2025 жылдың қорытынды есебі бойынша мәлімет
Қазіргі таңда, облыс бойынша 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спорттың 38 түрі бойынша 646 жаттықтырушы-оқытушы 22 099 спортшыны тұрақты оқу-жаттығу процесімен қамтамасыз етуде.
Облысымызда 1538 спорт нысаны бар. Спорт нысандарымен қамтамасыз ету 56,5% құрап отыр. 2025 жылғы 12 ай қорытындысы бойынша 9 – халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 45– ҚР спорт шебері, 975 – ҚР спорт шеберлігіне кандидат спортшылар әзірленді.
2025 жылы 12 айда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңір спортшылары Әлем, Азия чемпионатынан 55 алтын, 38 күміс, 53 қола медалдарды жеңіп алса, ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 158 алтын, 154 күміс, 227 қола медальдарға қол жеткізген.
Бұқаралық дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында жыл басынан бері облыс көлемінде 146 спорттық іс-шара өткізіліп, 26 980 мыңға жуық адам қатысты.
Облыс бойынша 2025 жылы 9 спорттық ғимараттардың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдаланылуға берілді.
Олар – «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 6 спорт кешен Қармақшы ауданы III Интернационал, Ақай және Жаңажол ауылдарында, Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылы, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында 1 спорт кешен Арал ауданы Жақсықылыш кентінде, Шиелі ауданы Шиелі кенті, облыстық бюджет есебінен 1 спорт кешен Сырдария ауданы Бесарық ауылынан, «Қазақстан халқы қорының демеушілігімен» 2 спорт кешен Шиелі ауданы Досбол датқа және Жалағаш ауданы Аққыр ауылдарында, 1 стадион Қызылорда қаласының сол жағадауынан. Қазақстан Халқына қоғамдық қорының қолдауымен қаланың сол жағалауынан мүгедектігі бар жандарға арналған жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.
2025 жылы жүргізіліп жатқан 7 құрылыс нысандарына тоқтала кететін болсақ: 4 нысан – Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, Бекарыстан би және Қожабақы ауылы, Арал ауданы Шижаға ауылында құрылысы жүргізілуде.