Меню

Страницы

Статья

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының І тоқсанда атқарылған жұмыстары жөнінде АНЫҚТАМА  

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының І тоқсанда атқарылған жұмыстары жөнінде

АНЫҚТАМА

 

Аймақ басшысының тікелей тапсырмасымен Сыр спортын дамытуда тағы бір байыпты бастама жүзеге асырылды. Атап айтсақ, осы уақытқа дейін өзге мекемені жалға алып отырған басқармаға бағынысты бірқатар мектептер тұрақты спорт ғимараттарына көшті. 

Бүгінгі күні Қызылорда қаласындағы «Ғ.Мұратбаев атындағы облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөсіпірімдер мектебі», «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебі», «Қайсар ойын түрлері бойынша спорт клубы» ендігі кезекте Ғ.Мұратбаев атындағы стадионның ғимаратына көшіріліп, өз жұмыстарын жалғастыруда. Ал, «Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы» мекемесі  «Тарлан» бокс клубына ауысты. 

Қазіргі таңда жоғарыда аталған спорт мекемелерін тұрақты ғимараттарға ауыстыру арқылы 21 млн 878 мың теңге қаржы үнемделді.

Қазіргі таңда, облыс бойынша 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде спорттың 46 түрі бойынша 670 жаттықтырушы-оқытушы 22 655 спортшыны тұрақты оқу-жаттығу процесімен қамтамасыз етуде.

Облысымызда 1494 (12 стадион, 47 спорт кешендері, 1 футбол манежі, 1 жеңіл атлетикалық манеж, 1 есу базасы, 12 ату тирі, 1390 жазықтықтағы құрылғылар, 13 теннистік корт, 1 хоккей корты, 3 ипподром, 9 жүзу бассейні) спорт нысаны бар. Спорт нысандарымен қамтамасыз ету 46,2% құрап отыр.

2025 жылдың 3 ай қорытындысы бойынша 1 – ҚР спорт шебері, 141 – ҚР спорт шеберлігіне кандидат спортшылар әзірленді.

2025 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстардың нәтижесінде өңір спортшылары Азия чемпионатынан 1 (1 күміс) медалдарды жеңіп алса, ҚР чемпионаттары мен кубоктарынан 128 (67 алтын, 27 күміс, 34 қола) медальдарға қол жеткізген.

Бұқаралық дене шынықтыру мен спортты насихаттау мақсатында жыл басынан бері облыс көлемінде 387-ге жуық спорттық іс-шара өткізіліп, 83 550 адам қатысты.

Облыстық бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес 3 - ҚР чемпионаттары мен кубоктары, 6 республикалық турнирлер, 1 халықаралық турнир, 26 облыстық біріншіліктер мен турнирлер өткізілді.

Облыс бойынша 2025 жылы 6 спорттық ғимараттардың құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдаланылуға берілді.

Олар – «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 3 спорт кешен Қармақшы ауданы III Интернационал және Жаңажол ауылдарында, Жалағаш ауданы, Жалағаш кентінде, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы» аясында 1 спорт кешен Арал ауданы Жақсықылыш кентінде, облыстық бюджет есебінен 1 спорт кешен Сырдария ауданы Бесарық ауылынан, «Қазақстан халқы қорының демеушілігімен» 1 спорт кешен Шиелі ауданы Досбол датқа ауылында.

2025 жылы жүргізіліп жатқан 10 құрылыс нысандарына тоқтала кететін болсақ:

  • 1 нысан – Қызылорда қаласындағы 11 000 орынға арналған стадион құрылысы. 2024 жылдан бері облыстық бюджет есебінен жүргізілуде. 2025 жылдың мамыр айында пайдалануға берілуі жоспарлануда.
  • 7 нысан – Қазалы ауданы Әйтеке би кенті, Бекарыстан би және Қожабақы ауылы, Арал ауданы Шижаға ауылы, Қармақшы ауданы Ақай ауылы, Жаңақорған ауданы Келінтөбе ауылы, Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі спорт нысандары 2024 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жұмысы басталды. Өтпелі нысандар. 2025 жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарлануда.
  • 1 нысан – Қазақстан халқы қорының демеушілігімен 2024 жылы басталды. Ол –Жалағаш ауданы Аққыр ауылындағы спорт кешен. Аталған нысанды, 2025 жылдың соңына дейін пайдаланылуға беру жоспарлануда.

1 нысан – Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы. 2025 жылы облыстық бюджет есебінен басталуы күтілуде.

 

«МЕМЛЕКЕТТІК СПОРТТЫҚ СЕКЦИЯЛАРЫН ЖАН БАСЫНА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША

СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫ 2024 жылдың 12 айында

Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) іске асыру үшін 2024 жылға 4 807 млн. теңге бөлініп, игерілген қаржы – 1 907  млн. теңге.

Ағымдағы жылы спорттық тапсырыс бойынша 174 өнім беруші, спорттың 19 түрінен, 758 секция 16 423-ваучер болған. .Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларды жан басына қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) іске асыру үшін 2025 жылға 5 060 млн. теңге бөлінді.

Ағымдағы жылға спорттық тапсырыс бойынша 49 өнім беруші, спорттың 19 түрінен, 149 секция 3617 ваучер бар.

Дата публикации
10 апреля 2025
Дата обновления
10 апреля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
11 августа 2026
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының халықпен жұмыс туралы 2026 жылдың ІІ тоқсаны бойынша есебі
Мақалалар
11 августа 2026
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасында 2026 жылдың II тоқсаны бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жүйелі түрде атқарылған жұмыстар төмендегіше қалыптасты.
11 августа 2026
Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы бойынша бюджет қаражатының 2026 жылдың 1 тамыз айына атқарылуы туралы мəлімет

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы