғамдық қоры 2880,0 мың теңгемен жеңімпаз болып атанып, қазіргі таңда техникалық ерекшелікке сәйкес шараларын ұйымдастырып жұмыс жасап отыр.  2026 жылдың 15 сәуірі күні сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бойынша 1 акция, 22 мамыр күні 1 дебат сайысы ұйымдастырылды. Осы айда сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы 2 видео ролик облыстық телеарналарда трансляциялануы жоспарлануда.               

Сонымен қатар, облыстық трансферт арқылы бөлінген қаржы арқылы    «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» қызметі бойынша  2026 жылға жеңімпаз болған үкіметтік емес ұйымы «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры 13 787 659,80 мың теңгемен жеңімпаз болып атанып, қазіргі таңда техникалық ерекшелікке сәйкес шараларын ұйымдастырып келеді.

  1. Сырдария ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру қызметі бойынша 2026 жылға «Иман-2013» қоғамдық қоры 2 700,0 мың теңгемен жеңімпаз болып атанып, қазіргі таңда келісім шарт  жасалып техникалық ерекшелікке сәйкес шараларын бастайды.

  2. Отбасы неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында ұйымдастыру қызметі бойынша 2026 жылға «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігі 1 440,0 мың теңгемен жеңімпаз болып техникалық ерекшелікке сәйкес іс-шараларын бастайды.

  3. Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығын ұстап тұруды ұйымдастыру шаралары қызметі бойынша қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталына жарияланды, жеңімпаз алдағы уақытта белгілі болады. Қалған 3 әлеуметтік жобалар мемлекеттік сатып алу порталына алдағы шілде айында жариялануы жоспарлануда.


2026 жылдың  II тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар

Қоғамдық даму бөлімі бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2026 жылға жергілікті бюджеттен үкіметтік емес ұйымдардың 8 әлеуметтік жобаға 29 490,0 мың теңге бөлінді.
Қазіргі таңда әр жоба бойынша техникалық ерекшелікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, жеңімпаз үкіметтік емес ұйымдары бөліммен келісім шартқа отырып, техникалық ерекшелікке сәйкес өз шараларын ұйымдастырып келеді.
1. «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру қызметі» әлеуметтік жобасы бойынша 2026 жылға «Сырдария-Нұрдария қоғамдық қоры 2880,0 мың теңгемен жеңімпаз болып атанып, қазіргі таңда техникалық ерекшелікке сәйкес шараларын ұйымдастырып жұмыс жасап отыр. 2026 жылдың 15 сәуірі күні сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру бойынша 1 акция, 22 мамыр күні 1 дебат сайысы ұйымдастырылды. Осы айда сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы 2 видео ролик облыстық телеарналарда трансляциялануы жоспарлануда.
Сонымен қатар, облыстық трансферт арқылы бөлінген қаржы арқылы «Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» қызметі бойынша 2026 жылға жеңімпаз болған үкіметтік емес ұйымы «Асыл Мұра-Орда» қоғамдық қоры 13 787 659,80 мың теңгемен жеңімпаз болып атанып, қазіргі таңда техникалық ерекшелікке сәйкес шараларын ұйымдастырып келеді.
2. Сырдария ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру қызметі бойынша 2026 жылға «Иман-2013» қоғамдық қоры 2 700,0 мың теңгемен жеңімпаз болып атанып, қазіргі таңда келісім шарт жасалып техникалық ерекшелікке сәйкес шараларын бастайды.
3. Отбасы неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында ұйымдастыру қызметі бойынша 2026 жылға «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігі 1 440,0 мың теңгемен жеңімпаз болып техникалық ерекшелікке сәйкес іс-шараларын бастайды.
4. Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығын ұстап тұруды ұйымдастыру шаралары қызметі бойынша қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу порталына жарияланды, жеңімпаз алдағы уақытта белгілі болады. Қалған 3 әлеуметтік жобалар мемлекеттік сатып алу порталына алдағы шілде айында жариялануы жоспарлануда.


2026 жылдың  I тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар

Үкіметтік емес ұйымдар

Сырдария ауданы бойынша қазіргі таңда Қызылорда облыстық Әділет департаментінің мәліметі бойынша 42 ҮЕҰ тіркелген. Оның ішінде: 17 қоғамдық бірлестік, 16 қоғамдық қор, 9 филиалдар.

Бүгінгі күні дерекқорлар базасына тіркеу, қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес тиісті зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Зерделеу барысында «Сырдария аула клубтары» қоғамдық қоры қызметін тоқтату бойынша жұмыстар жүргізілді. Аталған қор толығымен қызметін тоқтатты. Жұмыстар жалғасуда.


2025 жылдың  IV тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар

Аудан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2025 жылға  жергілікті бюджеттен үкіметтік емес ұйымдардың 12 әлеуметтік жобаға 40980,0 мың теңге бөлінді.   

Атап айтқанда қоғамдық даму бөлімі  арқылы 8 жобаға 16,330 мың теңге, аудандық спорт және туризм  бөлімі арқылы 1 жобаға 16,2 млн теңге, және аудандық жұмыспен қамту, және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімі арқылы 3 жобаға  8,450 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда әр жоба бойынша техникалық ерекшелікке байланысты  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, жеңімпаз үкіметтік емес ұйымдары бөлімдермен  келісім шартқа отырып, техникалық ерекшелікке сәйкес өз шараларын ұйымдастырып келеді.  

  1. «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру қызметі» әлеуметтік жобасы бойынша 2025 жылға «Сырдария-Нұрдария  қоғамдық қоры 2880,0 мың теңгемен жеңімпаз болып атанып, қазіргі таңда техникалық ерекшелікке сәйкес шараларын ұйымдастырып келеді. 2025 жылдың 11 сәуірі күні 1 акция, 25 сәуірі күні   1 дөңгелек үстел, 23 мамыр күні  1 акция, 18 маусым күні 1 сурет байқауы, 29 қазан күні 1 байқау, 19 қараша күні форум шаралары өткізілді.  

  2. «Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығын ұстап тұруды ұйымдастыру шаралары» әлеуметтік жобасы бойынша 2025 жылға « Сырдария аудандық Мирас» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігі 644 000 мың теңгемен жеңімпаз болып атанып, қазіргі таңда техникалық ерекшелікке сәйкес жұмыстарын аяқтады.

  3. « Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жоба бойынша 2025 жылға « Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігі 1 440,0 мың теңгемен жеңімпаз болып атанып, техникалық ерекшелікке сәйкес барлық шараларын аяқтады. Атап айтқанда 3 кездесу, 1 акция, 1 қайырымдылық шарасы, 1 сайыс, 1 форум, 1 дөңгелек стол өткізілді.  

          4.«Қоғамдық бірлік пен тұрақтылықты қалыптастыру, этносаралық қатынастарды дамыту» әлеуметтік жобасы бойынша 2025 жылға «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігі 1 530,0 мың теңгемен жеңімпаз болып атанып, техникалық ерекшелікке сәйкес барлық шараларын аяқтады. Атап айтқанда: 1 қайырымдылық шарасы, 1 дөңгелек стол, 1 семинар треннинг, 1 кездесу, 1 сайыс, 2 байқау, 1 эссе, 1 форум өткізілді.  

  1. «Сырдария ауданы көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу қызметтерін ұйымдастыру» жобасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру/өткізу жөніндегі қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алу порталына 2025 жылдың 31 қаңтар күні жарияланып, нәтижесінде «Сырдария аудандық «Мирас» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып анықталды. Жоспарланған қаржы 2 800 000 теңге, келісім-шарт соммасы 2 520 000 теңгені құрап отыр. Бүгінгі танда қаржысы толық игерілеген.

Техникалық ерекшелікке сәйкес үстіміздегі жылдың 22-23 сәуір айында аудан тұрғындары арасында кеңінен танымал қазақтың ұлттық дәстүрлі "Асық ату" ерлер арасында және әйелдер арасында "Бес асық" ойындары өткізілді. Сайысқа қатысушылар арнайы дипломдармен, кубоктармен және қаржылай сыйақылармен марапатталды.

Мамыр айының 21-22 күндері РАТТ мүшесі, журналист, этнограф Алдашбаев Сәкен Мінуарұлының қатысуымен аудандағы түрлі контингенттерді қамти отырып, аудан тұрғындарымен «Ұлттық құндылықтар негізі» тақырыбында 7 кездесу өткізілді. Атап айтқанда, кездесулер Сырдария ауданына қарасты С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов ауылдық округтерінің тұрғындарымен, аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен, спорт, мәдениет пен денсаулық саласының қызметкерлерімен және пробация есебінде тұрған азаматтармен өткізілді.

