«Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі

Сырдария ауданы әкімдігінің 2021

                                                                                              жылғы «03»ақпан№28

қаулысымен бекітілген

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. «Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ауылдық округәкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мынадай ведомстволары бар:

            «Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімі аппаратының С.Сейфуллин ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

  1. «Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесініңұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  3. «Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  4. «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдықмемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  5. «Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімінің шешімдері мен өкімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. «Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесініңқұрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  7. «Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені, оның құрылымын Сырдария ауданы әкімдігі бекітеді.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс: 120609, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылы, Қарлыбай Әбдірей көшесі №23.

«Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыс кестесі:

  • дүйсенбі мен жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;
  • жұмыс уақыты жергілікті уақыт бойынша сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін. Сағат: 13.00-ден 15.00-ге дейін үзіліс).
  • сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері жұмыс істемейді.
  1. Жарғыда (ережеде) заңды тұлға мен мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппараты, заңды тұлға мен тиісті саланың уәкілетті органы, заңды тұлғаның әкімшілігі мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынастар да айқындалады. Жарғыда (ережеде) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.
  2. «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін Сырдария ауданы әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.
  3. «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
  4. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.
  5. Мемлекеттік органның толықатауы - «Сырдария ауданы,Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

«Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Сырдария ауданының әкімдігі болып табылады.

  1. Осы Ереже «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  4. Егер «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2-тарау. Сәкен Сейфуллин ауылдық округі  әкімі аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеттер:

Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

  1. Функциялар:

1) азаматтар мен заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындалуына жәрдемдеседі;

2)салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдеседі;

3) жергілікті бюджетті бекіту (нақтылау) кезінде аудан мәслихаты сессияларының жұмысына қатысады;

          4) табысы аз адамдарды анықтайды, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізеді, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастырады, оларға қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді.

5) өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады;

6) ауылдық округтің коммуналдық тұрғын үй қорының сақталуын, сондай-ақ, ауылдық округте автомобиль жолдарының салынуын, қайта жаңартылуын, жөделуін және күтіп ұсталуын қамтамасыз етеді;

7) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады;

8) туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады;

9) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жәрдемдеседі;

10) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады;

11) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етеді және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетеді;

12) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

13) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуді ұйымдастырады;

14) мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мәдени-бұқаралық және ағарту іс-шараларын ұйымдастырады;

15) халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді;

16) жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі;

17) басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) беруді қамтамасыз етеді;

18) берілген коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды;

19) берілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз етеді;

20) жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін, басқаруына берілген аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның жылдық қаржылық есептілігін келіседі;

21) мемлекеттік мекемелердің өздерінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

22) облыстық маңызы бар қалаларда орналасқан мәдениет мекемелерін қоспағанда, мектепке дейін тәрбие беретін және оқытатын ұйымдардың, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

23) өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы мен жұмысдыру мәселелері жөніндегі, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының орындалуын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;

24) жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

25) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөніндегі ұйымдастырады;

26) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді;

27) бюджет қаражаттарын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша қызметкерлер қабылдайды;

28) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 144 (екінші бөлігінде), 146, 147, 204, 386, 408 және 505-баптарында көзелген, ауылдың аумағында жасалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды және әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалар қолданады;

  1. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты өз құзыреті шегінде:

жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатына аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

  • мүлкі «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің коммуналдық меншігіндегі«Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімі аппаратының С.Сейфуллин ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныалып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді.

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің коммуналдық меншігіндегі «Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімі аппаратының С.Сейфуллин ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорныныңқұқығын қорғауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкі «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің коммуналдық меншігіндегі«Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімі аппаратының С.Сейфуллин ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

2) «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

 шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

мүлкі «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің коммуналдық меншігіндегі «Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімі аппаратының С.Сейфуллин ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

 мүлкі «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің коммуналдық меншігіндегі «Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімі аппаратының С.Сейфуллин ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

мүлкі «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің коммуналдық меншігіндегі «Сәкен Сейфуллин ауылдық округі әкімі аппаратының С.Сейфуллин ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:

мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

шарттар, келісімдер жасасуға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

  1. Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің және әкімдігінің, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

 

3-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі

аппаратының қызметін ұйымдастыру

 

25.«Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесін әкім басқарады.

  1. Әкімнің өкілеттіктері:

«Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін аудан әкімдігіне бекітуге ұсынады;

«Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіпте «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ведомствалары коммуналдық мемлекеттік мекеме мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың басшыларын қызметке қабылдайды, тағайындайды және босатады;

«Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін және өкілеттілігін белгілейді;

«Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін мадақтайды, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте материалдық көмек көрсетуді, тәртіптік жазалар қолдануды жүзеге асырады;

өз құзыреті шегінде «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлерге міндетті өкім шығарады және нұсқаулар береді;

өз құзыреті шегінде қызметтік құжаттарға қол қояды;

ауыл тұрғындарымен бөлек жиындар өткізеді;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет етеді және дербес жауап береді;

мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты»коммуналдық мемлекеттік мекемені білдіреді;

әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;

мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қаланың, кенттiң, ауылдың, ауылдық округтiң авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

27.Әкім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды.

28.Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.

 

4-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі

аппаратының мүлкі

 

  1. Заңнамада көзделген жағдайларда «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

 «Сәкен Сейфуллинауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. Әкімнің аппаратына бекітіліп берілген мүлік аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің (жергілікті өзін-өзі басқарудың) коммуналдық меншігіне жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті иеліктен шығаруы немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуі мүмкін.

 

5-тарау. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің

аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
22 ноября 2023