GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Басқарма туралы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
09 декабря 2025
СПОРТ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

СПОРТ САЛАСЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен спорт саласын дамыту мәселелері талқыланған мәжіліс өтті. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов селекторлық режим арқылы қатысты.Бүгінде аймақта спорт саласын дамытуда ауқымды жобалар қолға алынып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Биыл денешынықтыру мен спортты дамытуға жергілікті бюджеттен 38 млрд. 213 млн. теңге қаржы бөлінді. Президент тапсырмасын орындау мақсатында өңірде спорт инфрақұрылымын дамытуға, бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыруға басымдық берілген.Қазір 377 мыңнан астам жерлесіміз спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл – өңір халқының 44,6 пайызы. Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлайтын 33 мекеме бар.Кейінгі 3 жылда 21 спорт кешені пайдалануға беріліп, бүгінде ел игілігіне қызмет етуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен елді мекендерде тағы 5 нысан ашылады. Облыс орталығындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясында жас ұрпақтың спортпен шұғылдануына барлық жағдай жасалған.Биыл алғаш рет ерлер мен әйелдерге арналған «Қызылорда бокс клубы» ашылып, жұмысын бастады. Бұл бастама боксты дамыту ісіне оң серпін береді.Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымын дамыту тапсырмасына сәйкес, Қызылорда қаласында 11 мың орындық жаңа стадион ашылып, онда спорттың бірнеше түрімен, атап айтқанда, бокс, дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, ауыр атлетика, таэквондо, спорттық гимнастикамен айналысуға мүмкіндік туды.Бұдан бөлек, облыс орталығында «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысанда олимпиадалық стандарттарға сәйкес келетін 50 метрлік бассейн, Азия, Әлем чемпионаттарын өткізуге арналған 2500 орындық зал, олимпиадалық спорт түрлеріне арналған жаттығу залдары болады. Ғимарат құрылысы 2026 жылдың екінші жартыжылдығында аяқталады.

09 декабря 2025
СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРПІНДІ ЖҰМЫСТАР БАЯНДАЛДЫ

СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ СЕРПІНДІ ЖҰМЫСТАР БАЯНДАЛДЫ

2025 жыл облыстың спорт саласы үшін табысты болды. Себебі, спорттық инфрақұрылымдардың саны айтарлықтай артып, заманауи ғимараттар пайдалануға берілді. УЕФА-ның 4-ші санатына сәйкестендірілген жаңа стадион «Kaysar Arena» ресми түрде Қазақстан кубогінің финалдық кездесуімен ашылды. Қызылорда қаласының сол жағалауында «Самұрық Қазына Траст» әлеуметтік қолдау қорымен бірлескен «Теннис орталығы» ашылды. Сондай-ақ аймақ басшысының қолдауымен Қызылорда ерлер және әйелдер бокс клубы болып ресми түрде ашылды. Бір жыл бедерінде грек-рим күресінен 26 жылдан кейін Әлем чемпионы атанған Айдос Сұлтанғали, бокстан Әлем Кубогының жеңімпазы Нұрсұлтан Алтынбек, бокстан Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері Гүлсая Ержан, Зарина Толыбай, Ақбота Болат байрақты бәсекелерде ел намысын қорғап,аймақ абыройын асқақтатты. Саладағы толайым табыстарды облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаев мәлімдеп берді.

- Спорттық инфрақұрылымдарды қарқынды дамыту бағытындағы ауқымды жобалар жалғасын табуда. Соның бірі – облыс орталығында аумағы 25 мың шаршы метрлік көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүруде.Кешенде олимпиадалық стандартқа сай 50/25 метрлік жүзу бассейні және олимпиадалық спорт түрлеріне арналған жаттығу залдарымен қамтылады. Сонымен қатар, «Қазақстан Халқына қоғамдық қорының» демеушілігімен қаланың сол жағалауында ерекше қажеттілігі бар жандарға арнайы арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда. Бұл нысан желтоқсан айында спортшыларымыздың игілігіне табысталады. Аталған қордың көмегімен осы жылы Шиелі және Жалағаш аудандарында ангар типтес жаңа спорт нысандары салынып, ауыл тұрғындарына табысталды. Биыл өңір спортшылары біршама бәсекелерде үздіктер қатарынан  көрінді. Аймақ абыройын арқалаған азаматтарымызға облыс әкімдігі тарапынан арнайы шәкіртақы төленуде. Өздеріңіз білетіндей, биыл облысымызда әлемдік және республикалық деңгейдегі спорттық іс-шаралар көптеп ұйымдастырылды. Атап айтсақ, өңірімізде алғаш рет Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнир, бокстан ҚР VI жастар спорттық ойындары, Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир, Аралбай Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан халықаралық турнир, ұлағатты ұстаз Велорий Пактың жүлдесіне арналған ауыр атлетикадан халықаралық турнир,велоспорттан ересектер арасында ҚР Кубогы, жасөспірімдер арасында ҚР чемпионаты, Аманбек Дмаилосовты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир, Олимпиада ойындары жеңімпаздарының қатысуымен алғаш рет Өнер орталығында ҚР «Спорт күні»мерекелік шарасы өтті,- деді Бақтияр Ғарифоллаұлы.

