GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Онлайн қабылдау
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
15 июня 2026
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудан орталығында және елді мекендерде санитарлық тазарту бойынша сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына кентте меншік түріне қарамастан барлық мекеме атсалысты.
Сенбілік барысында әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойына көркейту-көгалдындыру жұмыстарын жүргізіп, аулаларды қоқыстан тазалады.
Алдағы уақытта да сенбілік жұмыстары жалғасын табатын болады. Кент тұрғындарын тазалық шараларына белсене қатысуға және тазалық сақтауға шақырамыз!

04 февраля 2026
Конституциялық реформалар жөнінде мәжіліс өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен Конституциялық реформалар жөнінде мәжіліс өтті. Аудан басшысы жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқталып, аудан жұртшылығын бұл бастамаға жоғары жауапкершілікпен, белсенді атсалысуға шақырды.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған бастамалары Конституциялық реформаға негіз болды. Бүгінде жаңа Ата Заң жобасы халыққа ұсынылды. Конституциялық реформалар – қоғамның сұранысына жауап беретін, мемлекет басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Жаңа Ата Заңның жобасындағы бірқатар баптар мен бөлімдердің мазмұны тұтас конституциялық моделді айтарлықтай жаңғыртуға, саяси-қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіз болады. Бұл реформалар әділетті, ашық әрі жауапты мемлекет құру жолындағы нақты іс-қимылдың көрінісі болып табылады. Бұл – ел тарихындағы маңызды әрі тағдырлы қадам, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Аудан басшысы жаңа Ата Заң жобасында Президент бастамасымен жүзеге асып жатқан «Әділетті Қазақстан» құру идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаттары негіз болғанын жеткізді. Сондай-ақ, табиғатты аялап, қоршаған ортаны қорғауға қатысты «Таза Қазақстан» идеясымен ұштасатын принциптер де жазылғанын атап көрсетті.
Мәжіліс барысында жиынға қатысушылар жаңа реформа қоғамдағы тұрақтылықты сақтауға, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге және әрбір азаматтың мемлекет өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік беретінін талқылап, пікірлерін білдірді.

04 февраля 2026
Жол жиектерін қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде

Қардың еруі салдарынан жол бөлігінде су жиналуының алдын алу мақсатында жол жиектерін қардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

24 ноября 2025
Аудан әкімі Іңкәрдария және Ақжарма ауылдарының тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев Іңкәрдария және Ақжарма ауылдарының тұрғындарымен кезекті есепті кездесулерін өткізді. Жиындарға аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, бөлім мен мекеме басшылары қатысты.
Кездесу барысында аудан басшысы облыс және ауданда атқарылып жатқан жұмыстар туралы кеңінен мәлімет берді. Аудан әкімі өз сөзінде өңірдегі әлеуметтік-экономикалық, инфрақұрылымдық жобалардың қарқынды жүзеге асып жатқанын атап өтті. Ауылдық округтерде жол жөндеу, ауыз су, жарықтандыру, абаттандыру бағыттары бойынша жоспарлы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
Биыл Іңкәрдария ауылына “Үлгілі елді мекен” байқауында 15 млн. теңге сертификат берілсе, жақын күндері Ақжарма ауылын газдандыру жұмыстары басталды.
Кездесулерде тұрғындар өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдіріп, инфрақұрылым, қоғамдық тәртіп, әлеуметтік мәселелерге қатысты сауалдарын жолдады. Аудан басшысы әрбір ұсыныс назарсыз қалмайтынын, көтерілген мәселелер жүйелі түрде бақылауға алынатынын айтты.

24 ноября 2025
2025 жылдың 26 қараша күні аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Қалжан ахун, С.Сейфуллин, А.Тоқмағанбетов және Тереңөзек кенті тұрғындарымен есепті кездесулері өтеді
20 ноября 2025
Макроэкономикалық көрсеткіштер мен баға тұрақтылығы басты назарда болуы тиіс

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, күн тәртібінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026–2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы, жылу маусымындағы өрт қауіпсіздігі, баға тұрақтылығы мәселелері қаралды.
Аудан әкімі 10 айлық қорытынды бойынша ауданда макроэкономикалық көрсеткіштер толық орындалғанын атап өтіп, жыл қорытындысымен межеленген жоспар орындалу керектігін жеткізді. Осы бағытта ауданның барлық мүмкіндігін қарастырып, жылды жоғары нәтижемен қорытындылау керектігін ескертті.
Жылу маусымы кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау өте маңызды. Аудан басшысы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау керектігіне тоқталып, төтенше жағдайлар бөліміне жылу беру маусымындағы оқыс оқиғалардың алдын алу жұмыстарын шұғыл жүргізуді тапсырды. Кент және ауыл әкімдерімен бірлесіп, халықпен кездесулер, брифингтер ұйымдастыру, шалғай елді мекендердегі өрт сөндіру пункттерін талапқа сәйкестендіру, қажетті құрылғылармен жабдықтауды міндеттеп, барлық талап сақталу керектігін атады.
Мұнан соң Берік Әбдіғаппарұлы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесіне де тоқталып, тиісті сала басшыларына күнделікті қатаң бақылауда ұстауды жүктеді.

