

Сырдария ауданында 1 сауда базары, 4 мейрамхана, 6 кафе, 9 дәріхана, 5 жанар-жағар май бекеттері, 2 сауда үйі мен 192-ден астам шағын сауда дүкендері тіркелген. Бүгінгі таңда халыққа сауда қызметін көрсететін нысандарының - 47,3 пайызы аудан орталығы Тереңөзек кентінің, 52,7 пайызы ауылдық елді мекендердің үлесінде.
Ауданымызда 2 туристік нысан бар. Ақжарма ауылындағы "Нұрлы жол" және Шаған ауылындағы "Керуен" сервистік кешендері. Жалпы нысандарда нөмір саны 22, төсек орын саны 42 құрайды