Туризм саласы да қарқынды дамып келеді. Биыл өңірдің туристік әлеуетін арттыру бағытында бірқатар ауқымды шаралар атқарылды. 2025 жылы жазғы маусымда облыста 13 шағын және 2 ірі демалыс орындары келушілерге сапалы қызмет көрсетті.

- Өңірге келген туристерге сапалы сервистік қызмет көрсету – өңірдің имиджіне тікелей әсер ететіндігі белгілі. Осы ретте, туристердің қызмет көрсету саласындағы сұраныстарын қанағаттандыру үшін өңірде халықаралық деңгейдегі «Rixos» және «Pana» қонақ үйлерінің құрылысы қарқынды жүруде. Сонымен қатар, «Қалалық мәдени және демалыс паркі» қайта жаңғыртудан өтіп пайдалануға берілді. «ҚР Тұңғыш Президенті саябағына» қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, заманауи үлгіде жабдықталған жаңа парк пайдалануға берілді. Осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жетілдіру үшін Қорқыт ата әуежайы ішінен туристік бұрыш орнатылды. Биылғы жылдың маусым айынан бастап өңірде Қызылорда - Анталия бағытында халықаралық рейс ашылды. Тұрақты рейс Қызылорда және Анталия арасында аптасына бір рет қатынауда. Аталған бағыттың ашылуы өз кезегінде әуежайдың ұшу географиясын кеңейтіп, шетелдік туристерді көптеп тартуға ықпал етеді,- деді Бақтияр Ғарифоллаұлы.

09 декабря 2025
АЙМАҚ БАСШЫСЫ ПАРАПАУЭРЛИФТИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ ПАРАПАУЭРЛИФТИНГТЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Мысырдың Каир қаласында өткен парапауэрлифтингтен Әлем чемпионатында жанкүйерлеріне тарихи алтын медаль сыйлаған, ересектер арасында чемпион атанған Фариза Төлжанмен және жасөспірімдер арасында топ жарған Снежанна Бойкомен кездесті. Спортшыларды жеңісімен құттықтап, өңірде спорт саласын дамытуда атқарылған жұмыстарды атап өтті.«Сіздер қажырлы еңбектің, жеңіске дегенерік-жігердің арқасында еліміздің көк байрағын әлемдік жарыста желбіретіп, Сыр елінің мерейін үстем еттіңіздер. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Спортшыларымыздың ерлігі – ел рухын көтеретін, ұлт бірлігін нығайтатын маңызды фактор» - деп атап өтті. Сіздердің жарқын жеңістеріңіз осының айқын дәлелі. Осы жолды әрі қарай жалғастырып, алдағы уақытта да еліміздің спорт саласын жаңа деңгейге көтеретіндеріңізге сеніміміз мол. Алда болатын байрақты бәсекелерде жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін жан-жақты қолдау көрсетіледі. Спорт — егемен еліміздің еңсесін көтеретін, Тәуелсіздігіміздің тұғырын бекітетін маңызды сала. Фариза мен Снежанна қарындастарымызды жарқын жеңісімен тағы да шын жүректен құттықтаймыз!Отбасыларыңызға амандық, Өздеріңізге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Кездесуда Төлжан Фаризаға Сыр жұртшылығының атынан жаңа пәтер кілті табысталды. Снежанна Бойко мен жаттықтырушы Бахытбек Болатбайұлына 1 млн. теңгеден қаржылай сыйақы берілді. Қызылорда облысының құрметті азаматы, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев пен “Астана сервис LTD” ЖШС директоры Мұса Әбдіқалықов құттықтау сөз сөйледі. Жиында әлем чемпионы Фариза Қалбайқызы, жаттықтырушы Бахытбек Балтабайұлы өз алғыстарын жеткізді. Аймақта спорт саласын дамыту бағытында ауқымды жобалар қолға алынып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соңғы үш жылда Сыр спортына қаржыландырудың барлық көзінен 64 млрд. 200 млн. теңге бөлінді. Биыл дене шынықтыру мен спортты дамытуға облыстық бюджеттен 38 млрд. 213 млн. теңге қаражат қаралды. 2022 жылдан бері 21 спорт кешені бой көтеріп, ел игілігіне табысталды. Елді мекендерде «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында тағы да 5 спорт кешені ашылады. Өткен аптада Шиелі ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді. Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясы ашылды. Биыл алғаш рет ерлер мен әйелдерге арналған «Қызылорда бокс клубы» жұмысын бастады. Президент қолдауымен Қызылорда қаласында 11 мың орындық жаңа стадион бой көтерді.

