
Сырдария аудандық ауруханасы
Бас дәрігері: Жанар Әшімқызы
Сыйымдылығы: 36116
Қызметкерлер саны: 46 дәрігер, 160 орта буын, 20 кіші буын қызметкерлері, стационарда 29 дәрігер 100 орта буын, 85 кіші буын қызметкерлері жұмыс атқарады.
Жанар Әшімқызы 1998 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген. Еңбек жолын аудандық ауруханада аймақтық терапевт дәрігері болып бастаған.
Әр жылдары Сырдария аудандық ауруханасында эндокринолог, жалпы тәжірибелік, терапевт дәрігері және жалпы тәжірибелі бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
2020 жылдан бүгінгі күнге дейін бас дәрігердің бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі орынбасары қызметін абыроймен атқарып келді.
2025 жылдың қазан айынан бастап Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқаруда.