
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2026 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстар
Газдандыру бойынша:
Келісім шарт құны – 1 млрд 875,7 млн теңгені құрайтын «Қызылорда облысы, Сырдария ауданының, Ақжарма ауылында жеткізуші газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу» жобасына 2025-2026 жылдарға республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, аталған нысан ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға берілді.
Жоба құны – 1,3 млрд теңгені құрайтын «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шіркейлі елді мекеніндегі тартылатын газ құбырларының және орамішілік газ тарту желілерінің құрылысы» нысанына 2026 жылға республикалық бюджеттен 400,0 млн теңге;
Жоба құны - 1,1 млрд теңгені құрайтын «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Қоғалыкөл елді мекеніндегі тартылатын газ құбырларының және орамішілік газ тарту желілерінің құрылысы» нысанына 2026 жылға республикалық бюджеттен 320,0 млн теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу нәтижесімен мердігер мекемелер анықталып, бүгінгі таңда келісім шарттарға отыру жұмыстары атқарылуда.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2026 жылдың II тоқсанында атқарылған жұмыстар
Газдандыру бойынша:
Ақжарма елді мекенін газдандыру бойынша, жоба құны – 1,8 млрд теңге. 2025 жылға республикалық бюджеттен 840,7 млн теңге қаржы бөлініп, аталған қаржы толығымен игеріліп, 17,5 шақырымды құрайтын жоғары қысымды газ құбырлары жүргізілді. 2026 жылға жобаны аяқтауға тиісті қаржысы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекеме «Алия Сервис» ЖШС-гі тарапынан елді мекен ішіндегі 25,1 шақырымды құрайтын төменгі қысымды газ құбырлары жүргізіліп, тиісті жұмыстар атқарылуда.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2026 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар
Газдандыру саласы бойынша: Келісім шарт құны – 1 млрд 875,7 млн теңгені құрайтын «Қызылорда облысы, Сырдария ауданының, Ақжарма ауылында жеткізуші газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу» жобасына 2025-2026 жылдарға республикалық және облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекеме «Алия Сервис» ЖШС-гі арқылы газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілуде.
Жоғарыдағы аталған нысанды ағымдағы жылдың жаз мезгілінде пайдалануға беру жоспарлануда.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2025 жылдың IV тоқсанында атқарылған жұмыстар
Газдандыру бойынша:
Жоба құны – 2,6 млрд теңгені құрайтын Шаған елді мекенін газдандыру объектісінің құрылыс-монтаж жұмыстарын толық аяқтауға республикалық бюджеттен 2025 жылға 1,1 млрд теңге, облыстық бюджеттен 199,9 млн теңге қаржысы толығымен игерілді. Нысан 2025 жылдың қараша айында пайдалануға берілді. Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС-гі. Жоба құны – 1,8 млрд теңгені құрайтын Ақжарма ауылын газдандыру жобасының құрылысын бастауға 2025 жылға республикалық бюджеттен 840,7 млн теңге қаржы бөлініп, аталған қаржы толығымен игеріліп, нысан 2026 жылға өтпелі болып танылды. Қосымша 2026 жылға республикалық және облыстық бюджеттен жобаны толық аяқтауға қалған қажетті қаржысы бөлінді.2025 жылы аудан бойынша елді мекен санымен газбен қамту көрсеткіші 42 пайызды құрады.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2025 жылдың III тоқсанында атқарылған жұмыстар
Газдандыру бойынша:
Жоба құны – 2,6 млрд теңгені құрайтын Шаған елді мекенін газдандыру объектісінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыруға республикалық бюджеттен 2025 жылға 1,1 млрд теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда «АЭS and Limited» ЖШС-гі арқылы құрылыс-монтаж жұмыстар жүргізілуде.
Жоба құны – 1,8 млрд теңгені құрайтын «Қызылорда облысы Сырдария ауданының Ақжарма ауылында жеткізуші газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу» құрылысын бастауға 2025 жылға республикалық бюджеттен 200,0 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу веб порталы арқылы конкурс жұмыстарын ұйымдастыруға Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына тиісті құжаттарымен өтінім жолданған.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2025 жылдың II тоқсанында атқарылған жұмыстар
Газдандыру бойынша: Жоба құны – 661,4 млн теңгені құрайтын Н. Ілиясов елді мекенін газдандыру объектісінің құрылыс-монтаж жұмыстарын толық аяқтауға жергілікті бюджеттен 2025 жылға 39,3 млн теңге қаржы бөлінді.
Бүгінгі таңда аталған объектінің құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, нысан пайдадалануға берілді.
Жоба құны – 2,6 млрд теңгені құрайтын Шаған елді мекенін газдандыру объектісінің құрылыс-монтаж жұмыстарын толық аяқтауға республикалық бюджеттен 2025 жылға 1,1 млрд теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда аталған объектінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыру мақсатында мердігер мекеме
арқылы 35 км орташа және төменгі қысымды газ құбырлары жүргізілді.