Бұдан бөлек, Qyzylorda Arena спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде.

09 октября 2025
ҚЫЗЫЛОРДАДА 11 МЫҢ ОРЫНДЫҚ ЖАҢА СТАДИОН АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА 11 МЫҢ ОРЫНДЫҚ ЖАҢА СТАДИОН АШЫЛДЫ

Қызылорданың сол жағалауында 11 мың көрерменге арналған жаңа стадионның ашылуы өтті. Салтанатты шара аясында футболдан ел Кубогының финалдық матчы ұйымдастырылды. Шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров арнайы келді. Сондай-ақ, қоғам қайраткерлері мен мыңдаған футбол жанкүйері жиналды.  Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі. "Бүгін - Қазақстанның спорт тарихындағы айтулы күн. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының аймақтарда спорт инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде стадиондар мен спорт кешендерін салу туралы тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласында жаңа стадион бой көтерді. Жаңа стадионымыздың ашылуы футболдан Қазақстан кубогының финалдық ойынымен тұспа-тұс келді. Жанкүйерлер асыға күтетін спорт мерекесі  отандық футбол тарихында алғаш рет Қызылорда қаласында өтуде. Бұл - сырбойылықтар үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш! Баршаңызды жаңа стадионның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Қаламызда жаңа нысанның салынуына ерекше қолдау білдірген Мемлекет басшымызға, Үкіметке барша Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Финалдық ойынды өткізуге бастамашы болып, ұйымдастырған Қазақстан футбол федерациясына зор ризашылығымызды жеткіземіз. Бүгінгі ойынға жолдама алған командаларға сәттілік тілеймін! Қазақстан футболының даңқы арта берсін!" – деді Нұрлыбек Машбекұлы. Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров жаңа стадионның ашылуы ел футболы үшін маңызды екенін атап өтті. «Құрметті қызылордалықтар және футбол жанкүйерлері! Сіздерді жаңа стадионның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – еліміздің футбол картасынан лайықты орын алатын заманауи арена. Қазақстан Кубогының финалы алғаш рет Сыр елінде өтіп отыр. Осы алаңда талай қызықты кездесулер мен ұмытылмас ойындар өтеді деп сенемін. Бүгінгі финал сол табысты жолдың бастауы болсын!» – деді Марат Талғатұлы.

 

22 августа 2025
СЫР ӨҢІРІНДЕ «АЛТЫН КҮЗ – 2025» АУЫЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ XXXVIII ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

СЫР ӨҢІРІНДЕ «АЛТЫН КҮЗ – 2025» АУЫЛ СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ XXXVIII ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДАСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Қызылорда қаласында «Алтын күз – 2025» ауыл спортшыларының XXXVIII облыстық спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бір аптаға жалғасатын дүбірлі додада жеті ауданнан келген 1000-ға жуық спортшы 18 спорт түрінен бақ сынайтын болады.

Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы, еңбек ардагері, ауыл шаруашылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбай Ұлықпанұлы қатысып, жарыс қатысушыларына сәттілік тіледі.

– Биыл дәстүрлі «Алтын күз» спартакиадасының ұйымдастырылып келе жатқанына 38 жыл толып отыр. Бұл жарыс ауылдық жердегі талай талантты спортшының шыңдалып, үлкен жетістіктерге жетуіне жол ашты. Алғаш рет Сырдария ауданы Тереңөзек кентінде өткен бұл дода қазір облыс көлемінде дәстүрге айналып, ауыл-аймақта бұқаралық спорттың дамуына ерекше серпін берді. Ең бастысы жастардың спортқа қызығушылығын арттырып, жігерін шыңдауға ықпал етіп келеді. Бүгінгі жарыста шын мықтылардың топ жарарына сенемін. Баршаңызды берекелі «Алтын күз» мерекесімен құттықтаймын!, – деді облыс әкімінің орынбасары Мейрамбек Зинабдинұлы.

Өз кезегінде еңбек ардагері Нұрлыбай ақсақал спортшыларға ақ батасын беріп, ізгі тілегін жеткізді.

Шара соңында жас спортшылар таеквондо және көркем гимнастикадан арнайы қойылым ұсынып, талантты өнерпаздардың гала-концертімен жалғасты.

22 августа 2025
СЫР ӨҢІРІНДЕ СПОРТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

СЫР ӨҢІРІНДЕ СПОРТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ШАРА ӨТТІ

Бүгін «Өнер орталығында» Спорт күніне арналған салтанатты шара өтті. Оған Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Ергешбаев, Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионаттарының жеңімпаздары Ермахан Ыбырайымов, Бақыт Сәрсекбаев, Елдос Сметов, Болат Жұмаділов, Нұрбақыт Теңізбаев, Әділбек Ниязымбетов, Ислам Байрамуков, Серік Елеуов, Қамшыбек Қоңқабаев, Мерей Ақшалов, Біржан Жақыпов, облыстық құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, зиялы қауым өкілдері, сала ардагерлері арнайы қатысты.

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты мерекемен құттықтап, спорт саласындағы бастамалар мен жетістіктерді атап өтті.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Қазақстан спорт державасы болуға тиіс. Сол үшін біз маңызды спорт нысандарын салып жатырмыз. Халықтың спортқа деген қызығушылығын арттыру – біздің ортақ міндетіміз» - деп, спорт инфрақұрылымын, соның ішінде стадиондар мен спорт кешендерін салуға тапсырма берген болатын.
Президентіміздің тапсырмасын орындау мақсатында өңірімізде спорт инфрақұрылымын дамытуға, бұқаралық спортпен шұғылданушылар санын арттыруға басымдық берілуде.
Қазіргі таңда аймағымызда 340 мыңнан астам тұрғын
спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Бұл - өңір халқының 40 пайызы. Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлайтын 33 спорт мекемесі жұмыс істейді. Соңғы 3 жылда 20 спорт кешені пайдалануға берілді. Биыл «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында елді мекендерде тағы 6 спорт кешені ел игілігіне табысталады.
Сыр өңірінің спортшылары әлемдік додалар мен
ел біріншіліктерінде әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп, еліміздің атын әлемге танытуда. Алдағы уақытта да аймақ спортының дамуына аянбай атсалысып, жаңа белестерді бағындыра береді деп сенемін. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!Мереке құтты болсын!», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Мерекелік шарада салауатты өмір салтын қалыптастыруға, бұқаралық спортты дамытуға сүбелі үлесін қосқан сала мамандары облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Концертте үрмелі аспаптар оркестрі халық әндеріне импровизация жасады, эстрада әншісі Бағлан Әбдірайымов ән шырқады.

Айта кету керек, Сыр өңірінің спортшылары халықаралық аренада көк туымызды көкке көтеріп келеді. Жыл басынан бері Әлем, Азия чемпионаттарынан 36 алтын, 22 күміс, 42 қола медаль жеңіп алды.
Ел біріншіліктерінен 118 алтын, 103 күміс, 151 қола медальға қол жеткізді.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

03 июля 2025
“СПОРТ ФЕСТИВАЛЬ - 2025” СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

“СПОРТ ФЕСТИВАЛЬ - 2025” СПОРТТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Бүгін Қызылорда қаласындағы демалыс паркінде облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының бастамасымен алғаш рет “Спорт фестиваль – 2025” атты ауқымды спорттық іс-шара өтті.