2025 жылдың маусым айында "Бала тәрбиесіндегі салт-дәстүрдің маңызы" және «Тарихи құндылықтар» тақырыбында 2 бейнеролик түсіріліп, ҚР МАМ Дін істері комитетінің «Контр» ақпараттық жүйесінде сараптамадан өткізіліп, әлеуметтік желілерде ақпараттандырылды.

Үсітіміздегі жылдың 08 тамыз күні аудан көлемінде ресми тіркелген діни бірлестіктерге келушілердің қатысуымен халық арасында кеңінен танымал спорттың 4 түрінен, атап айтқанда гір көтеру, арқан тарту, қазақ күресі, мен қол күресінен «Салауатты ұлт-мықты мемлекет!» атты аудандық спартакиада өткізілді.

06-07 қазан күндері РАТТ мүшесі, дін мәселелерін зерттеу орталығын дінтанушы маманы Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлының қатысуымен ауданда діни экстремизм мен терроризмді алдын алу шаралы бойынша  7 кездесулер өткізілді. Атап айтқанда, кездесулер, аудандық пробация есебінде тұрған азаматтар, аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы, спорт саласының жаттықтырушылары, деңсаулық сақтау саласының қызметкерлері, Шаған, Шіркейлі, Қоғалыкөл ауылдық округ тұрғындары арасында өтті

Үстіміздегі жылдың 27 қараша күні қазақтың ұлттық киім үлгілерін (шапан, ішік, бөрік, кимешек, сәукеле және т.с.с) насихаттау  мақсатында, «Ұлттық киім – халық қазынасы» атты аудан тұрғындары арасында ұлттық киімдер байқауы ұйымдастырлды, 20 нұсқадағы 100 ақпараттық постерлер шығарылды.

Сонымен қатар, облыстық трансферт арқылы бөлінген қаржы арқылы    

6.«Облыс тұрғындары арасында дін қызметкерлерінің қатысуымен діни-ағартушылық жұмыстарын жүргізу» жобасына мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде мемлекеттік сатып алу порталына 2025 жылдың 30 қаңтар күні жарияланып, нәтижесінде «Асыл-мұра Орда» қоғамдық қоры жеңімпаз болып анықталды. Жоспарланған қаржы көлемі 16 272 000 теңге, келісім-шарт соммасы 14 644 800 теңгені құрап отыр.

Ғибадат үйіне келушілер арасында діни-ағартушылық жұмыстар жүргізу және мемлекеттің дін саласындағы саясатын түсіндіру бағытында Сырдария ауданына қарасты елді-мекендері бойынша 15 дін қызметкері түрлі тақырыптарда шаралар жүргізуде (тақырыптар қазақстандық патриотизм, отбасы құндылықтары, жемқорлықтың үкімі, дін саласындағы мемлекеттік саясат және т.б.). Әр дін қызметкерімен келісім шарт жасасып, ай сайынғы жасаған жұмысы үшін төленетін дәрісақысы 85 мың теңге көлемін құрайды. Наурыз айынан бастап, желтоқсан айына дейін 288 іс-шара өткізілді (шараға 3000-нан  аса қатысушы қатыстырылды).

Ағымдағы жылдың сәуір айында РАТТ мүшесінен 1 теолог маман шақыртылып, 7 кездесу өткізілді. РАТТ мүшесі, теолог, исламтанушы-ғалым, «Нұр-Мүбарак» университетінің ғылыми қызметкері Ризабек Батталұлының қатысуымен кент тұрғындарымен, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен, аудандық «Мұсылмандар» мешітнде ауданның дін қызметкерлерімен, мешіт жамағатымен, Шіркейлі, Шаған, Нағи Ілиясов ауылының тұрғындарымен кездесулер өткізілді,

Шақыртылған маманның қатысуымен бейне түсірілім түсіріліп, ҚР МАМ Дін істері комитетінің «Контр» ақпараттық жүйесінде сараптамадан өткізіліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.

2025 жылдың қыркүйек айында РАНТ мүшесі, Жамбыл облыстық орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бірінші наиб имамы, ұстаз Нұралы Бақытұлының қатысуымен 7 кездесулер өткізілді. Шаралар ауданымыздың мемлекеттік қызметшілері, мәдениет, спорт саласы қызметкерлері, пробация есебінде тұрған азаматтар, төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы, Шаған және Ақжарма ауылдарының мешіт жамағаттары арасында өткізілді.

Шақыртылған маманның қатысуымен бейне түсірілім түсіріліп, ҚР МАМ Дін істері комитетінің «Контр» ақпараттық жүйесінде сараптамадан өткізіліп, әлеуметтік желілерде жарияланды.  


2025 жылдың  III тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар

Қоғамдық даму бөлімі  арқылы 8 жобаға 12,0  мың теңге бөлінді.  Қазіргі таңда әр жоба бойынша техникалық ерекшелікке байланысты  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, жеңімпаз үкіметтік емес ұйымдары бөлімдермен  келісім шартқа отырып, техникалық ерекшелікке сәйкес өз шараларын ұйымдастырып келеді.  

Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру қызметі» әлеуметтік жобасы бойынша 2025 жылға  «Сырдария-Нұрдария  қоғамдық қоры 2880,0 мың теңгемен жеңімпаз болып атанып, қазіргі таңда техникалық ерекшелікке сәйкес шараларын ұйымдастырып келеді. 1 акция, 1 дөңгелек үстел,   1 акция, 1 сурет байқауы шаралары өткізілді.     

Сырдария ауданы бойынша діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу қызметтерді жүзеге асыру  бағытында жыл сайын жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылып келеді. Ағымдағы жылы «Сырдария ауданы көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу қызметтерін ұйымдастыру» жобасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде іс-шараларды ұйымдастыру/өткізу жөніндегі қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алу порталына 2025 жылдың 31 қаңтар күні жарияланып, нәтижесінде «Сырдария аудандық «Мирас» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі жеңімпаз болып анықталды. Жоспарланған қаржы 2 800 000 теңге, келісім-шарт соммасы 2 520 000 теңгені құрап отыр. Техникалық ерекшелікке сәйкес үстіміздегі жылдың 22-23 сәуір айында 7 кездесу өткізілді.  Үстіміздегі жылдың 8 - тамызы күні аудан көлемінде 1 спартакиада өткізілді.

   «Қоғамдық бірлік пен тұрақтылықты қалыптастыру, этносаралық қатынастарды дамыту қызметі» әлеуметтік жобасы бойынша 2025 жылға «Сырдария ауданының әйелдері қоғамдық бірлестігі» 1530,0  мың теңгемен   жеңімпаз болып атанып, қазіргі таңда техникалық ерекшелікке сәйкес шараларын ұйымдастырып келеді.

 «Отбасы неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында ұйымдастыру қызметі» әлеуметтік жобасы бойынша 2025 жылға «Сырдария ауданының әйелдері қоғамдық бірлестігі» 1440,0 мың теңгемен жеңімпаз болып атанып, қазіргі таңда техникалық ерекшелікке сәйкес шараларын ұйымдастырып келеді.

«Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығын ұстап тұруды ұйымдастыру шаралары» әлеуметтік жобасы бойынша 2025 жылға « Мирас жастары қоғамдық бірлестігі» 644000 мың теңгемен жеңімпаз болып атанып, қазіргі таңда техникалық ерекшелікке сәйкес шараларын ұйымдастырып келеді.

Сырдария ауданы бойынша дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелік іс-шараларды ұйымдастыру қызметі  әлеуметтік жобасы бойынша « Мирас жастары қоғамдық бірлестігі» 2520,0 мың теңгемен жеңімпаз болып атанып, қазіргі таңда техникалық ерекшелікке сәйкес шараларын ұйымдастырып келеді.

« Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық шаралар ұйымдастыру қызметі» «Алғыр ой комерциялық емес жеке қоры» 1350,0 мың теңгемен жеңімпаз болып, қазіргі таңда техникалық ерекшелікке сәйкес шараларын өткізуде, және  «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру қызметі» « Мирас жастары қоғамдық бірлестігі» 3162,0 мың теңгемен жеңімпаз болып атанып, қазіргі таңда техникалық ерекшелікке сәйкес шараларын ұйымдастырып келеді.


