Туризм саласы бюджетке түсетін салық түсімдері, жұмыс орындарының санын ұлғайту және шетел валютасының түсуі есебінен ел экономикасындағы маңызды секторлардың бірі болып табылады.
Қолайлы географиялық жағдайға ие бірегей табиғи, мәдени және тарихи мұра объектілері, қолайлы климаты бар Қызылорда облысы туризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие.
Осы ретте, «2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму жоспарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» шеңберінде туризм саласы бойынша өңірімізге 2 көрсеткіш бекітілген: 2025 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен:
- Ішкі туристер 147 606 адам (меже 150 000) (2024 жылдың сәйкестік кезеңінде 110 461 адам);
- Сыртқы туристер 9 894 адам (меже 10 000) (2024 жылдың сәйкестік кезеңінде 6 159 адам);
Сонымен қатар, туризм саласының инвестициясы 2025 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысымен 54,2 млрд. теңгені құрап, былтырғы жылдың сәйкестік(29,9 млрд. тг.) кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге өсті.
Облыста жалпы саны 169 қонақ үйі және 55 хостел, мотель, жалға берілетін тұрғын үйлер мен пәтерлер қызмет етуде, оның ішінде 4 қонақ үйдің жұлдыз дәрежесі бар. (Сұлтан Плаза *5, отель Крез *4, Мираж *3, Каир *1).
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында қызмет көрсету деңгейін көтеру жөнінде тапсырмасына сәйкес, бүгінгі күнге облыс аумағындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізінің бойындағы сервистік нысандардың 94,5% стандартқа сәйкестендіріліп отыр (барлығы – 55, сәйкес – 52).
Сонымен қатар, облыс аумағында жалпы саны 556 ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 2 ансамбльдер, 23 киелі объектілер, 131 археологиялық ескерткіштер, 242 қала құрылысы және сәулет ескерткіштері және 158 монументтік өнер құрылыстары бар.
Облысымыз медициналық туризм бағыты дамыған өңірлердің қатарында екені белгілі. Бүгінгі таңда, Жаңақорған ауданында елімізге танымал
5 шипажай қарқынды жұмыс істеп келеді. Келушілер саны жылдан-жылға көбеюде және шипажай қызметін пайдаланушылардың сұранысы артуда.
Бұған қоса, а.ж. 20 мамырында «ГеоПарк Арал» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының аясында «GEOPARK ARAL» сапар орталығы ашылды. Аталған нысан - тек инфрақұрылымдық жоба емес, бұл Арал өңірінің табиғи, тарихи, геологиялық, мәдени және экологиялық бай мұрасын сақтау мен танытудың, сондай-ақ халықаралық стандарттарға сай туристік орталық болып саналады.
Сондай-ақ, а.ж. маусым айында Мәскеу төрінде бастау алған «Еуразия жүрегіне саяхат – 2025» бірегей туристік танымдық экспедициясы тарих пен тағылым ордасы а.ж. 23-25 маусымы аралығында Сыр өңірінде жалғасты. Құрамында Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан мемлекеттерінен келген 100-ден аса турист сан ғасырлық тарихы бар қалаларды аралап, әдет-ғұрпымен мәдениетімен танысты.
Танымдық экспедициясының мақсаты - Орталық Азия елдері мен Ресей арасындағы іскерлік, гуманитарлық және ғылыми байланыстарды нығайту, сондай-ақ халықаралық әріптестікті дамытуға бағытталған.
Одан бөлек, өңірде балалар туризмін дамыту мақсатында а.ж. 28 маусымында облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм, облыстық білім және мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларының және туристік агенттік өкілдері, БАҚ өкілдерімен қаладағы «Зерентай» балалар тынығу-сауықтыру лагерінің оқушыларына Қызылорда қаласының спорттық және туристік орындарымен таныстыру мақсатында танымдық тур ұйымдастырылды.
Сапар аясында балалар Қызылорда қаласындағы, «Мұз айдыны» орталығына қаланың сол жағалауында орналасқан «Үстел теннисі» орталығына және Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде болды.
Халықаралық туризм күніне орай 2025 жылдың қыркүйек айында «DRIVE FORUM BAIKONUR» фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальге Ресей, Түркия, Түркменстан және Қырғызстан мемлекеттерінен 60-қа жуық турист қатысты. Фестиваль бағдарламасы бойынша қонақтар Байқоңыр қаласындағы мәдени-танымдық нысандармен, сондай-ақ «Байқоңыр» ғарыш айлағының тарихи орындарымен танысты.
2025 жылдың қазан айында Сыр өңірінің туристік әлеуетін арттыру және трансшекаралық геопарк құрудың тиімді тәжірибесін зерделеу мақсатында Қарақалпақстан Республикасының делегациясы Қызылорда облысына арнайы сапармен келді. Кездесу барысында Қызылорда облысының әкімдігі мен Қарақалпақстан Республикасының өкілдері трансшекаралық геопарк құру бойынша негізгі бастамаларды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
2025 жылдың қазан айында Алматы қаласындағы Өзбекстан Республикасының Бас консулы Раушанбек Маратұлы Сыр өңіріне жұмыс сапарымен арнайы келді. Сапар аясында Қызылорда облысының туризм саласын дамыту аясында қабылданған нақты шаралар мен атқарылған жұмыстар жөнінде бірқатар мәселелерді талқылады.
2025 жылдың қазан айының 9-10 күндері әйгілі «Race Across the World» атты британдық телевизиялық саяхат-жарыс жобасының қатысушылары Қызылорда қаласына келді. Бағдарламаның басты мақсаты – қатысушылардың шектеулі бюджет пен белгілі бір уақыт ішінде бір елден екінші елге дейін түрлі көлік түрлерін пайдалана отырып, ең жылдам жетуін қамтамасыз ету. Бұл шоу көрермендерге әлем елдерінің табиғаты мен мәдениетін, халқының қонақжайлылығы мен тұрмыс-тіршілігін танытуды көздейді. Сапар аясында бағдарлама қатысушылары Сыр өңірінің мәдени және спорттық нысандарымен танысып, қала өміріне куә болды. Олар сондай-ақ «Евразия» спорт кешенінде дзюдо спорт түрінен өткен сайысты тамашалады.