Жоба құны – 1,8 млрд теңгені құрайтын «Қызылорда облысы Сырдария ауданының Ақжарма ауылында жеткізуші газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу» құрылысын бастауға 2025 жылға республикалық бюджеттен 200,0 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу веб порталы арқылы конкурс жұмыстарын ұйымдастыруға Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына тиісті құжаттар ұсынылды.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2025 жылдың I тоқсанында атқарылған жұмыстар
Газдандыру бойынша: Жоба құны – 661,4 млн теңгені құрайтын Н. Ілиясов елді мекенін газдандыру объектісінің құрылыс-монтаж жұмыстарын толық аяқтауға жергілікті бюджеттен 2025 жылға 39,3 млн теңге қаржы бөлінді.
Бүгінгі таңда аталған объектінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыру мақсатында мердігер мекеме тарапынан газ құбырларын жүргізу жұмыстары атқарылуда.
Жоба құны – 2,6 млрд теңгені құрайтын Шаған елді мекенін газдандыру объектісінің құрылыс-монтаж жұмыстарын толық аяқтауға республикалық бюджеттен 2025 жылға 1,1 млрд теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда аталған объектінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жалғастыру мақсатында мердігер мекеме арқылы 16,0 км орташа және төменгі қысымды газ құбырлары жүргізілді.
Жоба құны – 1,8 млрд теңгені құрайтын «Қызылорда облысы Сырдария ауданының Ақжарма ауылында жеткізуші газ құбыры мен орамішілік газ тарату желілерін салу» құрылысын бастауға 2025 жылға республикалық бюджеттен 200,0 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу веб порталы арқылы конкурс жұмыстарын ұйымдастыруға Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына тиісті құжаттарымен өтінім жолданған.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2024 жылдың IV тоқсанында атқарылған жұмыстар
Газдандыру бойынша: Жоба құны – 962,3 млн. теңге, келісім-шарт құны 913,1 млн.теңгені құрайтын А.Тоқмағанбетов, С.Сейфуллин елді мекендерін газдандыру бойынша, 2023 жылға облыстық бюджеттен 40,0 млн теңге, 2024 жылға республикалық бюджеттен 150,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 723,1 млн. теңге бөлініп, қаржылар толығымен игерілді. Аталған нысандар мемлекеттік қабылдау актісімен 2024 жылдың қараша айында қабылданып, пайдалануға берілді.Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС. Жоба құны – 661,4 млн теңгені құрайтын Н.Ілиясов елді мекенін газдандыру жобасының құрылыс жұмыстарын бастауға 2024 жылға 595,3 млн. теңге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, аталған қаржы толығымен игеріліп, жоба 2025 жылға өтпелі болып танылды.Мердігер мекеме «Транс Азия Констракшн» ЖШС. Жоба құны – 2,6 млрд теңгені құрайтын Шаған елді мекенін газдандыру жобасының құрылыс жұмыстарын бастауға 2024 жылға республикалық бюджеттен 300,0 млн. теңге,облыстық бюджеттен 1,0 млрд теңге қаржы бөлініп, аталған қаржылар толығымен игеріліп, жоба 2025 жылға өтпелі болып танылды. Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2024 жылдың IIІ тоқсанында атқарылған жұмыстар
Газдандыру бойынша аудан аумағында 4 жоба жүргізілуде, оның 2 жобасы бойынша жұмыстар 98 пайыз аяқталса, қалған 2 жоба бойынша бүгінгі таңда мердігер мекемелер арқылы құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Атап айтқанда: Жоба құны – 514,8 млн. теңгені құрайтын А. Тоқмағанбетов елді мекенін газдандыру бойынша, 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн теңге, 2024 жылға республикалық бюджеттен 100,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 28,8 млн теңге бөлініп, барлығы 22,8 шақырым газ құбырлары жүргізіліп, құрылыс жұмыстарын жоспарға сәйкес қазан айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
Анықтама үшін: келісім-шарт құны- 488,5 млн.теңге,2024 жылдың 19 маусымында облыстық мәслихаттың кезекті сессиясымен жобаны толық аяқтауға 339,7 млн. теңге бөлінді. Жоспарға сәйкес маусым,шілде айларында –305,7 млн. теңге игерілсе, Қалған 10 пайызы қазан айына 34,0 млн. теңгені игеру жоспарлануда. Жоба құны – 447,5 млн теңгені құрайтын С.Сейфуллин елді мекенін газдандыру бойынша, 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн теңге, 2024 жылы республикалық бюджеттен 50,0 млн. теңге, облыстық бюджеттен 22,2 млн.теңге бөлініп, барлығы 25,8 шақырым газ құбыры тартылып, құрылыс жұмыстарын жоспарға сәйкес қазан айында аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда. Анықтама үшін: келісім-шарт құны- 424,6 млн.теңге, 2024 жылдың 19 маусымында облыстық мәслихаттың кезекті сессиясымен жобаны толық аяқтауға 332,2 млн. теңге бөлінді. Жоспарға сәйкес маусым,шілде айларында –298,9 млн. теңге игерілсе, Қалған 10 пайызы қазан айына 33,3 млн. теңгені игеру жоспарлануда.
