Меню

Страницы

Статья

Спорт

Ауыл тұрғыны Анара Қалдыбаеваның бастамасы және қолдауымен 2023 жылдың қараша айынан бастап Айдарлы ауылындағы бұрынғы «Нұр-сәби» балабақшасының ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа спорт залын жабдықтау қолға алынды.

Аталған жұмыстар аясында ғимарат толықтай спорттық мақсатқа бейімделіп, бүгінде шахмат, еркін күрес және үстел теннисі үйірмелерімен жабдықталған заманауи спорт залына айналды. Аудандық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Бағдат Есеновтің қолдауымен спорт залына 55 дана татами жеткізіліп, татами үстіне төсеу үшін 300 мың теңгеге арнайы асфальт төсегіш төселді. Сонымен қатар, шахмат бөлмесіне 7 дана парта сатып алынды.

Ауыл тұрғындары да игі бастамадан шет қалмай, спорт залын жабдықтауға 169 мың теңге көлемінде қаражат жинап, өз үлестерін қосты. Қосымша 10 терезеге жалюзи перделері орнатылып, еденге арнайы кілемшелер төселді.

Сонымен қатар, «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаржылай қолдауымен және «Батыр боламын» қоғамдық қорының бастамасымен спорт залына қажетті құрал-жабдықтар алуға 8,2 миллион теңге бөлініп, ауыл балаларының спортпен еркін әрі сапалы айналысуына үлкен мүмкіндік жасалды.

Қазіргі таңда спорт залында бір еркін күрес жаттықтырушысы тұрақты жұмыс істесе, қоғамдық ақылы жұмыспен қамтылған 3 қызметкер (тәрбиеші, медбике және тазалықшы) жұмыс атқаруда. Бұл – ауыл жастарының салауатты өмір салтын ұстануына, спорт арқылы тәрбие алуына жасалған үлкен қадам.

Дата публикации
13 марта 2024
Дата обновления
06 ноября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
12 февраля 2025
Үйірмелер кестесі 2025 жыл
Ақпарат
13 марта 2024
Спорт
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы