GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
Мәдениет
13 августа 2026
Аудан әкімінің 12 тамыз – халықаралық жастар күні мерекесімен құттықтауы!

Құрметті аудан жастары!
Сіздерді бүгінгі халықаралық жастар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жастар – елдің ертеңін айқындайтын, қоғамның жаңаруына тың серпін беретін жасампаз күш. Қай заманда да мемлекеттің келешегі білімді, білікті әрі отаншыл ұрпақтың қолында. Сондықтан бүгінгі жастың ізденісі мен талпынысы – ертеңгі ел жетістігінің негізі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Жастар – еліміздің ең басты капиталы», – деп атап өткен болатын. Бұл сөз жас буынға артылған үлкен сенім мен жауапкершілікті айқын аңғартады. Бүгінде білім алып, еңбек етіп, кәсіп бастап, ғылым мен мәдениетке, спорт пен қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген жастарымыздың әрбір жетістігі – ел дамуына қосылған қомақты үлес.
Туған жердің өркендеуіне атсалысып, ел игілігі үшін еңбек ету – әрбір жас үшін үлкен мәртебе. Сіздердің тың идеяларыңыз бен батыл бастамаларыңыз, ізденіс пен еңбекке деген ұмтылыстарыңыз қоғамның алға жылжуына жол ашады.
Қадірлі жастар!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, білім мен еңбекте толағай табыс тілеймін! Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын! Әрбір бастамаңыз нәтижелі болып, ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз жемісті болғай. Егемен еліміздің жарқын болашағын бірге қалыптастыра берейік!
Жастар күні құтты болсын!

06 марта 2026
Өзіңді дауыс беруші азаматтар тізімінен тексер!

Өзіңді дауыс беруші азаматтар тізімінен тексер!