Жоба құны – 661,4 млн теңгені құрайтын Н. Ілиясов елді мекенін газдандыру жобасына 595,3 млн теңге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекемемен құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылуда. Жоба 2025 жылға өтпелі.
Анықтама ретінде:2023 жылы Н. Ілиясов елді мекенін газдандыру жұмыстарына 10,0 мың теңге бөлініп мемлекеттік сатып алу жұмыстарына сәйкес, мердігер мекеме анықталды. 2024 жылғы облыстық бюджеттен 595,3 млн.теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекеме «Транс Азия Констракшн» ЖШС-гі арқылы 15,0 км газ құбырлары жүргізіліп, құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылуда.
Жоба құны – 2,6 млрд теңгені құрайтын Шаған елді мекенін газдандыру жобасының құрылыс жұмыстарын бастауға 2024 жылға республикалық бюджеттен 100,0 млн теңге,облыстық бюджеттен 1,0 млрд теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекеме «AЭS and Limited» ЖШС-мен құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоба 2025 жылға өтпелі
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2024 жылдың IІ тоқсанында атқарылған жұмыстар
Газдандыру бойынша аудан аумағында 4 жоба жүргізілуде, оның 2 жобасы бойынша жұмыстар 90 пайыз аяқталса, қалған 1 жоба бойынша мердігер мекемелермен қосымша келісім шартқа отыру жұмыстары атқарылуда, 1 жоба бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда,
Анықтама үшін: келісім-шарт құны- 488,5 млн.теңге, жобаны толық аяқтауға қалған қаржысы – 339,7 млн теңге, Орындалуы – 95 пайыз.
Анықтама үшін: келісім-шарт құны- 424,6 млн.теңге, жобаны толық аяқтауға қалған қаржысы – 332,2 млн теңге, орындалуы – 95 пайыз
Анықтама ретінде: 2023 жылы Н. Ілиясов елді мекенін газдандыру жұмыстарына 10,0 мың теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесінде мердігер мекеме «Транс Азия Констракшн» ЖШС-гі анықталды.Келісім-шарт құны- 602,1 млн.теңге
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2024 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар
Газбен жабдықтау бойынша:
Жобаның құны – 447,4 млн теңгені құрайтын «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, С.Сейфуллин елді мекенінің орамішілік газ тарату желілерін және тартылатын газ құбырын салу» жобасына 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн теңге бөлінсе, 2024 жылға республикалық бюджеттен 50,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 22,4 млн теңге бөлінді.
Жобадағы газ құбырларының жалпы ұзындығы - 25,8 км, 5 дана газ реттегіш шкаф пункттері (ГРПШ) қаралған. Бүгінгі таңда, мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС-гі арқылы газ құбырының – 23,7 км тартылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Аталған жобаны толық аяқтауға республикалық бюджеттен 332,2 млн. теңгені қаржыландыруға Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы ҚР Энергетика министрлігіне 2024 жылға өтінім ұсынылды. Қаржыландырылуы күтілуде. Жобаның құны – 514,8 млн теңгені құрайтын «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов елді мекеніне жеткізуші және кварталішілік газ тарату желілері құрылысы» жобасына 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн теңге бөлінсе, 2024 жылға республикалық бюджеттен 100,0 млн.теңге, облыстық бюджеттен 28,8 млн теңге бөлінді. Жобадағы газ құбырларының жалпы ұзындығы - 22,8 км, 4 дана газ реттегіш шкаф пункттері (ГРПШ) қаралған. Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС арқылы газ құбырының – 21,2 км тартылып, бүгінгі таңда елді мекен ішіндегі автомобиль жолдарынан астымен газ құбырын тарту үшін (ГНБ) көлденең бағыттағы бұрғылау әдісімен газ құбырын жүргізу арқылы жұмыстары атқарылуда. Аталған жобаны толық аяқтауға республикалық бюджеттен 339,7 млн. теңгені қаржыландыруға Қызылорда облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы арқылы ҚР Энергетика министрлігіне 2024 жылға өтінім ұсынылды. Қаржыландырылуы күтілуде.Жобаның құны – 2,6 млрд теңгені құрайтын «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Шаған елді мекенінің орамішілік газ тарату желілерін және тартылатын газ құбырын салу» жобасына, 2024 жылға республикалық бюджеттен 100,0 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекемелерді анықтау мақсатында, мемлекеттік сатып алу жұмыстары атқарылуда. Аталған жобаны толығымен қаржыландырып іске асыру мақсатында облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына 2024-2025 жылдарға өтінім ұсынылды. Қаржыландырылуы күтілуде.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2023 жылдың ІV тоқсанында атқарылған жұмыстар
Бүгінгі таңда, Тереңөзек кенті бойынша 2514 үйдің 1894 жеке тұрғын үйі, 40 көпқабаты тұрғын үйдің 276 пәтері және 19 әлеуметтік нысандар мен 18 мекеме, 85 кәсіпкерлік субъектілері газға қосылса, Қалжан ахун ауылы бойынша 220 үйдің 116 жеке тұрғын үйі, 1 мекеме, 1 әлеуметтік нысан газға қосылған.
