

Жалпы ақпарат, білімі
Ерташов Марат Жарысқасынұлы 29 наурыз 1972 жылы Қалжан Ахун ауылы, Сырдария ауданы, Қызылорда облысында дүниеге келген.
1979 – 1989 жылдары Қалжан Ахун ауылындағы №126 В.И. Чапаев атындағы орта мектепте оқыған.
1989 – 1994 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы Жамбыл гидромелирация құрылыс институтының филиалында Қызылорда агроөнеркәсіп өндірісі инженерлері институтының суармалы жерлерді өңдеу жұмыстарын механикаландыру мамандығы бойынша білім алып, инженер-механик квалификациясы берілді.
2002 - 2004 жылдар аралығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне түсіп, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша толық курсын бітіріп, «Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі» деген біліктілік берілді.
Отбасылы, 3 ұл 1 қыз тәрбиелеп отыр.
Мансап
Еңбек жолын 15.06.1989 жылы Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы XXI партсьезде №2 бригадасында жұмысшы болып бастаған;
1994 -1995 жылдар аралығында №10 кәсіптік-техникалық мектепте мұғалім, Теренөзек кенті;
1996 – 1997 жылдар аралығында Аудандық «Қажы-Мұқан» атындағы спорт комитетінде қойма меңгерушісі;
1997 – 1999 жылдар аралығында Аудандық жастар ісі туризм және спорт комитеті жөніндегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жұмысшы;
1999 – 2006 жылдар аралығында Аудандық жастар ісі туризм және спорт комитеті жанындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры;
2006 – 2015 жылдары аралығында «Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
2015 – 2016 жылдары аралығында «Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы;
2016 – 2021 жылдар аралығында «Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
10.02.2022 - 07.04.2022 жылы «Сырдария аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы;
06.07.2022 – 01.06.2023 жылдары аралығында «Нұр» шаруа қожалығының жетекшісі.
03.10.2024 – 22.05.2025 жылдар аралығында Сырдария аудандық спорт клубы мекемесіне нұсқаушы;
22.05.2025 жылдан бастап Сырдария аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысының қызметін атқарып келеді