27 января 2026
СПОРТПЕН ТҰРАҚТЫ АЙНАЛЫСУШЫЛАРДЫҢ ҮЛЕСІ 44,4 ПАЙЫЗҒА ЖЕТТІ
Ауданымызда тұрғындардың бұқаралық және кәсіби спортпен шұғылдануына барлық жағдайлар жасалуда. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте баяндады.
– Президентіміздің спорт инфрақұрылымын, оның ішінде стадиондар мен спорт кешендерін салу туралы тапсырмасына сәйкес ауданда кезең-кезеңімен жаңа нысандар бой көтеруде.
Өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген 382 млн теңгеге Бесарық ауылында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Президент бастамасымен құрылған «Қазақстан Халқына» қоры арқылы Айдарлы ауылындағы спорт клубы 8,8 млн теңгеге спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Осындай спортты дамыту бойынша қабылданған шаралар аясында ауданда спортпен тұрақты айналысушылардың үлесі 44,4 пайызға жетті. Аталған жұмыстар спорт инфрақұрылымын дамытуға, халықты салауатты өмір салтын ұстануға және ауданымыздың спорттық әлеуетін арттыруға бағытталған, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
2025 жылы аудан спортшылары Әлем чемпионатынан 2 медаль (1 алтын, 1 қола), Азия чемпионатынан 3 медаль (1 алтын, 2 күміс), Қазақстан чемпионатынан 46 медаль (15 алтын, 18 күміс, 13 қола) жеңіп, аудан абыройын асқақтатты.
27 января 2026
2025 ЖЫЛ – МӘДЕНИЕТ ПЕН РУХАНИЯТ САЛАСЫ ҮШІН ЖЕТІСТІКТЕР ЖЫЛЫ БОЛДЫ
Өткен жылы аймақ басшысының қолдауымен құны 1,5 млрд теңгеге «Руханият орталығы» пайдалануға беріліп, бүгінде аға буын мен жастардың рухани орталығына айналды. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте баяндады.
– Орталықта музей, кітапхана, архив, неке қию залдары, ардагерлер мен аналар кеңесі, жастар, этномәдени бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар толық жабдықталған жұмыс кабинеттерімен қамтылды. Өткен жылы қоғамдық маңызы бар мәдени іс-шараларға және қажетті материалдық-техникалық базаны нығайтуға аудандық бюджеттен 55 млн теңге қаржы бөлінді. Ағартушы, ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы, айтыскер ақын Ұлбике Жанкелдіқызының 200 жылдығы, Қызылорда қаласының Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл толуы мерейтойына орай ауданымызда ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды.
Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған облыстық өнер байқауында сырдариялық өнерпаздар бірінші орынды жеңіп алып, аудан мерейі үстем болды. Ұрпақтар сабақтастығы, еңбектің қадірі және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге байланысты жыл сайын өткізілетін «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауында Шіркейлі ауылынан қатысқан Әбсадықовтар отбасы облыста және республикада жеңімпаз атанып, ел мақтанышына айналды. «Халықаралық би байқауы» жобасы аясында Алматы қаласында өткізілген халықаралық бишілер конкурсында аудандық мәдениет үйінің «Балауса» халықтық би ансамблі бас жүлдені иеленді, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
2025 жылы ауданның мәдениет мекемелері 1423 мәдени іс-шара ұйымдастырып, аудан өнерпаздары 98 байқауда 218 жүлделі орын иеленді.
27 января 2026
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ НЫСАНДАРЫ ЖАҢАРДЫ
Ауданда денсаулық сақтау саласын дамытуға, халықтың медициналық қызметтерге қол жетімділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар нәтижелі жүзеге асуда. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте баяндады.
– Өткен жылы 103 млн. теңгеге Аманкелді ауылындағы дәрігерлік амбулатория, 329 млн. теңгеге Шаған елді мекеніндегі дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өткізілсе, аудан орталығында құны 150 млн. теңгеге паллиативтік медициналық көмек көрсету бөлімшесі ашылды.Медициналық мекемелер қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Аудандық ауруханаға аймақ басшысының қолдауымен компьютерлік-томография және маммография аппараттары орнатылды. Бұл аппараттар арқылы науқастың диагнозын ерте анықтау мүмкіндігі жасалуда.
Сондай-ақ, ультрадыбысты зерттеу аппараты, 50 дана функционалды кереует, 80 дана заманауи компьютер алынып, аурухананың материалдық-техникалық базасы нығаюда, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
27 января 2026
МЕМЛЕКЕТТІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ ЖАСТАРДЫ САПАЛЫ БІЛІММЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУМЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫСТЫ
Ауданда апатты жағдайда және 3 ауысымда жұмыс істейтін мектеп жоқ. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте баяндады.
– Өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген 309 млн теңгеге С.Сейфуллин ауылындағы №137 орта мектеп күрделі жөндеуден өткізілсе, 240 млн теңгеге 7 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудан орталығындағы №36 Әбділда Тәжібаев атындағы мектеп-лицейіне «Қазақстан Ұлттық қорынан» 250 млн теңге бөлініп, модификациялық кабинеттер жасақталды.
2024-2025 оқу жылын 526 түлек мектеп бітіріп, олардың 461-і ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Мектеп бітірген түлектердің барлығы жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Ауданда 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндер балабақшамен 100 пайыз қамтылған.Білім беру саласындағы атқарылған жұмыстар жас ұрпақты сапалы біліммен қамтамасыз етуге және олардың жарқын болашағын қалыптастыруға бағытталған, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
27 января 2026
ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – БАСТЫ МІНДЕТ
Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықты азайту – қашанда басым бағыттарға ие. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте атап өтті.
– «Өңірлік жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша 2025 жылы 3019 жұмыс орны ашылды.Оның ішінде, Ұлттық жобалар аясында 16 жоба бекітіліп, жыл көлемінде 189 жаңа жұмыс орны ашылды. Осылайша, жыл қорытындысымен ауданда жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрады, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
 
 
 
 
 