Фестиваль аясында жас спортшылар дзюдо, таеквондо, каратэ, үстел теннисі, көркем гимнастика, футбол фристайлы сынды спорттың бірнеше түрінен өнер көрсетіп, өздерінің шеберліктерін паш етті. Шараның негізгі мақсаты – жас буынның спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.

Іс-шараның ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы басшысының орынбасары Жігер Оңдасынұлы сөз сөйлеп, спорт фестивалінің маңыздылығына тоқталып, бұл шараның алдағы уақытта дәстүрлі түрде жыл сайын өткізіліп тұратынын жеткізді.

Сонымен қатар, халықаралық және республикалық жарыстарда ел намысын абыроймен қорғап жүрген бірқатар спортшыларға басқарма басшысының Алғыс хаты табысталды.

Іс-шара соңында көрермендер арасында арнайы сайыстар ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды. Жиналған жұртшылық естелік суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күйде тарқады.

03 июля 2025
СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 75 ПАЙЫЗЫ АЯҚТАЛДЫ

СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 75 ПАЙЫЗЫ АЯҚТАЛДЫ

Мемлекет басшысының өңірлердегі спорттық инфрақұрылымдарды дамыту тапсырмасы негізінде аймақ басшысының үлкен қолдауымен Қызылорда қаласының сол жағалауында жалпы құны 20,9 млрд теңгені құрайтын 11 мың орындық жаңа стадионның құрылысы жүргізілуде.
Қазіргі таңда стадион құрылысының 75 пайызы аяқталды. Сәйкесінше, батыс және шығыс трибуналарына металл конструкциялары орнатылып, қабырғалар, ішкі бөлмелер мен сыртқы витраждар қаланған.
Сондай-ақ, футбол алаңын жабдықтау, ішкі әрлеу, аумақты абаттандыру және сыртқы аумаққа тас төсеуіш орнату, ғимаратқа электр желілерін жүргізу жұмыстары қолға алынған.
Айта кетейік, жаңа стадионда жасыл алаңнан бөлек, спорттың бірнеше түріне арналған спорт залдары қарастырылған. Атап айтқанда, бокс, күрес залдары, көркем гимнастика, ауыр атлетика, таеквондо және жаттығу залдары қамтылады.

06 мая 2025
СЫР ЕЛІНДЕ БӘЙГЕДЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

СЫР ЕЛІНДЕ БӘЙГЕДЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТТІ

Бүгін Қызылорда қалалық ипподромында Бәйгеден Қазақсан Республикасының ІІ іріктеу кезеңінің чемпионаты өтті. Облысымызда үшінші мәрте ұйымдастырылған жүйріктер арасындағы тартысты бәсекеге барлық облыс және 3 қаладан 100-ге жуық сәйгүлік қатысты.
Салтанатты шараның ашылуына облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, ҚР Туризм және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, облыс әкімінің орынбасары, ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы Бахтияр Артаев, «Бәйге» федерациясының вице-президенті Мұрат Өсербаев қатысып, шабандоздарға сәттілік тілеп, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне қатысты.
- Бүгін Сыр елінде халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық спорты бәйгеден Қазақстан Республикасы чемпионаты ұйымдастырылды. Дәстүрлі түрде жалғасын тапқан ұлттық спорт жарыстары – ұлт руханиятын нығайтып, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтіні анық. Жүйріктер арасындағы дүбірлі додаға еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық сәйгүлік қатысуда. Шабандоздарымыз «Құнан бәйге», «Топ бәйге», «Аламан бәйге», «Ұшқыр бәйге» бойынша сынға түспек. Олай болса, жарыс қатысушыларына сәттілік тілеймін!, - деді Шахмардан Асқарұлы.
Шара барысында ҚР «Бәйге» федерациясының вице-президенті Мұрат Өсербаев құттықтау сөз сөйлеп, кіл мықтылар жиналған жүйріктер жарысы жоғары деңгейде өтетініне сенім білдірді. Сондай-ақ, ақсақал атамыз шабандоздарға ақ батасын беріп, ізгі тілегін білдірді.
Сонымен ең алғашқы 8 шақырымдық Құнан бәйгенің жүлдегері мен жеңімпаздарымен таныс болыңыздар:
V орын - Амангелді Нұрислам (Шымкент қаласы)
IV орын - Аңсар Арыстанбек (Алматы облысы)
III орын - Әділжан Асқарұлы (Алматы облысы)
II орын - Мерей Гарипуллин ( Алматы облысы)
I орын - Әміртай Аян (Жамбыл облысы)
14 шақырымға ұласқан Топ бәйгеде:
V орын - Санжар Иринат (Алматы облысы)
IV орын - Назар Жолаушы (Жамбыл облысы)
III орын - Мерей Гарипуллин (Алматы облысы)
II орын - Раян Тілеубай (Алматы облысы)
I орын - Сержан Бақтыбай (Алматы облысы)
Ұшқыр бәйгесі бойынша жеңімпаздар:
ІІІ орын - Иринат Санжар (Жамбыл облысы)
II орын - Әділет Рысбеков (Алматы облысы)
I орын –Сабыржан Байқұрман (Алматы қаласы)
Көрермендер көптен күткен 21 шақырымдық Аламан бәйгеде:
V орын - Манасбек Нұрхат (Жамбыл облысы)
IV орын - Орынбасар Нұрым (Жамбыл облысы)
III орын - Шыныбек Мырзахмет (Жамбыл облысы)
II орын - Амир Аманұлы (Жамбыл облысы)
I орын –Ілесбек Дамир (Жамбыл облысы)
Барша жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлеріне серіктестер атынан қаржылай сертификаттар мен арнайы дипломдар табысталды.

06 мая 2025
КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ ТӘЙІМБЕТ КӨМЕКБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

КЕҢЕС ОДАҒЫНЫҢ БАТЫРЫ ТӘЙІМБЕТ КӨМЕКБАЕВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен ересектер арасындағы халықаралық турнирдің ашылу рәсімі өтті. Турнирге 10-нан астам мемлекеттен, еліміздің әр өңірінен келген балуандар 10 салмақ дәрежесінде белдеспек.
Рәсімге Тәйімбет Көмекбаевтың ұлы, ІІ дәрежелі «Даңқ» орденінің иегері, генерал-майор Бағбан Тәйімбетов, ҚР Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті Дәурен Жабасов, басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Аймақ басшысы қатысушыларға сәттілік тілеп, өңірдің спорт саласындағы ауқымды жұмыстарға тоқталды.
«Алаштың анасы атанған қасиетті Сыр өңіріне қош келдіңіздер!
Баршаңызды Кеңес Одағының батыры, даңқты жерлесіміз Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен халықаралық турнирдің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын!
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда «Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі», – деген болатын.
Сыр өңірінде соңғы үш жылда 18 спорт кешені салынып, іске қосылды. Өткен жылы «Самұрық қазына траст» қорымен бірге құны 3 млрд. 400 млн теңге болатын «Үстел теннисі орталығы» салынып, халыққа қызмет етуде. Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сай 11 мың орындық орталық стадион салынуда. «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешенінің құрылысы басталды. Келесі жылы ел игілігіне табысталады. «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен көпсалалы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Жаңа нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Алдағы мамыр айында бірқатар спорттық үйірмені қоса қамтитын «Шығармашылық академиясы» ашылады.
Спорт – мемлекетіміздің мерейін үстем ететін, тұрғындарды салауаттылыққа жетелейтін маңызды сала. Бүгінгі халықаралық жарыс өздеріңізге қарап бой түзейтін жастарымызды елжандылыққа тәрбиелеп, спорттағы бәсекелестікті қалыптастыруға, татулықты нығайтуға септігін тигізетін дода болады деп сенеміз. Жарысқа қатысушыларға сәттілік, шын мықтыларға жеңіс тілеймін», – деді Н. Нәлібаев.
Салтанатты ашылу рәсімінде ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин, батырдың ұрпағы Ардашер Шайымбетов сөз сөйледі.
Жарыстың қадірлі қонағы, қырғыздың атақты балуаны, Әлемнің екі дүркін, Азияның үш дүркін чемпионы, Олимпиаданың күміс және қола медальдарының иегері Ақжол Махмудовқа дәстүрге сай иығына шапан жабылды.
Айта кетейік, Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевтың есімін ұрпақ жадында қалдыру мақсатында жыл сайын түрлі шаралар өткізіліп келеді. Биылғы еске алу шарасының ерекшелігі – грек-рим күресінен халықаралық турнир тұңғыш рет ұйымдастырылуда. Бұған дейін батыр ұрпақтары үйлестіріп келген турнир биылдан бастап облыс әкімдігінің қолдауымен халықаралық деңгейде өткізілуде.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы