

Садуакасов Алмат Сандыбайұлы 1984 жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданы,Тереңөзек кентінде дүниеге келген. 2006 жылы Қазақ Гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша , 2011 жылы «Болашақ» университетін «экономика» мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 2003-2005 жылдары «Жәрдем» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары қызметінен бастады. 2007-2009 жылдары Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маман-заңгері, 2009-2011 жылдары Сырдария аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, 2011-2012 жылдары Сырдария ауданы әкімі аппараты мемлекеттік-құқықтық жұмыстары бөлімінің басшысы, 2012-2013 жылдары Сырдария аудандық қаржы бөлімінің бас маманы, 2013-2014 жылдары Сырдария ауданы аппаратының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) бөлімінің бас инспекторы, 2014-2015 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Сырдария аудандық филиалының маманы. 2016-2022 жылдары Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің бас маманы қызметтерін атқардым. 2022 жылдың 2 желтоқсанынан бастап осы кезге дейін Сырдария аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді. Отбасылы, 3 қыз 2 ұл тәрбиелеуде.