27 января 2026
АУДАНДА ДЕМЕУШІЛІК ЕСЕБІНЕН АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ АТҚАРЫЛУДА
Демеушілік қаражат есебінен жалпы құны 504 млн теңгеге аудан аумағындағы кент пен ауылдық округтерде абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте баяндады.
– Бүгінде Нағи Ілиясов ауылында «Абзал және К» толық серіктестігінің демеушілігімен 385 млн теңгеге көркейту-көгалдандыру жұмыстары атқарылып, ауылға кіреберіс жол мен әлеуметтік нысандар жарықтандырылды, сондай-ақ спорт-ойын алаңы салынды.
Бесарық ауылында «Абай-Дәулет» серіктестігінің демеушілігімен 70 млн теңгеге «Жастар аллеясы» салынып, жаяу жүргіншілер жолына брусчатка төселді және жасыл белдеуге қоршау орнатылды.
Іңкәрдария және Сәкен Сейфуллин ауылдарында жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 31 млн теңгеге орталық алаңдар абаттандырылды.
Сондай-ақ өткен жылы жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 18 млн теңгеге Тереңөзек кенті мен Ақжарма ауылында спорт-ойын алаңдары салынды.
Аталған жұмыстар елді мекендердің көркін арттыруға және тұрғындар үшін қолайлы қоғамдық орта қалыптастыруға бағытталған, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
27 января 2026
АУДАНДА "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА КӨРКЕЙТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Ауданды абаттандыру жұмыстары бюджет көздерінен және бюджеттен тыс демеушілік арқылы атқарылуда. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте баяндады.
– Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Жыл бойына 17500 дана көшет отырғызылып, 8000 тонна қалдық шығарылды.Тереңөзек кентінде 465 млн. теңгеге тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптауға арналған полигон пайдалануға берілді. Өткен жылы полигонда 3780 тонна қалдық сұрыпталды.
Аймақ басшысының бастамасымен төртінші рет өткізілген облыстық «Үлгілі елді мекен» байқауының нәтижесінде Нағи Ілиясов ауылы бірінші орынды жеңіп алып, 2 арнайы техникамен қамтамасыз етілді. Сондай-ақ, Іңкәрдария ауылын абаттандыруға 15 млн. теңге сертификат табысталды. Үлгілі елді мекен – Нағи Ілиясов ауылы республикалық «Үздік туристік ауыл – 2025» номинациясын жеңіп алып, Қазақстандағы 5 туристік елді мекендер қатарына енді.
«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен құны 174 млн. теңгеге Тереңөзек кентіндегі көпқабатты тұрғын үйлер ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік бағдарлама аясында құны 73 млн. теңгеге аудан орталығында 6 көпқабатты тұрғын үй қайта жаңғыртудан өткізілді.Жалпы, өткен жылы аудандық бюджеттен бөлінген 535 млн. теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Тереңөзек кенті және Асқар Тоқмағанбетов ауылында ұзындығы 22 шақырымды құрайтын 14 көшеге аудандық бюджеттен 418 млн. теңге бөлініп, жаяу жүргіншілер жолы салынды. Айдарлы, Жетікөл, Қоғалыкөл, Асқар Тоқмағанбетов, Қалжан ахун ауылдарында 116 млн. теңгеге ойын алаңдары салынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады , – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
27 января 2026
ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Ауданда электр желілерін қайта жаңғырту жұмыстары тұрақты жүргізіліп келеді. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте атап өтті.
– Бұл бағытта соңғы жылдары Айдарлы, Жетікөл, Аманкелді, Қоғалыкөл және Шаған ауылдарын электр желілерімен қайта жабдықтау жұмыстары толық аяқталды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жоба құны 490 млн. теңгеге Қалжан ахун елді мекенін электрмен жабдықтау жұмыстары өткен жылы басталып, биыл аяқталатын болады. Осы жұмыстардың нәтижесінде, тозу деңгейі 62 пайызға төмендейді.
2026 жылы жалпы құны 5,4 млрд. теңгеге Тереңөзек кенті, Нағи Ілиясов, Асқар Тоқмағанбетов және Сәкен Сейфуллин ауылдарының электр желілерін қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылып, қаржыландыру күтілуде, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы