Лого проект

Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
amankeldi_akimat@mail.kz
Аккаунты соц. сетей:
Жаманқұлов Зейнұр Қайраддинұлы
Аманкелді ауылдық округінің әкімі
Общая информация, образование

Жаманқұлов Зейнұр Қайраддинұлы  1985 жылы  18 шілдеде Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аманкелді ауылында дүниеге келген.

2003 жылы Аманкелді ауылындағы №42 орта мектепті бітірген.

2007 жылы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Химия және биология» пәні мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған.

2007 жылы өзім оқыған мектебім №42 Қ.Баймағанбетов атындағы орта мектепке химия пәні мұғалімі болып қызметке қабылдандым. Оқушыларым химия пәні бойынша аудандық, облыстық, республикалық пәндік олимпиада мен ғылыми жоба жеңімпаздары атанған.

2008 жылы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша химия ғылымдарының магистрі атанған.

2011-2012 оқу жылы қорытындысы бойынша «Үздік мұғалім-2012» марапатымен марапатталған.

2019 жылдан бастап педагог-зерттеуші біліктілігін алды.

2022-2023 оқу жылы Сырдария ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруы мен өткізілген «Үздік химия пәні мұғалімі-2023» жеңімпазы атанды.

Мектеп директоры қызметін атқарған тұста №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейі Сырдария ауданының жылқорытындысы бойынша «Үздік әлеуметтік әріптес», екі жыл қатарынан «Үздік білім беру ұйымы» номинациясын иеленді.

Отбасылы жұбайы, екі қызы және үш ұлы бар.

Карьера

2010 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми зертханасында химик-аналитик қызметін қоса атқарған.

2012 жылы 28-29 маусымда Өскемен қаласында өткен «ҚР химия және биология пәні мұғалімдерінің  І съезінің» делегаты.

2014-2017 жылдар аралығында Жетікөл ауылындағы  №174 орта мектепте  химия пәні мұғалімі қызметін қоса атқарған.

2017 жылдың 16 қыркүйегінен бастап №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалған.

2018 - 2024 жылдары аралыңында №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицей директоры қызметін атқарған.

2018-2023 жылдар аралығында Сырдария аудандық маслихатының VI, VII шақырылым депутаты болып сайланған.

2024 жылдың 24 қаңтарынан бастап  №42 Қ.Баймағанбетов атындағы мектеп-лицейінің оқу ісі жөніндегі орынбасары.

2024 жылдың 5 тамызынан бастап ауыл әкімі қызметін атқарып келеді.

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы