Аманкелді ауылдық округі бойынша жергілікті
қоғамдастық жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Аманкелді ауылы №1 «14» мамыр 2025 жыл
Өткізілген орны: Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залы.
Қатысқандар: Аманкелді ауылдық округі әкімі, жергілікті қоғамдастық мүшелері және ауыл тұрғындары.
Күн тәртібінде: Аманкелді ауылындағы атауы жоқ көшелерге 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бір немесе бірнеше ордендердің иегері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Найманов Бәкеш, Оралбаев Балабай есімін беру туралы.
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-ауматық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабына сәйкес «Сырдария ауданы Аманкелді ауылдық округінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Аманкелді ауылындағы көшелерге атау беру және қайта атау мақсатында ауыл халқының пікірін ескеру үшін жергілікті қоғамдастықтың жиналысы өткізілетіндігін хабарлайды.
Өткізілетін күні, уақыты және орны: 16 маусым 2025 жыл, сағат 10:00. Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залы.
Жиналыс төрағасы: Н.Құдайбергенов
Жиналыс хатшысы: Г.Дарменова
Аманкелді ауылдық округі бойынша жергілікті
қоғамдастық жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Аманкелді ауылы №2 «16» маусым 2025 жыл
Сағат: 10-00
Өткізілген орны: Аманкелді ауылдық округі әкімі аппаратының мәжіліс залы.
Қатысқандар: Аманкелді ауылдық округі әкімі, жергілікті қоғамдастық мүшелері және ауыл тұрғындары.
Күн тәртібінде: Аманкелді ауылындағы атауы жоқ көшелерге 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай бір немесе бірнеше ордендердің иегері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері Найманов Бәкеш, Оралбаев Балабай есімін беру туралы.
Жиналысты Аманкелді ауылдық округі әкімі З.Жаманкулов ашып, қатысушыларды күн тәртібінде қаралатын мәселемен таныстырды.
Қорытынды:
Аманкелді ауылдық округінің «Қоғамдастық кеңесі» жоғарыда аталған жұмыстарды іске асыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Жиналыс төрағасы: Н.Құдайбергенов
Жиналыс хатшысы: Г.Дарменова