«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қалжан ахун елді мекенінде жеткізуші газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерін салу» жобасының жалпы құны - 330 586,0 мың теңге.2023 жылға республикалық бюджеттен 297 968,0 мың теңге, облыстық бюджеттен 31 228,3 мың теңге қаржы бөлініп, газдандыру жұмыстары аяқталып, елді мекен толығымен газдандырылды. Сырдария ауданы, С.Сейфуллин елді мекенінің орамішілік газ тарату желілерін және тартылатын газ құбырын салу жобасының жалпы құны - 447 486,4 мың теңгені құрайтын, 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн теңге қаржы бөлінді.Жобадағы газ құбырларының жалпы ұзындығы - 25,8 км, 5 дана газ реттегіш шкаф пункттері (ГРПШ) қаралған. Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС-гі арқылы жалпы газ құбырының ұзындығы 11,0 км тартылып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Құрылыстың ұзақтығы – 12 ай. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі. Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов елді мекеніне жеткізуші және кварталішілік газ тарату желілері құрылысы жобасының жалпы құны – 514 800,9 мың теңгені құрайтын, 2023 жылға облыстық бюджеттен 20,0 млн теңге қаржы бөлінді. Жобадағы газ құбырларының жалпы ұзындығы - 22,8 км, 4 дана газ реттегіш шкаф пункттері (ГРПШ) қаралған. Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС арқылы жалпы газ құбырының ұзындығы 6,0 км тартылып, тиісті жұмыстар жүргізілді. Құрылыстың ұзақтығы – 5 ай. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі Ауыз су бойынша: Сырдария ауданы бойынша жалпы су құбырлары жүйесінің ұзындығы 463,9 шақырымды құрайды.Оның ішінде, 38 891 тұрғын орталықтандырылған ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз етілген. (абонент саны - 7753, 16 - дана су қоймасы, 19 - дана су мұнаралары орналасқан). 2023 жылы бірінші кезекте қажетті Іңкәрдария және Шаған елді мекендеріне 2 дана (25 м3) су мұнарасы және Тереңөзек кентіне 1 дана (50 м3) су мұнарасына облыстық бюджет қаражатынан 19,0 млн. теңге бөлініп, мердігер мекеме «Техоснастка» ЖШС-гі арқылы ауыз сумен қызмет көрсетуші мекемесіне 3 дана су мұнаралары «Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесіне тапсырылды. Сондай-ақ, С.Сейфуллин елді мекеніне 1 дана су мұнарасын сатып алуға (25 м3), Тереңөзек кентіне 1 дана су мұнарасын сатып алуға (25 м3) 2023 жылға барлығы 11000,0 мың теңге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Техоснастка» ЖШС-гі арқылы ауыз сумен қызмет көрсетуші мекемесіне 2 дана су мұнаралары «Сырдария ауданының оқшау сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланушы» өндірістік бөлімшесіне тапсырылды.Осыған орай, ауыз сумен қызмет көрсетуші мекемесі арқылы аталған елді мекендерге су мұнаралары орнатылды. Сонымен қатар, «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Сейфуллин, Шаған, Қоғалыкөл, Іңкәрдария елді мекендерінде барлау пайдалану ұңғымаларын бұрғылау объектісі бойынша жұмыс жобасын ғылыми-техникалық өнімдер кешенін орындауға» жергілікті бюджеттен 11000,0 мың теңге қаржы бөлініп, жобалаушы мекеме Инженерлік зерттеу геотехникалық институты ЖШС-гі арқылы жобалар әзірленді. Электр бойынша:Сырдария ауданы бойынша ауылішілік электр тарату желілерінің ұзындығы ВЛ-10 кВ – 267,53 шақырым, ВЛ-04 кВ – 291,1 шақырымды құрайды (КТП – 83 дана, КТПН-79 дана, ТП - 12 дана). Шаған ауылдық округінің тұрғын аймақтарын электрмен қамтуға 2023 жылға 1,1 млрд. теңгені құрайтын жұмыс жобасына «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту» бюджеттік бағдарламасының талаптарына сәйкес республикалық бюджеттен 150,0 млн теңге, облыстық бюджеттен 77,3 млн. теңге барлығы: 227,3 млн. теңге қаржы бөлініп, мердігер мекеме «Энергомера» ЖШС-гі арқылы 613 дана бағана орнатылып, ВЛ 0,4 кВ – 19,7 км жерге әуе желілері жүргізілді. Аталған жоба нақты атқарылған жұмыс актілеріне сәйкес бөлінген қаржылар толығымен игерілді. Құрылыстың ұзақтығы – 8 ай. Құрылыс жұмыстары 2024 жылға өтпелі.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2023 жылдың ІII тоқсанында атқарылған жұмыстар
Бүгінгі таңда, Тереңөзек кенті бойынша 2503 үйдің 1863 жеке тұрғын үйі, 40 көпқабаты тұрғын үйдің 257 пәтері және 18 әлеуметтік нысандар мен 17 мекеме, 85 кәсіпкерлік субъектілері газға қосылған.
