Лого проект

Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
g.akbarov.@korda.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Акбаров Ғалымжан Нәуретұлы
Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
Общая информация, образование

Акбаров Галымжан Науретович, 1974 жылы 25 қазан күні Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, бұрынғы XXI партьсъезд атындағы кеншарда дүниеге келген. 1981 жылы №126 «В.И.Чапаев» атындағы қазақ орта мектебінің бірінші сыныбына барып, оны 1991 жылы бітірген. 1994 жылдың күзінде Қызылорда тәуелсіз «Сейхун» институтына түсіп, аталған институтты қаржы және несие мамандығы бойынша 1998 жылы бітіріп шықты.

Карьера

Еңбек жолын 1999 жылдың  28 маусымында «БАҚ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қоғамдық жұмысынан бастады.

1999 жылдың 19 қазанынан  2005 жылдары аудандық қаржы бөлімінде маман, жетекші маман қызметін атқарды;

2005-2008 жылдар аралығы аудандық қаржы бөлімінің бас маманы, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.

 2008-2011 жылдары Сырдария ауданы бойынша салық басқармасының жетекші,салық басқармасының ақпаратты қабылдау және оңдеу бөлімінің бастығы және аудан бойынша салық басқармасының тіркеу, ақпаратты қабылдау, өңдеу және ақпараттық технология орталығы бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды;

2011-2012 жыл«САК Құрылыс ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің есепшісі;

2012-2014 жылдары аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің инспекторы,Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маман-есепшісі,Сырдария аудандық қаржы бөлімінің бас маманы қызметтерін атқарды;

2017 жылдың 23 мамырынан Қалжан ахун ауылдық округі әкімі;

2018-2021 жылдары аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысы, Сырдария аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысы, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды;

2021-2025 жылдары Қалжан ахун ауылдық округі әкімі;

2025-2026 жыл Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары;

2026 жылдың 3 қыркүйегінен айынан бастап Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы;

2026 жылдың 29 қыркүйегінен айынан бастап Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

 

 

Социальные медиа

Сырдарией Ауданының Әкімдігі

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы