
Қазіргі таңда аудан көлемінде отбасы және неке құндылықтарн сақтау, гендерлік теңдікті насихаттау, терроризмге қарсы әрекеттің және діни экстремизмнің алдын алу, қоғамдық санада сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, аудан бойынша мүмкіндігі шектеулі жастар арасындағы шаралар, өзге ұлт өкілдері арасында шаралар, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, мүгедектер мен мүгедек балалар арасындағы әлеуметтік шаралар, бұқаралық спортты дамыту және қазақ тілін дамыту бағыттарында 10 қоғамдық бірлестік, 14 қоғамдық қор және 1 республикалық деңгейдегі ұйымдардың филиалдары жұмыс жасайды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес Сырдария ауданы бойынша жалпы халық саны 38380 адам, оның ішінде 14-29 жас аралығындағы жастар 10120. Жастар жалпы халықтың 37,9 % құрайды. Ерлер саны 19880, әйелдер саны 18500. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы №483-ІV Заңына сәйкес аудан бойынша Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 15 мешіт, және жергілікті інжілдік-протестанттар діни бірлестігінің « Қызылорда пресвитриандық « Любовь» шіркеуінің Тереңөзек кентіндегі филиалы Әділет органдарында тіркеуден өтіп, жұмыс жасауда.