«Ауыл - Ел бесігі» бағдарламасы аясында Қалжан ахун елді мекенінде жеткізуші газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерін салу жобасына мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 2023 жылға 312 283,4 мың. теңгеге келісім шарт жасалды. (Жоба құны – 330 586,0 мың теңге). Қалжан ахун елді мекені бойынша газ құбырларының жалпы ұзындығы 19,7 км, ауыл ішіндегі 12,8 км газ құбырлары жүргізілді.Елді мекеннің барлық тұрғын үйлеріне арналған 142 дана газ құбыры түтігінен (выход) 132 данасын орналастырылып, ұзындығы 6,9 км құрайтын жоғары қысымдағы газ құбырының 6,8 км жеріне газ құбыры мердігер мекемемен («Ремстрой» ЖШС-гі)атқарылуда. Жалпы құрылыстың ұзақтығы 7 айды құрайды (18 қараша 2023 жыл).Бүгінгі таңда газ құбырын өткізу мақсатында жер асты көлденең бұрғылап өткізу әдісі арқылы (ГНБ) жұмыстары жүргізілуде.С.Сейфуллин елді мекенін газбен қамтамасыз ету жобасының жалпы құны - 447 486,4 мың теңге, А.Тоқмағанбетов елді мекенін газбен қамтамасыз ету жобасының жалпы құны - 514 800,9 мың теңгені құрайтын жобалардың 2023 жылға С.Сейфуллин елді мекенін газбен қамтамасыз етілуінің басталуына - 20,0 млн.теңге және А.Тоқмағанбетов елді мекенін газбен қамтамасыз етілуінің басталуына - 20,0 млн.теңге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесінде мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС анықталып, бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуге дайындық жұмыстары атқарылуда.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2023 жылдың ІI тоқсанында атқарылған жұмыстар
Газбен жабдықтау бойынша: Бүгінгі таңда, Тереңөзек кенті бойынша 2503 үйдің 1810 жеке тұрғын үйі, 40 көпқабаты тұрғын үйдің 263 пәтері және 18 әлеуметтік нысандар мен 17 мекеме, 85 кәсіпкерлік субъектілері газға қосылған.
«Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында жобаның жалпы құны 330 586,0 мың теңге болатын «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Қалжан ахун елді мекенінде жеткізуші газ құбырын және орамішілік газ тарату желілерін салу» жобасына мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 2023 жылға 312 283,4 мың теңгеге келісім шарт жасалды.
Сонымен қатар, 2023 жылға республикалық бюджеттен аталған жобаның 90 пайызы 297 968,0 мың теңге бөлініп, оның ішінде 16 912,9 мың теңге үнемделіп, келісім шарт бойынша 281 055,1 мың теңгені құрады.
Осыған орай, мемлекеттік сатып алу есебінен жобалық қаражаттың 10 пайызы 31 228,3 мың теңгеге қосымша шарт жасалып, осыған байланысты жұмыстарға 2023 жылға 31 228,3 мың теңгені облыстық бюджеттен қаржыландыруға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына өтінім ұсынылды.
Бүгінгі таңда, газ құбырларының жалпы ұзындығы 19,7 км құрайтын ауыл ішіндегі газдандыру жұмыстарынан 12,8 км газ құбырларын жүргізіп, барлығы тұрғын үйлерге арналған 142 дана газ құбыры түтігінен (выход) 132 данасын орналастырылды. Бүгінгі таңда, ұзындығы 6,9 км құрайтын жоғары қысымдағы газ құбырының 3,2 км жеріне газ құбыры жүргізілді. Жоғарыда аталған жұмыстар мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС-гі арқылы атқарылуда.
Сондай-ақ, Сырдария ауданы, С. Сейфуллин елді мекенін газбен қамтамасыз ету жобасының жалпы құны - 447 486,4 мың теңге, А. Тоқмағанбетов елді мекенін газбен қамтамасыз ету жобасының жалпы құны - 514 800,9 мың теңгені құрайтын жобалардың 2023 жылға С. Сейфуллин елді мекенін газбен қамтамасыз етілуінің басталуына - 20,0 млн.теңге және А. Тоқмағанбетов елді мекенін газбен қамтамасыз етілуінің басталуына - 20,0 млн.теңге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары нәтижесінде мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС анықталды. Қазіргі таңда техникалық қадағалаушы анықтауға мемлекеттік сатып жұмыстары жүргізілуде.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2023 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар
Тереңөзек кенті бойынша 2500 үйдің 1790 жеке тұрғын үйі, 47 көпқабаты тұрғын үйдің (барлығы 477 пәтер) 245 пәтері газға қосылған. Қазіргі таңда, газға қосылмаған 63 тұрғын үй әлеуметтік жағынан осал топтарды құрайды. 2022 жылдың 28 қыркүйегінде елді мекендерін 2023-2027 жылдарға арналған Сырдария ауданындағы елді мекендерді газдандыру жоспары әзірленіп бекітіліген.