20 ноября 2025
Сырдария ауданының азаматтарын жеке қабылдады

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі «Руханият орталығында» құқық қорғау органдарының бірінші басшыларымен бірге тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Бүгінде халықпен кездесудің осындай форматының жұртшылыққа тиімділігі айқындалып келеді. «Азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру – бәрімізге ортақ міндет.
Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады» деп атап өткен болатын Мемлекет басшысы халыққа арнаған Жолдауында.
​Қабылдауға келгендердің басым бөлігі тұрғын үй, жұмыспен қамту және жер үлесі мәселелерін көтерді.
​Тереңөзек кентінің тұрғыны баласын тұрақты жұмысқа орналастыру жайын қозғаса, зейнеткер Қызылорда қаласынан тұрғын үй беруді сұрады. Ал, Қалжан ахун ауылының тұрғыны құқық қорғау органдарының шешіміне келіспейтінін жеткізді.
Облыс әкімі әрбір мәселені сала мамандарымен бірге мұқият зерделеп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын айтты. Тұрғындардың сұрақтары бойынша жауапты басшыларға нақты тапсырма берді. Құқық қорғау органдарының басшыларына өз мәселесін жеткізген сырдариялықтар заң аясында тиісті түсіндірме алды.
Ашықтық қағидасына негізделген қабылдауда жалпы саны 50-ден астам азаматтың өтініші қаралды. Ал, облыс әкіміне 20-ға жуық тұрғын өз сұрақтарымен келді.
Қабылдаудан кейін облыс әкімі «Руханият орталығына» жиналған аудан ардагерлерімен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы маңызды мәселелерді талқылады.

20 ноября 2025
Сырдария ауданының Шаған ауылына табиғи газ қосылды

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданының Шаған ауылына табиғи газ қосу рәсіміне қатысты. Салтанатты басқосуға құқық қорғау органдарының, жауапты департамент, басқармалардың басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары жиналды.
Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді атап өтіп, шағандықтарды құттықтады.
«Жақында Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келгенде әлеуметтік нысандар мен өндіріс орындарында болды. Сапар кезінде Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын баяндадым.
Президентіміз Астана мен Алматы қалаларындағыдай тәулік бойы қызмет көрсететін үшінші Президенттік кітапхана Қызылордада ашылатындығын жеткізді. Бұл бастаманы жерлестеріміз зор қуанышпен қабылдауда. Мемлекет басшымыз алға қойған жоспарларды уақытылы әрі сапалы іске асырудың маңызын атап өтті. Аймақта инвестициялық климатты жақсарту, бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды. Президентіміздің Сыр өңірінің даму қарқынына, атқарылған жұмыстарға берген оң бағасы бәріміз үшін зор мәртебе.
Биыл өңіріміздің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің өсімі қамтамасыз етілді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асады. Соңғы үш жылда өңір экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңге құйылса, осы жылы 720 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылады. 2025-2028 жылдары 2 трлн. теңгеден астам қаржыға 90 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 11 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады.
Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен облысымыздың бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды.
Баршаңызды Шаған ауылына табиғи газ қосылуымен құттықтаймын! Бұл – бәріміздің ортақ қуанышымыз! Көгілдір отын тұрмыс-тіршілігіміздің тынысын ашып, отбасының жылуын, Отанымыздың қуатын арттыра берсін!», – деді Н.Нәлібаев.
Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына тынымсыз еңбегімен үлес қосқан ардагерлер мен газдандыру жұмыстарын жүргізген мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Қоғам қайраткері Әріп Хожбанов жиналған қауымға бата берді.
Аймақ басшысы газ қосу рәсімінен кейін ауыл тұрғындарымен кездесіп, ой-пікір алмасты, өтініш-тілектерін тыңдады. Облыс аумағында атқарылған, қолға алынған, жоспарланған жұмыстардың бағыты туралы айтты.

04 ноября 2025
Тазалық жұмыстары жүргізілуде
04 ноября 2025
Тереңөзек кентіндегі кәсіпкерлік нысандарға көркейту-көгалдандыру,санитарлық тазалық жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді

2025 жылдың 4 қараша күні арнайы құрылған жұмысшы топпен аудан орталығында орналасқан бір қатар кәсіпкерлік нысандарды аралап, көркейту-көгалдандыру, санитарлық тазалық сақтау және ғимараттарының қасбетін ретке келтіру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жұмысшы топ Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 24 шілдедегі № 112 «Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы» шешімінің талаптары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабы бойынша шаралар қарастырылғандығы туралы кәсіпкерлік нысан иелеріне түсіндірді. Тиісті талаптар сақталмағанда айыппұлдар салынатыны ескертілді.
Құрметті аудан кәсіпкерлері, баршаңызға көркейту-көгалдандыру, тазалық шараларына белсенді атсалысуға және сақтауға шақырамыз!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы