GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Әкім аппараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
12 августа 2026
АУДАН ӘКІМІ БЕРІК СӘРМЕНБАЕВТЫҢ 12 ТАМЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАСТАР КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ!
Құрметті аудан жастары!
Сіздерді бүгінгі халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жастар – елдің ертеңін айқындайтын, қоғамның жаңаруына тың серпін беретін жасампаз күш. Қай заманда да мемлекеттің келешегі білімді, білікті әрі отаншыл ұрпақтың қолында. Сондықтан бүгінгі жастың ізденісі мен талпынысы – ертеңгі ел жетістігінің негізі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Жастар – еліміздің ең басты капиталы», – деп атап өткен болатын. Бұл сөз жас буынға артылған үлкен сенім мен жауапкершілікті айқын аңғартады. Бүгінде білім алып, еңбек етіп, кәсіп бастап, ғылым мен мәдениетке, спорт пен қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген жастарымыздың әрбір жетістігі – ел дамуына қосылған қомақты үлес.
Туған жердің өркендеуіне атсалысып, ел игілігі үшін еңбек ету – әрбір жас үшін үлкен мәртебе. Сіздердің тың идеяларыңыз бен батыл бастамаларыңыз, ізденіс пен еңбекке деген ұмтылыстарыңыз қоғамның алға жылжуына жол ашады. 
17 июля 2026
БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫН ДАМЫТУ – БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРДЫҢ БІРІ
Ауданда білім беру сапасын арттыру, оқушылардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау және балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Аудан басшысы білім беру саласын дамыту ауданның стратегиялық басым бағыттарының бірі екенін атап өтіп, сапалы білім беру мен жас ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға ерекше мән беріліп отырғанын жеткізді.
– Жас ұрпақтың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – ауданымыздағы басым бағыттардың бірі. Білім беру жүйесін дамыту, дарынды оқушыларды қолдау және балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
2025–2026 оқу жылында аудан мектептерін 585 түлек аяқтады. Олардың 494-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, көрсеткіш 84,4 пайызды құрады. Түлектердің орташа балы – 85,6. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша 89 оқушы 100 және одан жоғары балл жинап, жоғары нәтижеге қол жеткізді.
Білім сапасының артуы оқу жетістіктерінен де көрініс тапты. Биыл 53 мектеп бітіруші «Алтын белгі» төсбелгісінің, ал 70 түлек «Үздік аттестаттың» иегері атанды. Сонымен қатар, жыл басынан бері ауданның 247 оқушысы халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен түрлі білім бәйгелерінде жүлделі орындарға ие болып, аудан мерейін үстем етті.
Мектепке дейінгі білім беру саласында да оң көрсеткіштер қалыптасқан. Бүгінде аудандағы 3–6 жас аралығындағы балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылу деңгейі 100 пайызды құрайды.
Жазғы демалыс кезеңінде балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды тынығуын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуде. Тереңөзек кентіндегі «Жалын» балаларды сауықтыру лагерінде бүгінгі күнге дейін 7 ауысым ұйымдастырылып, 791 бала жазғы демалысын тиімді өткізуде. Сонымен қатар, демеушілердің қолдауымен Шымкент қаласындағы «Машат» сауықтыру лагерінде 100 бала тынықса, республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына бөлінген квота аясында 65 оқушы демалып қайтты.
17 июля 2026
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ЖАҢҒЫРТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖОБАЛАР КЕЗЕҢ – КЕЗЕҢІМЕН ІСКЕ АСЫРЫЛУДА
Сырдария ауданында денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын нығайту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында мәлімдеді.
Аудандық аурухананың материалдық-техникалық базасы кезең-кезеңімен жаңартылуда. Заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында аудандық ауруханаға компьютерлік томография аппараты орнатылып, тұрғындарға сапалы әрі қолжетімді диагностикалық қызмет көрсетілуде. Сонымен қатар, цифрлық маммограф, портативті ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараты және жылжымалы рентген аппараты сатып алынып, медициналық диагностиканың мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейді.
Медициналық инфрақұрылымды жаңғырту аясында аудандық аурухананың терапия бөлімшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Балалар денсаулығын нығайту және даму ерекшеліктерін ерте кезеңде анықтау мақсатында аудандық емхана жанынан «Даму және ерте араласу орталығы» ашылып, өз жұмысын бастады.
Сонымен қатар, дәрілік заттарды сақтау мен пайдалануды заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында алдағы уақытта аудандық аурухана жанынан «Госпитальдық фармация» бөлімшесін ашу жоспарланып отыр.
Аудан басшысы денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, сондай-ақ саланың материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.
17 июля 2026
СЫРДАРИЯДА ӨНЕРКӘСІП ӨРЛЕП, ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ АРТТЫ
Сырдария ауданында экономиканың негізгі көрсеткіштері жыл басынан бері тұрақты өсім көрсетті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында аудан әкімі Берік Сәрменбаев мәлімдеді.
Жыл басында 10 млрд теңге болып бекітілген аудан бюджеті нақтыланып, 13 млрд теңгеге жетті. Алты айдың қорытындысымен өнеркәсіп орындары өндірген өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда төрт есеге өссе, өңдеу өнеркәсібі 32,2 пайызға артты.
– Кәсіпкерлікті қолдау бағытындағы жұмыстар да жүйелі жалғасуда. Бүгінде ауданда 2314 белсенді шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Мемлекеттік бағдарламалар арқылы ондаған жоба қаржыландырылып, өндіріс пен ауыл шаруашылығын дамытуға жеңілдетілген несиелер берілді. Мемлекет қолдауының нәтижесінде аудан экономикасының барлық негізгі саласында оң серпін қалыптасты. Алдағы уақытта инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа өндіріс орындарын ашу жұмыстарын жалғастырамыз, – деді аудан әкімі Берік Сәрменбаев.
 