Бүгінгі күні Қалжан Ахун елді мекенінің газдандыру жобасына республикалық бюджеттен 297,5 млн теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, жеңімпаз мекеме анықталған.
Шаған елді мекенін газдандыру жобасы әзірленіп, бүгінгі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілді. (№ 19-0070/23 17.02.2023ж)
Сонымен қатар, Н.Ілиясов,Шіркейлі, Ақжарма, Бесарық елді мекендерінің газдандыру жобасы демеушілік есебінен әзірленуде.
Ауылдық елді мекендерді газдандыру мақсатында 2023 жылы Қалжан Ахун елді мекенін газдандыру жобасына 298,0 млн теңге республикалық бюджеттен бөлініп, мердігер мекеме "Ремстрой" ЖШС-гі тарапынан жұмыстар басталуда. Басқа елді мекендерді газдандыру мақсатында С.Сейфуллин ауылын газбен жабдықтау-жобаның құны 447,4 млн теңге, А. Тоқмағанбетов елді мекенін газдандыру-жобаның құны 514,8 млн.теңге, Шаған елді мекенін газбен жабдықтау-жобаның құны 2,6 млрд. теңге, республикалық бюджеттен қаржыландыруға барлығы 3,6 млрд. теңгеге тиісті басқармаларға өтінімдер беріліп, аталған өтінімдер басқарма арқылы ҚР Энергетика министрлігіне ұсынылған.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2022 жылдың ІV тоқсанында атқарылған жұмыстар
Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Тереңөзек кентінде орамішілік газ тарату (ақ дақтар) желілердің құрылысы» жобасы аясында құны республикалық бюджеттен 143,8 млн теңге 2021-2022 жылдарға теңге қаржы бөлінді. Жоба аясында (335 нүкте) және 207 дана газ басқару шкафы, 9,762 км газ құбырларын тарту жұмыстары Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС-гі тарапынан орнатылып, тиісті жұмыстар аяқталды.
Ауылдық елді мекендерді газдандыру мақсатында Қалжан Ахун елді мекенін газдандыру жоба құны 330,5 млн теңге, С.Сейфуллин елді мекенін газдандыру жоба құны 447,4 млн теңге, және А.Тоқмағанбетов елді мекенін газдандыру жоба құны 514,8 млн теңгеге тиісті басқармаға бюджеттік өтінімдер ұсынылды.
Шаған ауылын газдандыруға жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, бүгінгі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
5 әлеуметтік нысанды газдандыру бойынша: Тереңөзек кентіндегі №210 орта мектеп ғимаратының жылу қазандығын газ отынына, қайта жабдықтау», «Айгөйлек» балабақшасы ғимаратының бу қазандығын газ отыны етіп қайта жабдықтау», №2 «Балдаурен» балабақшасы ғимаратының бу қазандығын газ отыны етіп қайта жабдықтау», «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Тоқтыбаев көшесі, 13-үй мекенжайында орналасқан «Сырдария аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК аудандық ауруханасы қазандығының ғимаратын реконструкциялау», «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек ауылы, Мұратбаев көшесі, 110-үй мекенжайындағы "Сырдария аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК 250 орынға арналған қазандықты емхана ғимаратын газбен жабдықтау» жұмыстарына 137,5 млн. теңге қаржы бөлініп, аталған әлеуметтік нысандар газға қосылды.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2022 жылдың ІІI тоқсанында атқарылған жұмыстар
Тереңөзек кенті бойынша 2162 үйдің 1492 жеке тұрғын үй, 47 көпқабаты тұрғын үйдің ішіндегі 191 пәтер газға қосылса, 13 әлеуметтік нысан, 54 кәсіпкерлік нысан мен 21 мекеме газға қосылған.
Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Тереңөзек кентінде орамішілік газ тарату (ақ дақтар) желілердің құрылысы» жобасы аясында құны республикалық бюджеттен 143,8 млн теңге 2021-2022 жылдарға теңге қаржы бөлінді. Жоба аясында (334 нүкте) және 207 дана газ басқару шкафы, 9,762 км газ құбырларын тарту жұмыстары Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС-гі тарапынан орнатылды.
Бүгінгі таңда газдандыру жұмыстары жүргізілуде, жұмыстардың аяқталу мерзімі 2022 жылдың сәуірдің 22-де аяқталатын болады.