2025 жылдың  II тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар

Аудан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2025 жылға жергілікті бюджеттен 12 әлеуметтік жобаға  - 40980,0 мың теңге бөлінді.  

         Атап айтқанда, аудандық қоғамдық даму бөлімі  арқылы 8 жобаға - 16,330 мың теңге, аудандық спорт және туризм бөлімі арқылы 1 жобаға - 16,2 млн теңге, және аудандық жұмыспен қамту, және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 3 жобаға - 8,450 мың теңге бөлінді.

         Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, жеңімпаз анықталды. Үкіметтік емес ұйымдармен келісім шартқа жасалып, техникалық ерекшелікке сәйкес шаралар ұйымдастырылуда. 

         «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру қызметі» әлеуметтік жобасы бойынша «Сырдария-Нұрдария»  қоғамдық қоры жеңімпаз атанаып,  2 акция, 1 дөңгелек үстел, 1 сурет байқауын ұйымдастырды.

         «Сырдария аудандық «Мирас» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі «Сырдария ауданы көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу қызметтерін ұйымдастыру» жобасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру шеңберінде техникалық ерекшелікке сәйкес  үстіміздегі жылдың 22-23 сәуір айында аудан тұрғындары арасында кеңінен танымал қазақтың ұлттық дәстүрлі "Асық ату" және "Бес асық" ойындарын өткізді. 2025 жылдың мамыр айының 21-22 күндері РАТТ мүшесі, журналист, этнограф Алдашбаев Сәкен Мінуарұлының қатысуымен қатысуымен аудандағы түрлі контингенттерді қамти отырып, аудан тұрғындарымен 7 кездесу өткізді.


2025 жылдың  I тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар

Аудан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2025 жылға жергілікті бюджеттен үкіметтік емес ұйымдардың 12 әлеуметтік жобаға 40980,0 мың теңге бөлінді.
Атап айтқанда қоғамдық даму бөлімі арқылы 8 жобаға 16,330 мың теңге, аудандық спорт және туризм бөлімі арқылы 1 жобаға 16,2 млн теңге, және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 3 жобаға 8,450 мың теңге бөлінді. Қазіргі таңда әр жоба бойынша техникалық ерекшелікке байланысты тиісті жұмыстары жүріп жатыр, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде мемлекеттік сатып алу порталына жарияланып, жеңімпаз үкіметтік емес ұйымдары алдағы уақытта бөліммен келісім шартқа отырып, техникалық ерекшелікке сәйкес өз шараларын ұйымдастыратын болады.


2024 жылдың  IV тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар

«Сырдария- Нұрдария» қоғамдық қоры аудандық ішкі саясат бөлімінің «Қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру» әлеуметтік жобасының жеңімпазы болды.
Атқарылған жұмыстар:
1.18 – маусым Тереңөзекте халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының алдында «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының жұмыс жоспарына сәйкес Сырдария аудандық қоғамдық келісім бөлімінің жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бойынша акция өткізілді. Акцияға облыстық мәслихат депутаты ЕмбергеновЖұмабек, аудандықжергілікті полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі СейілханКеукенов, заңгер Қалдыгүл Назарова, адвокат Ғабит Сақтағанов және қор төрағасы Марат Омаров қатысып кәсіби кеңес берді. «Ашықесіккүніне» аудантұрғындары мен жастар қатысып, өз сұрақтарына жауап алды. Қатысушыларға ақпараттық үлестірме әдістемелік нұсқаулық таратылды.
2.21 – маусым күні «Жалын» тынығу лагерінде Сырдария - Нұрдария қоғамдық қорының ұйымдастырумен аудандық қоғамдық келісім бөлімі жобасы аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру мақсатында балалар арасында «Сурет байқауы» өтті.
Демалыстағы төрт топқа бөлінген 120 баланың ішінен өнерлі 12 бала таңдалып байқауға қатысты.
Байқауға төрелік жасаған аудандық мәслихат депутаты Ақтөре Ибрагимұлы және лагерь директоры Рахымжанұлы Әділбек, қор төрағасы Марат Омаровтар жарыс жеңімпаздарын Диплом, Алғыс хаттар және естелік сыйлықтармен марапаттады.
1 ші орын Қожабаева Асылзат.
2 ші орын Жақсылық Анар
3 ші орын Бекбергенқызы Аяулым жеңімпаз атанды
3. 26- маусым күні Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру мақсатында мектеп оқушылары арасында эссе байқауы өтіп, қорытындыланды. Достық үйінде өткен іс-шараға аудан ардагерлері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, эссе байқауына қатысушы талапкерлер мен олардың ұстаздары қатысты.
Эссе байқауының өткізілетіні алдын ала аудандық газетте және әлеуметтік желілерде жарияланған болатын. «Ел жастары жемқорлыққа қарсы» тақырыбында ұйымдастырылған байқауға аудан мектептерінен 12 талапкер қатысып, өз туындыларын ұсынды. Оқушылар ережеге сәйкес 300 сөзден аспайтын эссе жазып, «Facebook» әлеуметтік желісінде «Бәріне қолжетімді» айдарын таңдау арқылы «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының парақшасын белгілеп жариялаған. Комиссия қарауына ұсынылған шығармаларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру мен қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері қамтылған.
Марапаттау іс-шарасында «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы Марат Омаров жемқорлықтың ел дамуына кері әсер ететінін тұрғындар санасына сіңіру ортақ міндет екенін айтып, байқаудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру, оның зиянын насихаттау мақсатында өткізілгенін жеткізді. Сондай-ақ байқауға қатысушылардың белсенділігін жоғары бағалап, тәуелсіз сарапшылардан, қоғамдық ұйым өкілдері мен ауданға белгілі басқа да азаматтардан құралған комиссияның шешімімен жеңімпаздар анықталғанын айтты. Эсселердің ережеге сәйкес 300 сөзден аспауы қаперге алынды және көшірілмегені арнайы бағдарлама арқылы тексерілді.
Байқау қорытындысында жүлделі І орынмен №35 И.Тоқтыбаев мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Нұрсезім Өтепберген марапатталса, ІІ орынға №126 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Гүлімай Ақназар лайықты деп танылды. Ал ІІІ орын №35 И.Тоқтыбаев мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Әнел Серікке берілді. Ынталандыру сыйлығымен №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінің оқушысы Гүлім Қылышбек пен №147 орта мектебінің оқушысы Жансая Толқынқызы марапатталды. Жеңімпаздарғақаржылайжәнеестеліксыйлықтарберілді.

4. 26 маусым аудандық «Достық үйінде» Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі жобасы аясында «Алаяқтықтан сақ болайық!» атты кент тұрғындарының банк және құқық қорғау мекемелерінің мамандарымен кездесуі өтті.
Шара барысында Қазақстан Халық Банкі Сырдария аудандық филиалынының басқарма бастығы А. Палымбетов, аудандық полицияның криминалды бөлімінің жедел өкілі полиция капитаны Д. Алиев қатысып, алаяқтықтың алдын алу және оған тосқауыл қою жолдарын мысалдармен келтіріп бөлісті.
Кездесуге келген тұрғындар арасында мәселе қызу талқыға түсті.

5. 7-тамыз аудандық аурухананың жиналыс залында Сырдария Нұрдария қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудандық қоғамдық даму бөлімінің жобасы аясында Сыбайлас жемқорлыққа, алаяқтыққа, құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мақсатында аудандық аурухана ұжымында «Ашық есік күні» акциясы болып өтті. Аурухана ұжымы алдында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аурухана бас дәрігері Үсенов Жалғасбек Тұрлыбекұлы, Аудан прокуратурасының прокуроры Нурдаулет Әділбекұлы Нұрғалиев, Қазақстан Халық Банк Сырдария аудандық филиалы басқарма басшысы Асылбек Әуезұлы Палымбетов, Сырдария АПб нің аға жедел өкілі полиция майоры Еспаев Әлімжан Бауржанұлдары қатысып хабарлама жасады. Алаяқтықтан сақтанудың жолдары, сыбайлас жемқорлық алдын алу мәселелері акция барысында ашық талқыланды. Телефон алаяқтарының көбейіп, тұрғындардың алдану оқиғалары, фактілері туралы және одан сақтандыру туралы ашық әңгіме болды.Акция жұмысын Сырдария Нұрдария қоғамдық қорының төрағасы Марат Омаров жүргізіп отырды.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға, сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алу бойынша хронометражы 60 секундтық қазақ тілінде «Жемқорлықсыз қоғам – жарқын болашақ», «Жемқорлық – адамзаттың қас жауы» тақырыптарында бейнероликтар дайындалды. Роликтер «QYZYLORDA» телеарнасында көрсетілді.

7. 11, 18, 20 қыркүйек күндері Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің жобасы аясында "Сырдария-Нұрдария" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа, алаяқтыққа тұрғындар арасында мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мақсатында Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Бесарық, Қоғалыкөл, Шіркейлі ауылдарының тұрғындары арасында құқық қорғау органдарының мамандары және заңгер, адвокат, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерінен құрылған үгіт насихат топтың қатысуымен «Ашық есік күні» өтті. Елімізде белең алып бара жатқан банкілер төңірегіндегі «интернет кредит» алаяқтықтың алдын алу, сақтандыру жөнінде мамандар өз тәжірибелерін айтып ойларын ортаға салды.
Нағи, Шаған, Іңкәрдария, Ақжарма ауылдарында жалғасты. Дөңгелек үстел форматында өткен кездесу, қоғамдық қабылдауларға аудандық полиция бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Аблазиев Б. Д. Заңгер Назарова Қ. Адвокат Сақтағанов Ғ. және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Тереңөзек кенті,Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов ауылдарында жалғасты. Дөңгелек үстел форматында өткен кездесу, қоғамдық қабылдауларға аудандық полиция бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Аблазиев Б. Д. Заңгер Назарова Қ. Адвокат Сақтағанов Ғ. Халық Банк аудандық филиялының басшысы А.Палымбетов және ҮЕҰ өкілдері қатысты.
Жалпы дөңгелек үстел, кездесулер 13 ауыл мен аудан орталығында өткізілді.

8. 26 қыркүйек күні Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен «Сырдария Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру мақсатында қоғамдық орындарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы контентті орналастыру іс-шарасына сәйкес ауданның орталық көшелерінде 2 билборд орналастырылды.

9. 1 қазан күні «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры мен №126 орта мектебінің «Адал ұрпақ» клубы ұйымдастыруымен "Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!" дебат ойыны, "Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз!" тақырыбындағы 5-9 сынып оқушылары арасындағы плакаттар байқауы өткізілді. Мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениет қалыптастыру, балаларды адалдыққа тәрбиелеу.
"Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!" дебат ойынында 10-сынып оқушылары Рсайқызы Рысжан мен Бақытбекқызы Сәбинұр «Үздік көшбасшы» номинациясын жеңіп алды. Оқушылар сыбайлас жемқорлықпен күресудің үздік жобаларын ұсынды.
"Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресеміз!" плакаттар байқауында 8-сынып оқушылары Базарбай Аяна, Аралбай Еркежан бірінші орынды жеңіп алды. Оқушылар командалық жұмыстарында сыбайлас жемқорлық мазмұнында салынған суреттер арқылы айтар ойларын білдірді.
Жеңімпаз оқушыларға «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы Омаров Марат ағайдың атынан дипломдар беріліп, сыйлықтар табысталды.

10. 1 қазан күні Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің жобасы аясында Сырдария Нұрдария қоғамдық қорының ұйымдастырумен аудан тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа, алаяқтыққа мүлдем төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында, қылмыстың алдын алуға құрылған үгіт насихат тобы өз жұмысын
Тереңөзек кентіндегі Агро-техникалық колледжінің мұғалімдер ұжымы және осы оқу орнының студенттерімен кездесті. Дөңгелек үстел форматында өткен кездесу, қоғамдық қабылдауларға аудандық полиция бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Аблазиев Б. Д. Аудан прокуратурасының прокуроры Алдаберген Қасымжомарт Маратұлы, Халық Банк аудандық филиалының басшысы А.Палымбетов және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

11. 16 қазан күні - Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің жобасы аясында Сырдария-Нұрдария қоғамдық қорының ұйымдастырумен аудан тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа, алаяқтыққа мүлдем төзбеушілігін қалыптастыру мақсатында, қылмыстың алдын алуға құрылған үгіт насихат тобы өз жұмысын
Сырдария аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен, мектептердің мұғалімдерімен кездесті. Дөңгелек үстел форматында өткен кездесу, қоғамдық қабылдауларға аудандық полиция бөлімінің тергеушісі полиция капитаны Аблазиев Б. Д. Халық Банк аудандық филиялының басшысы А.Палымбетов және ҮЕҰ өкілдері қатысты.

12. Ү.ж. 20 қараша күні Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің жобасы аясында «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Аудандық мәдениет үйінде "Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру бойынша аудандық форум өтті.
Жиынға ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім басшылары мен құқық қорғау саласының қызметкерлері, жастар өкілдері қатысты. Форумды аудан әкімінің орынбасары Димаш Байдушев ашып, жүргізіп отырды.

Сыбайлас жемқорлықтың қоғамның дамуын тежейтін тажал екенін түсіндіруге бағытталған іс-шарада аудандық аурухананың бас дәрігері Жалғасбек Үсенов, аудандық білім бөлімінің бас маманы Ләззат Мығымбаева баяндама жасады.
Сонымен қатар күн тәртібінде нашақорлық мәселесі де қаралды. Нашақорлыққа қарсы бір айлық аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Сырдария аудандық прокуратурасының прокуроры Қасымжомарт Алдаберген баяндама жасады. Сондай-ақ есірткінің зияны туралы бейнебаян көрсетілді.
Форум аясында аталған мәселе төңірегінде ауқымды жұмыс атқарып жүрген қызметкерлер аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Және "Сырдария-Нұрдария" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен шығармалар байқауының жеңімпаздары марапатталды. Байқау қорытындысына сәйкес Аяжан Айтмағанбетов пен Гүлмира Әбдіғаппарова ынталандыру сыйлығына ие болды. Ал Нұргүл Мусаева ІІІ орынды, Камила Халданова ІІ орынды, Эльмира Тілеубергенова жүлделі І орынды иеленді. Жеңімпаздарғаарнайы сертификат пен ақшалай сыйақы табысталды.


2024 жылдың  III тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар

 2024 жылы Сырдария ауданы бойынша 2024 жылға көпшілік талқылаудан кейін іске асыруға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат; Аудан бойынша барлығы 12 жобаға бөлінген суммасы 39303,0 мың теңге. Аудандық қоғамдық даму бөлімі арқылы 8 әлеуметтік жобаға 15804,0 мың теңге бөлінді.

1) Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығын ұстап тұру интернетпен қамтамсыз ету қызметі әлеуметтік жобасының жеңімпазы «Мирас жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі техникалық ерекшелік бойынша жұмыстарын жасап жатыр.

2) Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шараларды ұйымдастыру әлеуметтік жобасының жеңімпазы « Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігі;   

3) Өзге ұлт өкілдері арасында іс-шаралар ұйымдастыру әлеуметтік жобасының жеңімпазы «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігі;                       

 4) Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтері әлеуметтік жобасының жеңімпазы « Иман-2013» қоғамдық қоры;

5) Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру әлеуметтік жобасының жеңімпазы «Сырдария-Нұрдария қоғамдық қоры;                         

6) Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру қызметі әлеуметтік жобасының жеңімпазы « Мирас жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі;             

7) Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық шараларды ұйымдастыру әлеуметтік жобасының жеңімпазы « Алғыр ой » коммерциялық емес жеке қоры;

8) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі аудандық экспедиция жұмысын үйлестіру әлеуметтік жобасының жеңімпазы «Тереңөзек жастары» қоғамдық қоры жұмыс жүргізіп келеді. Барлық жеңіп алған үкіметтік емес ұйым өкілдері техникалық ерекшелікке сәйкес өз дәрежесінде жұмыстар жасап жатыр.      


2024 жылдың  II тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар

 2024 жылы Сырдария ауданы бойынша 2024 жылға көпшілік талқылаудан кейін іске асыруға жоспарланған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат; Аудан бойынша барлығы 12 жобаға бөлінген суммасы 39303,0 мың теңге. Аудандық қоғамдық даму бөлімі арқылы 8 әлеуметтік жобаға 15804,0 мың теңге бөлінді. 1) Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығын ұстап тұру интернетпен қамтамсыз ету қызметі әлеуметтік жобасының жеңімпазы «Мирас жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі техникалық ерекшелік бойынша жұмыстарын жасап жатыр. 2) Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шараларды ұйымдастыру әлеуметтік жобасының жеңімпазы « Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігі;   3) Өзге ұлт өкілдері арасында іс-шаралар ұйымдастыру әлеуметтік жобасының жеңімпазы «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігі; 4) Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтері әлеуметтік жобасының жеңімпазы « Иман-2013» қоғамдық қоры; 5) Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру әлеуметтік жобасының жеңімпазы «Сырдария-Нұрдария қоғамдық қоры;                        6) Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру қызметі әлеуметтік жобасының жеңімпазы « Мирас жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі; 7) Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық шараларды ұйымдастыру әлеуметтік жобасының жеңімпазы « Алғыр ой » коммерциялық емес жеке қоры; 8) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау мәселелері жөніндегі аудандық экспедиция жұмысын үйлестіру әлеуметтік жобасының жеңімпазы « Тереңөзек жастары» қоғамдық қоры жұмыс жүргізіп келеді. Барлық жеңіп алған үкіметтік емес ұйым өкілдері техникалық ерекшелікке сәйкес өз дәрежесінде жұмыстар жасап жатыр.      


2024 жылдың  I тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар

        Аудан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2024 жылы жергілікті бюджеттен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобаға 37858,0 мың теңге бөлінді.  

Атап айтқанда қоғамдық даму бөлімі  арқылы 10 жобаға  14440,0  мың теңге, аудандық  мәдениет және спорт  бөлімі арқылы 1 жобаға 16,2 млн теңге, және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы 3 жобаға  7,2  млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда әр жоба бойынша конкурс жеңімпаздары анықталып, алдағы уақытта техникалық ерекшелік бойынша жұмыстар жүргізіледі.  Аудан бойынша барлығы 15 үкіметтік емес ұйымдары қазіргі таңда жұмыс жасап тұр. 2024 жылға үкіметтік емес ұйымдардың 8-і ұлттық дерекқорға есебін тапсрды.   


2023 жылдың  IV тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар

Атқарылған жұмыстар:
Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» жобасы аясында «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры әлеуметтік желілерде тарату үшін сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алуға бағытталған тақырыптық баннерлер мен постерлер әзірледі. Facebook парақшалары мен сториздерде постерлер жариялануда.

Құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алу бойынша хронометражы 60 секундтық қазақ тілінде «Жемқорлықсыз жарқын қоғамды бірге құрайық!», «Пайда ойлама, ар ойла!», «Жемқорлыққа жоқ де!» тақырыптарында бейнероликтар дайындалды. Роликтер тамыз айында «QYZYLORDA» телеарнасында көрсетілді.
«Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» қызметі бойынша Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі жобасы аясында «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қоры «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында шығармалар байқауын жариялаған болатын. Ү.ж 25 тамыз күні аталған байқаудың қорытынды нәтижесі шығарылып, жеңімпаз атанған аудан жастары марапатталды.
«Достық үйінде» ұйымдастырылған марапаттау іс-шарасына «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы М.Омаров, аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы, сондай-ақ үкіметтік емес ұйым өкілдері мен еңбек ардагерлері қатысты.
Марапаттау іс-шарасын аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы ашып, байқауға 10 талапкердің шығармасы келіп түскенін, арнайы комиссия құрылып, мақалалардың талапқа сай болуы мен автордың тақырыпты зерделеуі жан-жақты тексерілгенін айтып, нәтижесінде 5 шығарма іріктеліп, 3 орын мен 2 ынталандыру сыйлығы тағайындалғанын жеткізді. Сондай-ақ жеңімпаз атанған талапкерлердің шығармасының негізгі тұстарын түсіндіріп, жеңімпаз атанған мақалалар аудандық газетте жарияланатынын айтып өтті.
Айта кетейік, байқаудың жүлделі І орны «Алғашқы сессиядағы алаңдау» тақырыбында шығарма жазған М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық жоғары колледжінің студенті А.Өтепбергенге бұйырды. ІІ орынды «Түрмедегі Тоқтар» шығармасымен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы Е.Беркінбаев жеңіп алса, ІІІ орынды аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Ұ.Мұхамбетқалиқызы иеленді. Ал, ынталандыру сыйлығына шағандық А.Балманова мен А.Тоқмағамбетов ауылының жасы А.Бекболатова лайықты деп танылды. Жеңімпаздарға диплом, сертификат және қаржылай сыйлықтар табысталды.
Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» қызметі бойынша жобасы аясында «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудандық орталықтандырылған кітапханада 2023 жылдың 25 тамыз күні сағ 11.00-де «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» атты интеллектуалды сайысы өтті.
Сайысқа ауданнан 4 команда қатысты. 14-35 жас аралығындағы оқырмандардан құралған командалардың қатарында "Қыран" тобы №135 А.Тоқмағамбетов атындағы орта мектеп, "Жастар" тобы №131 орта мектеп, "Алаш" тобы №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары, "Жалын" тобы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің жас ұстаздары болды.
Интеллектуалды сайысқа аудандық газеттің тілшісі Б.Жанәлі, тарихи-өлкетану музейінің директоры С.Қуандықова, жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Н.Сейтжан қазылық жасады.
Сайыс нәтижесінде жалынды "Жастар" командасы бірінші орынға шықса, екінші орынға "Алаш" командасы лайық деп танылды. Үшінші жүлделі орынды "Жалын" тобы иеленді. Асқар ауылынан келген "Қыран" командасы ынталандыру сыйлығына ие болды.
Жүлдегерлерге "Сырдария-Нұрдария" қоғамдық қорының атынан арнайы диплом мен қаржылай сертификат табысталды.
2023 жылдың 17 қыркүйек күні Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» жобасы аясында «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында облыстық ашық турнир өтті.
Іс-шараның ашылуында аудан әкімі Берік Сәрменбаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар Өңірлік коммуникациялар қызметінің директоры Гүлнұр Бүркітбаева да сөз сөйлеп, Сырдария ауданында БАҚ өкілдеріне арнап турнир ұйымдастырылып жатқанына ризашылығын жеткізді.
Облыстық турнирге «Qyzylorda», «Qogam TV», «Баспасөз», «Меншікті тілшілер», «Өңірлік коммуникациялар қызметі» және «Тіршілік тынысы» командалары қатысып, өзара бақ сынады.
Тартысты өткен турнир нәтижесінде «Баспасөз» командасы І орынды, «Qyzylorda» командасы ІІ орынды, «Меншікті тілшілер» командасы ІІІ орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға және қатысушы командаларға, арнайы диплом мен қаржылай сыйлық табыс етілді.


2023 жылдың  III тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар

«Сырдария- Нұрдария» қоғамдық қоры аудандық ішкі саясат бөлімінің «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру іс-шараларын ұйымдастыру қызметі» жобасының жеңімпазы болды.
Атқарылған жұмыстар:
1. 2023 жылдың 5 шілде күні аудан орталығындағы «Еңбек даңқы» музейінде аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» қызметі бойынша «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры «Жемқорлықсыз әлем!» тақырыбында аудан жастары арасында сурет салу байқауын ұйымдастырды.
Мақсаты: өскелен ұрпақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қағидатын қалыптастыру, жастарымыздың суреттері арқылы олардың ойларын, көзқарастарын білу болып табылады.
Комиссия мүшесі ретінде аудандық оқушылар үйінің директоры, суретші Ә.Бәйменов және аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің тілшісі Б.Ордабековпен бірге байқау отырысына қатысып, 14 қатысушының шығармаларын қарап, жеңімпаздарды анықтады. Барлық қатысушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
2. 2023 жылдың 17-18 шілде күндері Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» жобасы аясында «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры халық арасында сыбайлас жемқорлық ұғымын, сыбайлас жемқорлық фактілерімен кездескен кездегі азаматтардың іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін сыйақы берілетіндігі жөнінде ірі сауда орындары мен көшелерінде ақпараттандырып, жадынамалар таратты.
3. Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» жобасы аясында «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қоры әлеуметтік желілерде тарату үшін сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алуға бағытталған тақырыптық баннерлер мен постерлер әзірледі. Facebook парақшалары мен сториздерде постерлер жариялануда.

4. Құқықбұзушылық, қылмыстылық, сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын-алу бойынша хронометражы 60 секундтық қазақ тілінде «Жемқорлықсыз жарқын қоғамды бірге құрайық!», «Пайда ойлама, ар ойла!», «Жемқорлыққа жоқ де!» тақырыптарында бейнероликтар дайындалды. Роликтер тамыз айында «QYZYLORDA» телеарнасында көрсетілді.
5. «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» қызметі бойынша Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі жобасы аясында «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қоры «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» тақырыбында шығармалар байқауын жариялаған болатын. Ү.ж 25 тамыз күні аталған байқаудың қорытынды нәтижесі шығарылып, жеңімпаз атанған аудан жастары марапатталды.
«Достық үйінде» ұйымдастырылған марапаттау іс-шарасына «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының төрағасы М.Омаров, аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы, сондай-ақ үкіметтік емес ұйым өкілдері мен еңбек ардагерлері қатысты.
Марапаттау іс-шарасын аудандық мәслихат депутаты А.Ибрагимұлы ашып, байқауға 10 талапкердің шығармасы келіп түскенін, арнайы комиссия құрылып, мақалалардың талапқа сай болуы мен автордың тақырыпты зерделеуі жан-жақты тексерілгенін айтып, нәтижесінде 5 шығарма іріктеліп, 3 орын мен 2 ынталандыру сыйлығы тағайындалғанын жеткізді. Сондай-ақ жеңімпаз атанған талапкерлердің шығармасының негізгі тұстарын түсіндіріп, жеңімпаз атанған мақалалар аудандық газетте жарияланатынын айтып өтті.
Айта кетейік, байқаудың жүлделі І орны «Алғашқы сессиядағы алаңдау» тақырыбында шығарма жазған М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық жоғары колледжінің студенті А.Өтепбергенге бұйырды. ІІ орынды «Түрмедегі Тоқтар» шығармасымен аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс бөлімінің бас маманы Е.Беркінбаев жеңіп алса, ІІІ орынды аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Ұ.Мұхамбетқалиқызы иеленді. Ал, ынталандыру сыйлығына шағандық А.Балманова мен А.Тоқмағамбетов ауылының жасы А.Бекболатова лайықты деп танылды. Жеңімпаздарға диплом, сертификат және қаржылай сыйлықтар табысталды.

6. Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» қызметі бойынша жобасы аясында «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен аудандық орталықтандырылған кітапханада 2023 жылдың 25 тамыз күні сағ 11.00-де «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» атты интеллектуалды сайысы өтті.
Сайысқа ауданнан 4 команда қатысты. 14-35 жас аралығындағы оқырмандардан құралған командалардың қатарында "Қыран" тобы №135 А.Тоқмағамбетов атындағы орта мектеп, "Жастар" тобы №131 орта мектеп, "Алаш" тобы №132 Т.Айтбаев атындағы орта мектептің жоғарғы сынып оқушылары, "Жалын" тобы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейінің жас ұстаздары болды.
Интеллектуалды сайысқа аудандық газеттің тілшісі Б.Жанәлі, тарихи-өлкетану музейінің директоры С.Қуандықова, жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Н.Сейтжан қазылық жасады.
Сайыс нәтижесінде жалынды "Жастар" командасы бірінші орынға шықса, екінші орынға "Алаш" командасы лайық деп танылды. Үшінші жүлделі орынды "Жалын" тобы иеленді. Асқар ауылынан келген "Қыран" командасы ынталандыру сыйлығына ие болды.
Жүлдегерлерге "Сырдария-Нұрдария" қоғамдық қорының атынан арнайы диплом мен қаржылай сертификат табысталды.
7. 2023 жылдың 17 қыркүйек күні Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің «Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру» жобасы аясында «Сырдария-Нұрдария» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдері арасында облыстық ашық турнир өтті.
Іс-шараның ашылуында аудан әкімі Берік Сәрменбаев сөз сөйлеп, жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сонымен қатар Өңірлік коммуникациялар қызметінің директоры Гүлнұр Бүркітбаева да сөз сөйлеп, Сырдария ауданында БАҚ өкілдеріне арнап турнир ұйымдастырылып жатқанына ризашылығын жеткізді.
Облыстық турнирге «Qyzylorda», «Qogam TV», «Баспасөз», «Меншікті тілшілер», «Өңірлік коммуникациялар қызметі» және «Тіршілік тынысы» командалары қатысып, өзара бақ сынады.
Тартысты өткен турнир нәтижесінде «Баспасөз» командасы І орынды, «Qyzylorda» командасы ІІ орынды, «Меншікті тілшілер» командасы ІІІ орынды жеңіп алды. Жеңімпаздарға және қатысушы командаларға, арнайы диплом мен қаржылай сыйлық табыс етілді.


2023 жылдың  II тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар

Қазіргі таңда «Сырдария ауданы көлемінде діни діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу қызметін ұйымдастыру» әлеуметтік жобасын "Жалынды жастар" жастар ҚБ жеңімпаз болып, 2023-05-22 күні №36 келісімшарт жасалды. Ұтқан сома – 2678500

2023 жылғы 5 шілде күні Сырдария аудандық мәдениет үйінде Қоғамдық даму бөлімінің «Сырдария ауданы көлемінде діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» әлеуметтік жобасы аясында «Жалынды жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – халық қазынасы» атты ұлттық киімдер және «Ұлттық салт-дәстүрлер бабадан қалған мұра» көркем сурет байқаулары ұйымдастырылды.
Байқауларға Сырдария ауданының барлық ауылдық округтері және кент тұрғындары қатысты.
Қазылар алқасының шешімі бойынша, келесі орындар анықталды:
Ұлттық киімдер байқауы:
І орын – Лаззат Бакирова (100.000 теңге);
ІІ орын – Примбетова Алия (70.000 теңге);
ІІІ орын – Альбатырова Роза (25.000 теңге);
ІІІ орын – Сәрсенбекова Қаракөз (25.000 теңге).
Қалған қатысушылар 15.000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы.
Көркем сұрет байқауы:
І орын – Бердіхан Нұрасыл (20.000 теңге);
ІІ орын – Базарбек Ақнұр (15.000 теңге);
ІІІ орын – Музарапова Айзере (10.000 теңге);
Қалған қатысушылар 5.000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы.

« Сырдария» қоғамдық қоры « Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жастар арасында 2023 жылға спорттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік қызметінің жеңімпазы атанып, Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің тапсырысына сәйкес 2023 жылдың 26-27 мамыры күні шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын, 2023 жылдың 6 маусым күні зілтемір және гір көтеру ойындарын, 2023 жылдың 11 шілде күні қол күресі және дартс ату ойындарын ұйымдастырып мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық сайыс өткізді. Спорттық сайыс мүмкіндігі шектеулі жастарды өз уақыттарын бос өткізбеуге баулу, ой-өрістерін дамыту, қабілеттерін көрсету үшін және қоғам алдында барлық азаматтардың құқықтарын тең дәрежеде сезіну мақсатында өткізілді. Бекітілген қазылар алқасының шешімімен жарыс соңынан жеңімпаздар алғыс хаттар, дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Қызмет түрлері өз уақытында әлеуметтік желілерде жарияланып, фотосуреті скриншотталып, тиісті құжаттары электронды түрде тапсырыс беруші мекемеге жолданып отырылады.


2023 жылдың  I тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар

Аудан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2023 жылы жергілікті бюджеттен үкіметтік емес ұйымдардың 14 әлеуметтік жобаға 41563,0 мың теңге бөлінді. 

Атап айтқанда қоғамдық даму бөлімі  арқылы 10 жобаға 19,245 мың теңге, аудандық  мәдениет және спорт  бөлімі арқылы 1 жобаға 16,2 млн теңге, және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы 3 жобаға  6,5  млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.


2022 жылдың  IV тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2022 жылы аудандық ішкі саясат бөлімімен 7 жоба жүзеге асырылуда. Қаралған қаржы 9 млн 845 мың теңге. Жобалар аясында 60-тан аса шара өткізіліп, 5 мыңға жуық адам қамтылды.

Атап айтсақ:

-        Ауданда гендерлік саясатты жүргізу қызметі бойынша түрлі форматта 9 шара өткізілді. Аудандық «Әйелдер кеңесі» ҚБ-і жүзеге асырды.

-        Мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық шаралар өткізу жобасы аясында 11 спорттық шара өтеді. Ұйым «Алғыр ой» ұйымы ұтып алды.

-        Жастар саясатын жергілікті жерде жүргізу қызметінде 21 шара 1 форум өткізілді. Форумда Аудан әкімінің «Өрлеу» сыйлығы табысталды. «Мирас» жастар ұйымы үйлестірді.

-        Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністерін жою жобасымен 8 шара өткізілді. «Сырдария-Нұрдария» ҚҚ жобаны жүргізді.

-        Өзге ұлт өкілдері арасында іс-шаралар ұйымдастыру қызметі бойынша

9 шара өткізілді. «Сырдария» қоры жобаны үйлестірді.

-        «Радикалдық көз қарас және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, қызметтерін ұйымдастыру» жобасы жүзеге асырылды. «Асыл-Мұра орда» ҚБ-мен тиісті жұмыстар атқарды.

-        «Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығын ұстап тұруды ұйымдастыру шаралары» жобасы өткізілді.


2022 жылдың  III тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар 

Аудан бойынша бірыңғай ұлттық деректер базасында барлығы 32 үкіметтік емес ұйым тіркелген.

Аудан бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2022 жылы ішкі саясат бөлімі арқылы 7 жобаға 8,790,1 мың теңге, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі арқылы 11,185 мың теңге және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы 3 жобаға 6 млн теңге бөлінді.


2022 жылдың  II тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар 

Аудан бойынша бірыңғай ұлттық деректер базасында барлығы 32 үкіметтік емес ұйым тіркелген.

Аудан бойынша Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2022 жылы ішкі саясат бөлімі арқылы 7 жобаға 8,790,1 мың теңге, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі арқылы 11,185 мың теңге және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы 3 жобаға 6 млн теңге бөлінді.


2022 жылдың  I тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар 

2022 жылдың 31 наурызға  дейін аудан бойынша барлығы 32 үкіметтік емес ұйымдары біріңғай ұлттық дерекқорына тіркелді.

Аудан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2022 жылы ішкі саясат бөлімі арқылы 7 жобаға 8,790,1 мың теңге, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі арқылы 11,185 мың теңге және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы 3 жобаға 6 млн теңге бөлінді.


2021 жылдың  IV тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар 

2021 жылдың 31 желтоқсанға дейін аудан бойынша барлығы 32 үкіметтік емес ұйымдары біріңғай ұлттық дерекқорына тіркелді.

Сырдария ауданы әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі аудандық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2 комиссия отырысы (жартыжылда 1 рет) өткізілді.

Аудан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2021 жылы үкіметтік емес ұйымдардың 10 әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.


2021 жылдың  IІI тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар 

2021 жылдың 31 наурызға дейін аудан бойынша барлығы
32 үкіметтік емес ұйымдары біріңғай ұлттық дерекқорына тіркелді.

 Сырдария ауданы әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі аудандық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 1 комиссия отырысы (жартыжылда 1 рет) өткізілді.

Комиссия отырысында 3 мәселе қаралып, комиссия төрағасымен тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.

Аудан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2021 жылы үкіметтік емес ұйымдардың 10 әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда.

 


2021 жылдың  IІ тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар 

Аудан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2021 жылы жергілікті бюджеттен үкіметтік емес ұйымдардың 10 әлеуметтік жобаға 24,5 млн теңге бөлінді.

Атап айтқанда ішкі саясат бөлімі арқылы 7 жобаға 9,845 мың теңге, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі арқылы 11,1 млн теңге, және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы 2 жобаға 3,450 мың теңге бөлінді.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Сұңқар" ӘҚО ҚҚ-ның ұйымдастыруымен "Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру" әлеуметтік жобасы аясында 2021 жылдың 29 наурыз күні, сағат 11.00-де "Наурыз-Party" шарасы аясында 5 отбасына қайырымдылық акциясы өткізілді.

Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында Қызылорда облысының жастар одақтары қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру әлеуметтік жобасы аясында. Сырдария ауданының прокуроры Ерлан Алмазұлы, Сырдария аудандық полиция бөлімінің бастығы Ибраев Нұрлан, "Nur Otan" Партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы, Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мырзахметова Алимаш Залқызы және. Қызылорда облысының жастар одақтары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмабай Санжар Саматұлы меморандумға қол қойып, алдағы жасалатын жұмыстарын пысықтады.

2021 жылдың 2 тоқсанында Сырдария ауданы әкімі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі аудандық кеңестің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 1 комиссия отырысы өткізілді.  Онда: аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі арқылы жүзеге асырылатын әлеуметтік жобалардың  жүзеге асырылуы туралы талқыланды.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Сұңқар Қоғамдық Қоры - ның ұйымдастыруымен "Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру" қызметінің жобасы аясында 2021 жылдың 14 мамыр күні Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылының 147 орта мектебінің акт залында "ҚЫЗ ӨССЕ ЕЛДІҢ КӨРКІ!" тақырыбында кездесу өткізілді. Аудандық ішкі саясат бөлімі КММ-нің қолдауымен Сұңқар Қоғамдық Қоры - ның ұйымдастыруымен "Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру" қызметінің жобасы аясында 2021 жылдың маусым айының 18-28 күндері Сырдария аудандық жастар ресурстық орталығының  мәжіліс залынд және Аманкелді ауылдық округінде "ҚОЛЫҢДЫ БЕР ҚОЛДАЙЫҚ!" тақырыбында тұрмысы төмен отбасыларына, жалғыз басты аналарға қайырымдылық акциясы өткізілді. Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Алғыр Ой" КЕЖҚ ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және "Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына" орай Сырдария аудандық спорт клубы базасында аудан жастары арасында қазақ күресінен аудандық турнир өткізілді. Аудан жастары 55, 65, 65+,82 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасып, жеңімпазды анықтады. Сайыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар мен медальдар табысталды.

Қайырымдылық көмек. 1-мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасы аясында "Алғыр ой" коммерциялық емес жеке қордың ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі жандарға қайырымдылық көмек көрсетілді. 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жобасы аясында "Алғыр ой" коммерциялық емес жеке қордың ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар тапсырылды. Бұл іс-шараға Тереңөзек кенті және ауданға қарасты ауылдық округтерден 80 мүмкіндігі шектеулі балалар қамтылып, сыйлықтар таратылды.

Сырдария  аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен 2021 жылдың 26-27 мамыр күндері "Иман-2013" қоғамдық қоры "зайырлы қоғамдағы дін мен дәстүр" тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. Қызылорда аймақтық діни мәселелер ғылыми-зерттеу орталығының маманы, республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, ғылым докторы Оспанов Бақтияр Есенгелдіұлы шақырылды. Бақтияр Есенгелдіұлы Оспанов екі күндік семинар барысында ақпараттық топқа, діни пәндер мұғалімдеріне, сондай-ақ жастарға дін мен дәстүр қазақ тарихындағы егіз ұғым ретінде қалыптасқанын айтып, көпшіліктің мән-мағынасымен бөлісті. Семинар соңында көптеген қатысушылардың сұрақтары мен ұсыныстары айтылды.

2021 жылдың 22-24 маусым айында кент және ауылдық округтердің әкімшілігінде  аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Иман-2013 "және" Алғыр ой  " коммерциялық емес жеке қордың қолдауымен ауыл тұрғындары мен жастарға діни-құқықтық кеңес беру мақсатында кездесу өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы М.Сейланов аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Г. Оралов қатысты. Кездесу еркін форматта өтті, жастар мен тұрғындар өз сұрақтары мен ұсыныстарын қойып, тиісті жауаптар алды.


2021 жылдың  І тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар 

Аудан бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2021 жылы жергілікті бюджеттен үкіметтік емес ұйымдардың 10 әлеуметтік жобаға 24,5 млн теңге бөлінді.

Атап айтқанда ішкі саясат бөлімі арқылы 7 жобаға 9,845 мың теңге, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі арқылы 11,1 млн теңге, және аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі арқылы 2 жобаға 3,450 мың теңге бөлінді.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Сұңқар" ӘҚО ҚҚ-ның ұйымдастыруымен "Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытында шаралар ұйымдастыру" әлеуметтік жобасы аясында 2021 жылдың 29 наурыз күні, сағат 11.00-де "Наурыз-Party" шарасы аясында 5 отбасына қайырымдылық акциясы өткізілді.

Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында Қызылорда облысының жастар одақтары қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен қоғамдық санада сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру әлеуметтік жобасы аясында. Сырдария ауданының прокуроры Ерлан Алмазұлы, Сырдария аудандық полиция бөлімінің бастығы Ибраев Нұрлан, "Nur Otan" Партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы, Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Мырзахметова Алимаш Залқызы және. Қызылорда облысының жастар одақтары қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жұмабай Санжар Саматұлы меморандумға қол қойып, алдағы жасалатын жұмыстарын пысықтады.


