Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімі аппаратының "Тереңөзек кенті клубы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директорының бос лауазымдық орнына конкурс жариялау

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі конкурс жариялайды:

Сырдария ауданы Тереңөзек кенті әкімі аппаратының «Тереңөзек кенті клубы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының» басшысы

Лауазымдық міндеттері: Шығармашылық, қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асырады және клуб мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді. Клубтың жұмыс жоспарын жасайды, белгіленген тәртіпте бекітеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Елді-мекен, сондай-ақ жақын орналасқан Тереңөзек кенті тұрғындары арасында мәдени-ағартушылық жұмысын ұйымдастырады. Көркемөнерпаздар үйірмесінің және басқа да бірлестіктердің жұмысын ұйымдастырады. Демалыс кештерін, тақырыптық концерттер және басқа да бұқаралық шараларды жүргізеді. Штаттық қызметкерлері жоқ қоғамдық клуб активіне мәдени-бұқаралық шаралар өткізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді. Жұмыстың озық үлгілерін зерттейді, олардың жұмыс тәжірибесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Клубтың қызметкерлерін тиімді орналастыру және мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді және олардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасайды. Клубтың қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақталуын қамтамасыз етеді. Кәсіпорын қызметкерлерінің құзыретін белгілейді.

Мәдени-бұқаралық жұмыстарын ұйымдастырады. Ақылы қызмет көрсетеді. Кәсіпорынды кәсіптік білікті мамандармен қамтамасыз ету, олардың білімі мен тәжірибесін тиімді пайдалану және дамытуды қамтамасыз ету, моральдық және материалдық ынталандыру шараларын қабылдайды. Басқа кәсіпорындармен немесе басқа заңды тұлғалармен шарттар, мәмілелер, операциялар жасайды, бұйрық шығарады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша жұмысты ұйымдастырады және көрсетілген жұмысқа дербес жауап береді. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Бюджет кодексін; Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" , "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы", "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" заңдарын, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникаларын.

 «Біліктілікке қойылатын талаптар: кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мәдениет және/немесе білім және/немесе ғылым және/немесе архив ісі және/немесе экономика және/немесе құқық саласында 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі немесе Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша немесе жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарын аяқтаған адамдар үшін және кадрларды дайындау бағыттарының бірі: педагогикалық ғылымдар және/немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат және/немесе бизнес, басқару және құқық және/немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары) бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін 2 жылдан кем емес.

Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің              2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығына сәйкес өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруіне болады.

Конкурсқа қатысуға үміткер адамдардан құжаттар қабылдау басталатын күн уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттар қабылдау уәкілетті органның интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.

Барлық құжаттар болған, сондай-ақ тұлға осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін Комиссия  уәкілетті органның интернет-ресурсында әңгімелесу өткізу кестесін орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні аралығында мына мекен-жай бойынша қабылданады: индекс 120600, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, А.Иманов көшесі № 82 үй, «Тереңөзек кенті әкімінің аппараты»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Анықтама телефондары: 8(7242)21-5-16. Электронды мекен-жай:    e.bakhtiyarov@korda.gov.kz

  

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

«Тереңөзек кенті әкімінің аппараты» КММ

 

Мемлекеттік кәсіпорынның

басшысын тағайындау және

аттестаттау жүргізу, сондай-ақ

оның кандидатурасын

келісу қағидаларына

1-қосымша

Нысан

__________

(конкурс өткізу туралы шешім

қабылдаған тиісті саланың

уәкілетті органының

(жергілікті атқарушы

органның не аудандық маңызы

бар қала, ауыл, кент, ауылдық

округ әкімі аппаратының)

атауы)

Конкурсқа қатысуға өтініш

Мені, ____________________

(тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

______________________

(кәсіпорынның атауы)

кәсіпорнының басшысы лауазымына орналасуға арналған конкурсқа қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10379 тіркелген) бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін.

Менің дербес деректерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан жинауға және өңдеуге өз келісімімді білдіремін.

Ұсынылған құжаттардың анықтығын растаймын және көрсетілген мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығы үшін жауапкершілік аламын.

Қоса беріліп отырған құжаттар:

______________________

______________________

Мекен-жай ___________________

Байланыс телефондары ________________

e-mail: ____________________

ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірі) _____________

___ ___________________

(қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

20__ жылғы "_" ______

 

Дата публикации
04 апреля 2025