Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының І тоқсанда атқарылған жұмыстары жөнінде
АНЫҚТАМА
ОБЛЫСТАҒЫ ТУРИЗМ САЛАСЫНЫҢ ДАМУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ Нысаналы индикаторлар
«2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бекітілген Ұлттық жоба» шеңберінде туризм саласы бойынша өңірімізге 4 көрсеткіш бекітілген: 2024 жылы:
- Ішкі туристер 110 461адам*(меже 142 000)– ІІІ тоқсанның қорытындысымен;
- Сыртқы туристер 6 159 адам*(меже 8 000) – ІІІ тоқсанның қорытындысымен;
- Нөмірлік қор 4 712 төсек-орын*(меже 4 056) - ІІІ тоқсанның қорытындысымен;
Анықтама үшін: Ресми статистикалық ақпарат 1 тоқсанға кешігіп жарияланады.
-Туризм саласының инвестициясы 2025 жылдың ақпан айының қорытындысымен 9,3 млрд. теңгені құрады. (меже 24,2 млрд. тг) (2024 жылдың сәйкестік кезеңімен 4,0 млрд.теңге).
Орналастыру орындары
Бүгінде облыс бойынша 4 712 төсек-орны бар 166 орналастыру орындары жұмыс жасауда. Олардың
110-ы қонақ үй және қалған 56-ы хостел, мотель, жалға берілетін тұрғын үйлер мен пәтерлер болып табылады.
Қонақ үйлердің ішінде 110 қонақ үйдің 5-де жұлдыз дәрежесі бар. Олар:
- «Sultan Plaza Hotel» - 5 жұлдыз;
- «Hotel KREZ» - 4 жұлдыз;
- «Қызылорда» қонақ үйі - 3 жұлдыз;
- «Мираж» қонақ үйі – 3 жұлдыз;
- «Каир» қонақ үйі - 1 жұлдыз.
Облыстағы орналастыру орындарында төсек-тәуліктің орташа құны 9 731 теңгені құрайды.
2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысымен орналастыру орындарымен 116 620 адам қабылданған.
Келушілердің 6 159-ы шетел азаматтары болып табылады.
Орналастыру орындарында келушілерге көрсетілген қызмет көлемі 1 548 830 мың теңгені құрады.
Туристік аймақтар
Демалыс аймақтар
Жазғы демалыс маусымында облыста 13 шағын және 2 ірі демалыс орындары жұмыс істейді. 2024 жылдың маусымдық кезеңінде демалушылар саны 120 000-ға жуық адамды құрады.
Оның ішінде 80 мыңға жуық демалушыны 2 ірі «Қамыстыбас» (Қамбаш 50 000 адам) және «Ханқожа көлі» (Бәйгеқұм 30 000 адам) демалыс аймақтары қабылдаған.
Шипажайлар
Қазіргі уақытта облыста жалпы сыйымдылығы 806 орынға есептелген 5 шипажай жұмыс істеуде. 2025 жылдың 1 наурзына дейін келген келушілер саны 2 004 адамды құрады.
- «Жаңақорған Шипажайы» АҚ (380 орын, келушілер 1392 адам);
- «шипажай Жаңақорған» ЖШС (76 орын, 158 адам);
- «Ақ-Шуақ» ЖШС (80 орын, 54 адам);
- «Орда-Сығанақ» ЖШС (120 орын, 342 адам).
- «Жан Арай» ЖШС (150 орын, 58 адам).
Жол бойы сервистік кешендер
Бүгінгі күнге, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік дәлізінің Қызылорда облысы бөлігінде 55 жол бойы қызмет көрсету кешені жұмыс жасауда. Оның ішінде, 52-і немесе 94,5% Ұлттық стандартқа сәйкес келеді.
Анықтама ретінде:
«А» санаты бойынша 1 нысан;«B» санатында 9 нысан;
«C» санаты 26 нысан; «D» санаты бойынша 19 нысан;
Одан бөлек, 2023 жылы жол бойы кешені жанында орналасқан 17 санитарлық-гигиеналық тораптарды күтіп – ұстау шығындары мемлекеттің қолдау құралдары аясында субсидияланса, 2024 жылы 14 кәсіпкерден өтінім түсіп, комиссия отырысында қолдау тауып, субсидияланды.