17 июля 2026
СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА МӘДЕНИЕТ ПЕН ӨНЕРДІ ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Мәдениет – ұлттың рухани келбетін айқындайтын, ұлттық құндылықтарды дәріптеп, қоғамның бірлігін нығайтатын маңызды сала. Сырдария ауданында осы бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылып, тұрғындардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және мәдени өмірді жандандыруға ерекше көңіл бөлінуде.
Бүгінде ауданның мәдениет үйлері мен клуб мекемелерінде «Адал адам» мәдени-тәрбие тұжырымдамасы аясында 140 үйірме тұрақты жұмыс істейді. Үйірмелерге 1699 өнерпаз қатысып, шығармашылық қабілеттерін дамытуда. Жыл басынан бері ауданның мәдениет үйлері мен клуб мекемелерінде тұрғындардың рухани-мәдени өмірін жандандыруға бағытталған 775 мәдени-көпшілік іс-шара ұйымдастырылды.
Биыл маусым айында ауданның мәдениет саласының ардагерлерінен құралған «Алтын қазына» ансамблі мен аудан өнерпаздары «Сұлу Сырдан – жасампаз Жайыққа» атты концерттік бағдарламамен Орал қаласына гастрольдік сапар жасап, Сыр өңірінің мәдениеті мен өнерін кеңінен насихаттады.
Мемлекет басшысының «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» тапсырмасына сәйкес, облыстық «Кітап керуені» акциясының ашылу салтанаты Нағи Ілиясов ауылында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Алдағы уақытта ауданда «Кітап оқы да, кемелден» жобасы ұйымдастырылып, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға жұмыстар жүргізілетін болады.
Есепті кезеңде аудан өнерпаздары 5 халықаралық, 11 республикалық, 27 облыстық байқауға қатысып, жоғары жетістіктерге жетті.
Өнер мен мәдениетті өркендету, ұлттық мұраны ұлықтау және рухани құндылықтарды кейінгі ұрпаққа насихаттау бағытындағы бастамалар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
17 июля 2026
СПОРТПЕН ТҰРАҚТЫ АЙНАЛЫСУШЫЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ 44,4 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ
Сырдария ауданында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорт инфрақұрылымын жетілдіру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Осы бағытта қабылданған кешенді шаралардың нәтижесінде ауданда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде айналысатын тұрғындардың үлесі 44,4 пайызға жетті. Бүгінде аудан тұрғындарының бұқаралық және кәсіби спортпен айналысуына қолайлы жағдайлар жасалып, спорттық инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.
Ауданда спорт нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау және жастарды спортпен жүйелі шұғылдануға тарту бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде. Түрлі деңгейдегі спорттық жарыстар мен іс-шаралар ұйымдастырылып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға басымдық берілуде.
14 июля 2026
МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қаралды.
Мәжілісте аудан бойынша 2026 жылдың алғашқы 6 айының қорытындысымен жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштердің басым бөлігінде оң өсім қалыптасып, бекітілген межелердің орындалғаны айтылды. Салалар бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер мен индикаторлардың орындалу барысы талқыланды.
Аудан басшысы әрбір көрсеткіштің сапалы орындалуы өңірдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының басты кепілі екенін атап өтті.
– Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы – ауданның даму қарқынын айқындайтын негізгі өлшемдердің бірі. Сондықтан әрбір сала бойынша бекітілген жоспарлы индикаторлардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады. Әрбір жауапты мекеме өзіне жүктелген міндеттерді жоғары жауапкершілікпен орындауы тиіс, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Мәжіліс қорытындысында жауапты сала басшыларына көрсеткіштердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
17 июня 2026
ТЕМІРЖОЛ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. Мәжілісте теміржол саласы мен инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды.
Мәжілісте Тереңөзек кентінде салынып жатқан теміржол вокзалының құрылыс жұмыстарының барысы жан-жақты талқыланды.
Бүгінгі таңда ғимараттың кіреберіс баспалдағының астыңғы іргетасы құйылып, электр желілерін қосу, есік-терезе откостарын әрлеу жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жоба аудан тұрғындары үшін аса маңызды. Себебі аудан аумағы арқылы өтетін 46 шақырымдық теміржол желісі халықтың еркін қатынауына мүмкіндік береді. Жаңа вокзал пайдалануға берілгеннен кейін жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы артып, қолайлы жағдайлар жасалмақ. Сонымен қатар нысанның іске қосылуы ауданның көлік-логистикалық әлеуетін арттырып, Тереңөзек кентінің инфрақұрылымдық дамуына оң әсерін тигізетін болады.
– Жаңа вокзал халыққа сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына оң ықпал етеді. Бұл нысан пайдалануға берілгеннен кейін тұрғындардың қатынауына қолайлы жағдай жасалып, жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасы артады. Сонымен қатар вокзалдың іске қосылуы ауданның көлік әлеуетін арттырып, елді мекеннің келбетін жақсартуға және әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді. Сондықтан құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беріп, барлық жұмыс белгіленген талаптарға сәйкес әрі уақытылы орындалуы қажет.
Біз үшін ең бастысы – тұрғындардың игілігіне қызмет ететін нысанды сапалы әрі мерзімінде ел игілігіне беру, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Сонымен қатар мәжілісте «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысы, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар, әлеуметтік желілердегі ақпараттық белсенділікті арттыру, мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру рәсімінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау және суға түсу маусымындағы қауіпсіздік шараларын күшейту мәселелері қаралды.
Жиын қорытындысында аудан әкімі жауапты мекеме басшыларына көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, олардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.
 
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
 
21 мая 2026
Әдеп жөніндегі уәкіл

Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы – Байдушев Димаш Серікбайұлы
Мекен жайы: Сырдария ауданы, Тереңөзек кенті, Абай көшесі №31,2 қабат, №202 кабинет
Эл.пошта: d.baidushev@korda.gov.kz
Жұмыс тел: 8(72436) 79520 (3605)
ұялы: 8 705 506 34 55
Қабылдау күндері: әр аптаның жұма күні сағат 10.00-12.00

23 апреля 2026
СЫР ӨҢІРІНДЕ ЕГІН АЛҚАБЫНА АЛҒАШҚЫ ДӘН СЕБІЛДІ
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданы Нағи Ілиясов атындағы ауылға жұмыс сапарымен барып, егін алқабына алғашқы дән себу рәсіміне қатысты.
Аймақ басшысы Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев және ардагерлермен бірге алғашқы дәнді сеуіп, қамбаның астыққа толуына, мол өнім жиналып, шаруалареңбегінің ақталуына тілектестігін білдірді.
Әрі қарай ауыл шаруашылығы техникалары, тыңайтқыштар,өсімдік қорғау құралдары және озық техникалар көрмесімен танысты.
Биыл вегетация кезеңінде облыстың егіс алқаптарын суаруға 3,2 млрд текше метр су лимиті бөлінді. Жалпы 185,8 мың гектарға дақылдар егужоспарланған. Оның ішінде дәнді дақылдар 89,7 мың гектар, майлы дақылдар 6,1 мың гектар, мал азықтық дақылдар 73,2 мың гектар, ал картоп, көкөніс және бақша дақылдары 16,8 мың гектар.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес,суды көп қажет ететін дақылдар көлемін оңтайландыру көзделген. Осыған байланысты биыл күріш көлемін 70 мың гектарға дейін қысқарту жоспарлануда. Оның орнына суды аз қажет ететін, өнімділігі жоғары жүгері алқаптарын ұлғайту қарастырылған.
Бүгінде ерте егілетін дақылдар себіліп бітуге жақын, қажетті тұқым, тыңайтқыш, техника және жанар-жағармай жеткілікті, 3975 техника көктемгі науқанға жұмылдырылды.
Ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері 21,7 мың тонна арзандатылған дизель отынына өтінім берді. Оның 10,1 мың тоннасы көктемгі дала жұмыстарына, 11,6 мың тоннасы күзгі егін жинауға пайдаланылады.
Егін шаруашылығын әртараптандырып, су үнемдеу технологиясын кеңінен енгізген шаруашылықтарды қолдау үшін алдағы үш жылға 34 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінсе, 10 млрд. теңгеге жуығы биылға қарастырылған.
Соңғы жылдары су үнемдеу технологияларын қолдану 4 есе артып, 16,7 мың гектарға дейін жеткізіледі, аймақта бірқатар ірі инвестициялық жоба бар. Атап айтқанда, «Харвест Агро» серіктестігі Жалағаш ауданында жүгері, соя, техникалық қарасора егіп, 21 мың гектар жерге агрокластер құруда. «Центр семеноводства» серіктестігі Шиелі ауданында 10,0 мың гектарға жүгеріні жаңбырлатып суару әдісімен егу, «Таң ЛТД» серіктестігі 3,0 мың гектарға жүгерінітамшылатып суару әдісімен егу жобаларын қолға алған.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы