Бүгін Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан Теннис орталығында маңызды әрі тағылымды шара өтті. Облыстық ардагерлер арасында ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақтан айтулы сайыс ұйымдастырылды.
Шара барысында аға буын өкілдеріне ерекше құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, аймақ басшысы Мұрат Нәлқожаұлының арнайы құттықтау хаты табысталып, туған күн иелері атанған біршама ардагерлерге ізгі лебіздер білдірілді.
Ұлттық спортты ардагерлер арасында кеңінен дәріптеу, ұлттық құндылықтарды насихаттау және алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында маңызды құжат әзірленді. Осы орайда, Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесі мен Қызылорда облыстық Тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Рәсімді Қызылорда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Әбішұлы және Тоғызқұмалақтан облыстың аға жаттықтырушысы Біржан Елеусінов шақырылып, тараптар меморандумға салтанатты түрде қол қойды.
Бұл бастама аймақтағы ардагерлер қозғалысын жаңа деңгейге көтеріп, зияткерлік ойынның дамуына серпін бермек.