Меню

Страницы

Статья

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының 9 айында атқарылған жұмыстары жөнінде анықтама

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының 9 айында атқарылған жұмыстары жөнінде анықтама

Қазіргі таңда, облыс бойынша 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спорттың 46 түрі бойынша 670 жаттықтырушы-оқытушы 22 655 спортшыны тұрақты оқу-жаттығу процесімен қамтамасыз етуде.
Облысымызда 1494 спорт нысаны бар. Спорт нысандарымен қамтамасыз ету 46,2% құрап отыр. 2025 жылғы 9 ай қорытындысы бойынша 4 – ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 23– ҚР спорт шебері, 467 – ҚР спорт шеберлігіне кандидат спортшылар әзірленді.
2025 жылы 9 айда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңір спортшылары Әлем, Азия чемпионатынан 137 (52 алтын, 35 күміс, 50 қола) медалдарды жеңіп алса, ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 515 (152 алтын, 147 күміс, 216 қола) медальдарға қол жеткізген.
Бұқаралық дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында жыл басынан бері облыс көлемінде 547-ге жуық спорттық іс-шара өткізіліп, 119 мыңға жуық адам қатысты.
Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 14 - ҚР чемпионаттары мен кубоктары, 31 республикалық турнирлер, 8 халықаралық турнир, 93 облыстық біріншіліктер мен турнирлер өткізілді.
Облыс бойынша 2025 жылы 9 спорттық ғимараттардың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдаланылуға берілді.
Олар – «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 4 спорт кешен Қармақшы ауданы III Интернационал, Ақай және Жаңажол ауылдарында, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында 1 спорт кешен Арал ауданы Жақсықылыш кентінде, облыстық бюджет есебінен 1 спорт кешен Сырдария ауданы Бесарық ауылынан, «Қазақстан халқы қорының демеушілігімен» 2 спорт кешен Шиелі ауданы Досбол датқа және Жалағаш ауданы Аққыр ауылдарында, 1 стадион Қызылорда қаласының сол жағадауынан.
2025 жылы жүргізіліп жатқан 7 құрылыс нысандарына тоқтала кететін болсақ: 6 нысан – Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, Бекарыстан би және Қожабақы ауылы, Арал ауданы Шижаға ауылы, Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі спорт нысандары 2024 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жұмысы басталды. Өтпелі нысандар. 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарлануда.
1 нысан – Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. 2025 жылы облыстық бюджет есебінен басталуы күтілуде.

Дата публикации
09 октября 2025
Дата обновления
09 октября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
11 августа 2026
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының халықпен жұмыс туралы 2026 жылдың ІІ тоқсаны бойынша есебі
Мақалалар
11 августа 2026
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасында 2026 жылдың II тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүйелі түрде атқарылған жұмыстар төмендегіше қалыптасты.
11 августа 2026
Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы бойынша бюджет қаражатының 2026 жылдың 1 тамыз айына атқарылуы туралы мəлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы