СПОРТ САЛАСЫ БОЙЫНША
Өңірімізде 2025 жылдың қорытындысымен 377 мыңнан астам тұрғын яғни халықтың 44,6 пайызы (377 263 адам/ ауылдық жерде – 204 206) бұқаралық спортпен жүйелі түрде шұғылданады.
Қазіргі таңда, облыс бойынша 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спорттың 38 түрі бойынша 646 жаттықтырушы-оқытушы 22 099 спортшыны тұрақты оқу-жаттығу процесімен қамтамасыз етуде.
Облысымызда 1 538 (13 стадион, 60 спорт кешендері, 1 футбол манежі, 1 жеңіл атлетикалық манеж, 1 есу базасы, 5 ату тирі, 1425 жазықтықтағы құрылғылар, 17 теннистік корт, 1 хоккей корты, 3 ипподром, 11 жүзу бассейні) спорт нысаны бар. Спорт нысандарымен қамтамасыз ету 56,5% құрап отыр.
2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша 2 – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, 2 – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 6– ҚР спорт шебері, 96 – ҚР спорт шеберлігіне кандидат спортшылар әзірленді.
2026 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңір спортшылары Әлем, Азия чемпионатынан 7 (5 алтын, 1 күміс, 1 қола) медалдарды жеңіп алса, ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 149 (54 алтын, 43 күміс, 52 қола) медальдарға қол жеткізген.
Бұқаралық дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында жыл басынан бері облыс көлемінде 250-ге жуық спорттық іс-шара өткізіліп, 35 мыңға жуық адам қатысты.
Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 3 - ҚР чемпионаттары мен кубоктары, 10 республикалық турнирлер, 35 облыстық біріншіліктер мен турнирлер өткізілді.
Облыс бойынша 2026 жылы 3 спорттық ғимараттардың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдаланылуға берілді.
Олар – «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 2 спорт кешен Қазалы ауданы Бекарыстан би, Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылдарында және «Қазақстан халқы қорының демеушілігімен» 1 «Инклюзивті спорт орталығы». 2026 жылы жүргізіліп жатқан 4 құрылыс нысандарына тоқтала кететін болсақ, 3 нысан – Қазалы ауданы Қожабақы ауылы мен Әйтеке би кенті, Арал ауданы Шижаға ауылында спорт нысандарының «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2026 жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарлануда. 1 нысан – облыс орталығында құны 20 млрд.500 млн теңгені құрайтын аумағы 25 мың шаршы метрлік көпбейінді «Қызылорда Арена» спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде. 2026 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.