
№191 орта мектеп туралы мәлімет
№ 191 орта мектебі 1964 жылы құрылған. №191 орта мектеп 2 қабатты, 624 орындық. 16 кабинет жұмыс жасайды. 48 компьютер бар. 5 компьютер интернет желісіне қосылған. 60 жылға жуық уақыттан бері көптеген мектеп түлектері ұшып шығып, Қазақстанның түкпір – түкпірінде қызмет атқаруда. Оның ішінде профессорлар, ғылым кандидаттары, мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, экономистер және де ауылшаруашылығында жұмыс істейтін мамандар да бар.
1990 жылы 624 орындық екі қабатты мектеп ғимараты салынды, жаңа типті оқу орнының талабы мен сұранысына сай білім ордасында қай нәрсені де талғам таразысына салып, бағамдай білетін сарабдал басшылардың іскерлік бастамасымен оқу - тәрбие үрдісін ізгілендіру жолында игі жұмыста атқарып келеді. Қазіргі таңда мектепте 150 оқушы бар. Оның қызы- 74, ұлы- 76. 1- ші сыныпқа 12 оқушы қабылданды. Даярлық сыныбында 16 оқушы бар. 1- ші тоқсан бойынша оқу озаттары -44, оқу екпінділері – 39. Білім сапасы- 61 болды. Жыл басынан бері дайындық кестелері жасалып, дайындық болып жатыр. Айына 2-3 реттен сынама тест алынуда.
Мектепте 37 мұғалім бар . Оның 35-і жоғары білімді, 2-і арнаулы орта білімді. Мұғалімдердің ішінде зерттеуші-3, сарапшы-18, модератор - 9, 3 оқушы үйден оқытылады. «Қарақасқа» елді мекенінен, «42-інші» бекеттен 7 оқушы тасымалданады.Жыл сайын Жаңа оқу жылына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Мектеп жанынан 2009 жылы «Еркетай» шағын орталығы ашылды. Онда 2 топта 40 бала тәрбиеленуде.