Ауылдық елді мекендерді газдандыру мақсатында Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов, Шаған ауылдарына жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жоба әзірленді. Бүгінгі таңда аталған жобалар мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2022 жылдың ІI тоқсанында атқарылған жұмыстар
Тереңөзек кенті бойынша 2162 үйдің 1492 жеке тұрғын үй, 47 көпқабаты тұрғын үйдің ішіндегі 191 пәтер газға қосылса, 13 әлеуметтік нысан, 54 кәсіпкерлік нысан мен 21 мекеме газға қосылған.
Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Тереңөзек кентінде орамішілік газ тарату (ақ дақтар) желілердің құрылысы» жобасы аясында құны республикалық бюджеттен 143,8 млн теңге 2021-2022 жылдарға теңге қаржы бөлінді. Жоба аясында (334 нүкте) және 207 дана газ басқару шкафы, 9,762 км газ құбырларын тарту жұмыстары Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС-гі тарапынан орнатылды.
Бүгінгі таңда газдандыру жұмыстары жүргізілуде, жұмыстардың аяқталу мерзімі 2022 жылдың сәуірдің 22-де аяқталатын болады.
Ауылдық елді мекендерді газдандыру мақсатында Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов, Шаған ауылдарына жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жоба әзірленді. Бүгінгі таңда аталған жобалар мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2022 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар
Тереңөзек кенті бойынша 2162 үйдің 1492 жеке тұрғын үй, 47 көпқабаты тұрғын үйдің ішіндегі 191 пәтер газға қосылса, 13 әлеуметтік нысан, 54 кәсіпкерлік нысан мен 21 мекеме газға қосылған.
Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында Тереңөзек кентінде орамішілік газ тарату (ақ дақтар) желілердің құрылысы» жобасы аясында құны республикалық бюджеттен 143,8 млн теңге 2021-2022 жылдарға теңге қаржы бөлінді. Жоба аясында (334 нүкте) және 207 дана газ басқару шкафы, 9,762 км газ құбырларын тарту жұмыстары Мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС-гі тарапынан орнатылды.
Бүгінгі таңда газдандыру жұмыстары жүргізілуде, жұмыстардың аяқталу мерзімі 2022 жылдың сәуірдің 22-де аяқталатын болады.
Ауылдық елді мекендерді газдандыру мақсатында Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов, Шаған ауылдарына жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, жоба әзірленді. Бүгінгі таңда аталған жобалар мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2021 жылдың ІV тоқсанында атқарылған жұмыстар
Әлеуметтік нысандар мен мекемелердің қазандықтарын табиғи газға лайықтандыру мақсатында 13 нысанға аудандық бюджеттен 69,7 млн теңге бөлініп, газдандырылды.
1600 жеке тұрғын үй мен 32 көпқабаты тұрғын үйлер көгілдір отынға қосылған.
40 кәсіпкерлік нысан мен 26 мекеме мен кәсіпорындар газға қосылған.
Тереңөзек кентінде жаңадан салынған тұрғын үйлерді (334 нүкте) газдандыру мақсатында құны 143,8 млн теңге болатын жоба 2021-2022 жылдарға атқарылуда.
Ауылдық елді мекендерді газдандыру мақсатында Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов, Шаған ауылдарын газдандыруға жоба-сметалық құжаттама әзірлеуге 29,7 млн теңге бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта, ЖСҚ экологиялық сараптамаға ұсынылып, Қалжан ахун елді мекені бойынша қорытынды алынды. С.Сейфуллин және А.Тоқмағанбетов елді мекендері жобаларына экологиялық сараптамада жүргізілуде.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2021 жылдың ІII тоқсанында атқарылған жұмыстар
«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында «Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кентінде орамішілік газ тарату (ақ дақтар) желілердің құрылысы» жобасына республикалық бюджеттен 2021-2022 жылдарға жалпы құны 143 864,0 мың теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда, сатып алу жұмыстарын ұйымдастырушы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы жүргізу үшін мердігер мекемені анықтау мақсатында ашық конкурс жарияланды.
Конкурс нәтижесі анықталғаннан кейін газ құрылысы жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлайды.
Сонымен қатар, Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов, С. Сейфуллин, Қалжан ахун, Шаған елді мекендеріне жүргізілетін газ құбырлары және кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысының жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге жергілікті бюджеттен 29,7 млн теңге қаржы бөлініп жоба әзірленді, бүгінгі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.
Жоғарыда аталған елді мекендерге жүргізілетін газ құбырлары және кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысына сараптама қорытындысы алынғаннан кейін республикалық бюджеттен қаржыландыруға облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына өтінім ұсынылатын болады.
Бүгінгі күнге 13 бюджеттік және кәсіпкерлік нысандар, жалпы 2162 тұрғын үйдің 1042 тұрғын үйі, 36 көпқабатты тұрғын үйдің ішіндегі 13 үй көгілдір отын игілігін пайдалануда.