2020 жылдың  ІV тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар 

Жыл сайын ауданымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күнгі аудан көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады.  Бүгінгі күні ауданымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 25-ді құрап отыр.

2020 жылы жергілікті бюджеттен ҮЕҰ-ға 10 әлеуметтік жобаға  тиісті  қаржы бөлінді.

  1. «Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығын ұстап тұру интернетпен қамтамасыз ету» қызметі бойынша интернетпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп келеді.

  2. Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытындағы шараларды ұйымдастыру бойынша 1 дөңгелек үстел, 3 байқау, 1 көрме, 1 қайырымдылық, 3 кездесу өткізілді.

  3. Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру бойынша 1 қайырымдылық акциясы, аудан имамдарымен кездесу-2, скайп арқылы АТТ мүшелерімен кездесу-2, елді мекендерде онлайн кездесу-18, шығарма байқау-1, кент және елді мекендерде тұрғындар арасында әлеуметтік сауалнама өткізілді. Сонымен қатар әлеуметтік желі парақшасында 10 мақала, аудандық «Тіршілік тынысы» газетінде 4 мақала жарияланды.

  4. Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру қызметі бойынша 1 байқау, 5 қоғамдық қабылдау, 2 қайырымдылық акциясы, 1 меморандум,14 дөңгелек үстел өткізілді. Қоғамдық қордың әлеуметтік желідегі парақшасында аталмыш жоба жайлы атқарылған жұмыстар тұрақты түрде жарияланып отырды. Жоба аясында сыбайлас жемқорлықпен күресіп, оны болдырмау мақсатында әлеуметтік желіге 5 мақала, жергілікті БАҚ бетінде 5 мақала жарық көрді.

  5. Өзге ұлт өкілдері арасында іс-шаралар ұйымдастыру қызметі бойынша «Сырдария ауданының әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 1 қайырымдылық көмек, 1 кездесу, 3 байқау,1 көрме,1 дөңгелек үстел 1 спорттық сайыс, 1 онлайн концерттік бағдарлама өткізілді.

  6. «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру қызметі бойынша 1 семинар-тренинг, 1 қайырымдылық акция, 1 байқау, 1 акция, 1 оқыту, 1 форум, 13 ауылдық округінде көшпелі отырыс өткізілді.

  7. «Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық шаралар ұйымдастыру» әлеуметтік жобасы аясында дойбы ойыны, тоғызқұмалақ, гір көтеру турнирі, поэрлифтингтен турнир, қол күрес аудандық турнир, жүгіруден сайыс, дартс ату, бес тас ойыны, жас мергендер сайысы және аудандық спартакиада ұйымдастырылды.


2020 жылдың  ІIІ тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар 

Жыл сайын ауданымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күнгі аудан көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады.  Бүгінгі күні ауданымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 25-ді құрап отыр.

2020 жылы жергілікті бюджеттен ҮЕҰ-ға 10 әлеуметтік жобаға  тиісті  қаржы бөлінді.

  1. «Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығын ұстап тұру интернетпен қамтамасыз ету» қызметі;- бойынша интернетпен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп келеді.

  2. Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытындағы шараларды ұйымдастыру бойынша 1 дөңгелек үстел, 3 байқау, 1 көрме, 1 қайырымдылық, 1 кездесу өткізілді.

  3. Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру бойынша 1 қайырымдылық акциясы, және зум программасы арқылы дін мәселелері жөнінде онлайн кездесулер өткізілді.

  4. Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру қызметі бойынша 1 қоғамдық қабылдау,2 қайырымдылық акциясы 1 онлайн кездесу өткізілді.

  5. Өзге ұлт өкілдері арасында іс-шаралар ұйымдастыру қызметі бойынша «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен 1 қайырымдылық көмек, 1 кездесу, 3 байқау,1 көрме,1 дөңгелек үстел 1 спорттық сайыс өткізілді.

  6. «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру қызметі бойынша 1 семинар-треннинг өткізілді. Сонымен бірге Аманкелді, Қоғалыкөл, Ақжарма ауылдарындағы ауған соғыс ардагерлеріне 1 қайырымдылық көмек беру акциялары ұйымдастырылды.

 


2020 жылдың  ІІ тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар 

Жыл сайын аудаңымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күнгі аудан көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады.  Бүгінгі күні ауданымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 25-ді құрап отыр.

2020 жылы жергілікті бюджеттен ҮЕҰ-ға 10 әлеуметтік жобаға  23035,0 теңге  қаржы бөлінді.

  1. «Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығын ұстап тұру интернетпен қамтамасыз ету» қызметі;

  2. Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытындағы шараларды ұйымдастыру;

  3. Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру;

  4. Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру;

  5. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық шаралар ұйымдастыру;

  6. Өзге ұлт өкілдері арасында іс-шаралар ұйымдастыру қызметі;

  7. «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру қызметі.

  8. Аудан бойынша мүгедектер мен мүгедек балалар арасында мәдени әлеуметтік шаралар ұйымдастыру;

  9. Аудан ардагерлері арасында мәдени әлеуметтік сауаттылық шараларын ұйымдастыру:

  10. Бұқаралық спортты дамыту;

Аталған жобалар бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес конкурс жарияланған.

« Алғыр ой» коммерциялық емес жеке қоры биылғы жылдың еріктілер жылының ашылу салтанатына жастарды «Біз біргеміз»  40 дана киім үлгісімен қамтамасыз етті. 1 маусым- халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Сырдария ауданы әйелдері» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен аудандағы этнос өкілдері балаларына арналған мерекелік шара болып өтті. Мерекелік іс-шарада Ұ. Жаналиева сөз алып, барлық балаларды құттықтап, барлығы 19 бүлдіршінге сыйлықтар таратып, бақытты балалық шақ тіледі. Келген бүлдіршіндер өздерінің өнерлерін көрсетіп, ата аналар жүрек жарды тілектерін жаудырды. 


2020 жылдың  І тоқсанында  үкіметтік емес ұйымдарға байланысты атқарылған жұмыстар 

Жыл сайын аудаңымызда азаматтық сектор тұрақты дамып келеді. Оның нәтижесін қазіргі күнгі аудан көлемінде нақты жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдар санының артқандығынан байқауға болады.  Бүгінгі күні ауданымызда ҮЕҰ-дың жалпы саны 25-ді құрап отыр.

2020 жылы жергілікті бюджеттен ҮЕҰ-ға 10 әлеуметтік жобаға  23035,0 теңге  қаржы бөлінді.

  1. «Үкіметтік емес ұйымдардың ресурстық орталығын ұстап тұру интернетпен қамтамасыз ету» қызметі;

  2. Отбасы және неке құндылықтарын сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, отбасылық қатынастарды нығайту бағытындағы шараларды ұйымдастыру;

  3. Терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту қызметтерін ұйымдастыру;

  4. Қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуді қалыптастыру;

  5. Аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттық шаралар ұйымдастыру;

  6. Өзге ұлт өкілдері арасында іс-шаралар ұйымдастыру қызметі;

  7. «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру қызметі.

  8. Аудан бойынша мүгедектер мен мүгедек балалар арасында мәдени әлеуметтік шаралар ұйымдастыру;

  9. Аудан ардагерлері арасында мәдени әлеуметтік сауаттылық шараларын ұйымдастыру:

  10. Бұқаралық спортты дамыту;

Аталған жобалар бойынша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына сәйкес конкурс жарияланған.

« Алғыр ой» коммерциялық емес жеке қоры биылғы жылдың еріктілер жылының ашылу салтанатына жастарды «Біз біргеміз»  40 дана киім үлгісімен қамтамасыз етті. 

«Иман -2013» қоғамдық қоры биылғы 2020 жылдың 1 тоқсанында аудандық мешіттің жылуына, электр жарығына көмектесті.

Документы
Ақпарат
25 декабря 2023
Сырдария ауданы бойынша 2024 жылға көпшілік талқылаудан кейін іске асыруға жоспарлаған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және (немесе) әлеуметтік бағдарламалары туралы ақпарат
Ақпарат
28 декабря 2020
Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі
2020 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың әлеуметтік жобалары және әлеуметтік бағдарламалары нәтижелерін бағалау қорытындысы туралы есеп
Ақпарат
28 декабря 2020
Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімі
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын көпшілік талқылауының аяқталуы туралы есеп 2021 жыл
Новости
Полезные материалы
Үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ұсынудың кезекті мерзімі
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы