
1952 жылы лайықтандырылған жобада салынған. 2014 жылы клуб ғимаратын қайта салу жөніндегі сметалық құжаттары дайындалып, маусым айынан бастап жаңа ғимараттың құрылысы басталды. Ғимарат құрылысына облыстық бюджеттен - 147.154 000 теңге қаржы бөлініп, 150 орындық ғимарат 2015 жылдың шілде айында пайдалануға берілді.
С.Сейфуллин ауылдық клубы 2013 жылдың 31 желтоқсанындағы Аудан әкімінің №568 қаулысына сәйкес «С.Сейфуллин ауылдық әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің «С.Сейфуллин ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды.
Ауылдық клуб үйінде, 1973-1977 жылдар аралығында Ахметова Рысты клуб меңгерушісі, баянист Мамытов Бердібек қызмет жасаған. 1977-1980 жылдар аралығында Төлебаева Шахар клубтың меңгерушісі қызметін атқарған.1980 жылдан -1987 жылдар аралығында Мырзашов Бахтияр клубтың меңгерушісі және алғашқы ансамбль құрушысы , ауылдағы жастарды өнерге баулуда жалынды еңбектің үлгісін көрсетті. 1987-1992 жылдары Қасымова Ләззат клуб меңгерушісі, Мамытов Берлин - баянист, Байдаулетов Серік,Сактапов Махмуттар - музыкант болып жұмыстар атқарды. Кейінгі жылдары аудандық мәдениет үйіне қарасты мекеме болып 2000 жылдары клуб меңгерушісі Тасбергенов Жәнібек, баянист Бодыбаев Талапбек, 2002 жылы Алданиязова Нағипа баянист, 2004-2011жылдар аралығында клуб меңгерушісі Әбдіреев Еркін, Алданиязова Нағипа баянист болып жұмыс атқарды. 2012-2022 жылдар аралығында Алданиязова Нағипа Нәденқызы клуб меңгерушісі қызметін атқарды. 2023 жылдан бастап Палмахов Дастан Құрманғазыұлы «С.Сейфуллин ауылдық клубы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Мекеме әдіскері Ізімбет Аруна және мәдени ұйымдастырушы - Ізімбетова Жұлдыз, есепші Берхатова Меруерт қызмет атқаруда. Қазіргі таңда «С.Сейфуллин ауылдық клубы» КМҚК да 9,5 штаттық бірлікте барлығы - 10 қызметкер жұмыс атқарады (3 мәдени қызметкер, 1 есепші, 6 жұмысшы). Басшы (кәсіпорын меңгерушісі) – 1штат бірлігінде, мәдени ұйымдастырушы–1штат бірлігінде, әдіскер–1штат бірлігінде, есепші–1штат бірлігінде, үй сыпырушы–1 штат бірлігінде, жұмысшы–1 штат бірлігінде, от жағушы (маусымдық) – 0,5 штат бірлігінде, 3 қарауыл – 3 штат бірлігінде. Жалпы қызметкер саны - 10. Жоғары білімділері - 4, оның ішінде шығармашылық маман-3; Арнаулы орта білімділері-1, оның ішінде шығармашылық маман-1. Жалпы мәдениет саласының міндеті- халыққа мәдени қызмет көрсету, ауылдағы жас таланттарды өнерге баулу. Ауылдық клуб үйінде жұмыс жасау үшін барлық жағдай жасалған. Дыбыс күшейткіш аппаратуралар, сахналық киімдер, видеопроектор, компьютер жабдықтарымен, телефон аппаратымен камтамасыз етілген. Жас таланттарды үйірмеге тарту оларды түрлі байқауларға қатыстыру, түрлі шаралар өткізу және ауыл халқын өнерге тарту барысында аянбай қызмет жасап келеді.