«Қызылорда газ тарату Жүйесі» КМК мекемесі арқылы халыққа сапалы әрі қауіпсіз газ жеткізу мақсатында 24 сағат 109 авариялық бригадасы жұмыс жасауда және газға қосылған тұтынушыларға газды қауіпсіз пайдалану нұсқаулықтарын жүргізіп, газ жабдықтарын өз беттерінше қоспауды кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2021 жылдың ІI тоқсанында атқарылған жұмыстар
Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов, Қалжан ахун, С.Сейфуллин, Шаған елді мекендеріне жүргізілетін газ құбырлары және кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысының» жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 29,7 млн теңге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мердігер мекеме тарапынан ЖСҚ әзірленіп жатқандығын хабарлайды.
Жоғарыда аталған елді мекендерге жүргізілетін газ құбырлары және кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысының жобасы әзірленгеннен кейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсынылатын болады.
Тереңөзек кентін газдандыру жобасынан қалып кеткен және жаңадан салынған тұрғын үйлерге (жаңа қоныстану аймағын қоса алғанда 334 нүктеге) газ құбырын жеткізу мақсатында құны 143 864,0 мың теңге болатын жоба әзірленіп облыстық энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасына өтінім жолданды.
Аталған басқарма арқылы 2022 жылға қаржыландырылу үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне ұсынылған. Бүгінгі күнге, 14 нысан мен 484 тұрғын үй көгілдір отыны игілігін пайдалануда. «Қызылорда Газ Тарату Жүйесі» КМК мекемесі арқылы халыққа сапалы әрі қауіпсіз газ жеткізу мақсатында 24 сағат 109 авариялық бригадасы жұмыс жасауда және газға қосылған тұтынушыларға газды қауіпсіз пайдалану нұсқаулықтарын жүргізіп, газ жабдықтарын өз беттерінше қоспауды кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2021 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар
Сырдария ауданы, А.Тоқмағанбетов, Қалжан ахун, С.Сейфуллин, Шаған елді мекендеріне жүргізілетін газ құбырлары және кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысының» жобалық сметалық құжаттарын әзірлеуге 29 767 мың теңге жергілікті бюджеттен қаржы бөлініп, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Тереңөзек кентін газдандыру жобасынан қалып кеткен және жаңадан салынған тұрғын үйлерге (жаңа қоныстану аймағын қоса алғанда 334 нүктеге) газ құбырын жеткізу мақсатында құны 143 864,0 мың теңге болатын жоба әзірленіп облыстық энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасына өтінім жолданды.
Аталған басқарма арқылы 2022 жылға қаржыландырылу үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігіне ұсынылған.
Бүгінгі күнге, 13 нысан газға бейімделді, 8 нысанмен 305 тұрғын үй көгілдір отыны игілігін пайдалануда. «Қызылорда Газ Тарату Жүйесі» КМК мекемесі арқылы халыққа сапалы әрі қауіпсіз газ жеткізу мақсатында 24 сағат 109 авариялық бригадасы жұмыс жасауда және газға қосылған тұтынушыларға газды қауіпсіз пайдалану нұсқаулықтарын жүргізіп, газ жабдықтарын өз беттерінше қоспауды кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде.
Аудан бойынша елді мекендерді газдандыру туралы 2020 жылдың ІV тоқсанында атқарылған жұмыстар
Тереңөзек кентіндегі кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысы жұмыстарын 2019-2020 жылдары «Алия-Сервис» ЖШС-гі арқылы атқарылды. Қазіргі таңда, тапсырыс беруші облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы тарыпынан қабылдау жұмыстары жүргізілуде.
Тереңөзек кентіндегі «Газ құбырлары және кварталішілік газ құбырлары құрылысы» жобасында, газ құбырлары тартылмай қалып қойған үйлерге аудандық бюджеттен 7390,0 мың теңге бөлініп, жобалаушы мекеме «Азимут» ЖШС-гі арқылы жобалық сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.
Әуез мектебі бу қазандығын газға лайықтандыру (22 746,0 мың теңге) және №35 мектеп лицейінің бу қазандығын газға лайықтандыру (22 746,0 мың теңге) жобалары бойынша тиісті жұмыстар орындалды.
Н.Ергешбаев көшесінің бойындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бу қазандықтарын газға лайықтандыру жобасына 7 991,0 мың теңге және Ғ.Мұратбаев көшесі №95В көпқабатты тұрғын үйдің бу қазандықтарын газға лайықтандыру жобасына 9 022,0 мың теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.
Жалпы құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын Тереңөзек кентінің кварталішілік газ құбырлары желісінің құрылысы жобасы 2019-2020 жылдары іске асыруға жоспарланып, қазіргі таңда мердігер мекеме «Алия-Сервис» ЖШС-гі арқылы құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы Тереңөзек кентінде орналасқан 9 нысанның қазандықтарын газға лайықтандыру жұмыстары жүргізілсе, 2020 жылға 11 нысанның қазандықтарын газға лайықтандыру жұмыстары жоспарлануда.