Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының 2024 жылдың ІV тоқсаны бойынша есеб
2024 жылдың 12 айында жоғары білікті спортшылар және спорт резервін әзірлеу бағынытында 4 халықаралық турнир,
17 Қазақстан Республикасының чемпионаты мен кубогы
31 республикалық және облыс біріншілігі мен турнир ұйымдастырылып, оған 35 550 спортшы қатысты.
Нәтижесінде, спортшыларымыз ҚР чемпионаты мен кубоктарынан 808 медаль (271 алтын, 242 күміс, 295 қола), Әлем және Азия чемпионаты мен кубоктарынан 120 медальға (44 алтын, 40 күміс, 36 қола) қол жеткізді.
2024 жылы жалпы спорт түрлері бойынша ҚР Ұлттық құрама командасына облыстан 690 спортшы енген.
2024 жылдың басты спорттық додасы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына аймағымыздан 7 жолдама алған спортшылар (бокстан - Қ. Қоңқабаев, грек-рим күресінен - А. Сұлтанғали, дзюдодан - А. Жұбаназар мен Н. Шархан және отырып ойнау волейболынан - Э. Қасқабаев, Ш. Медеуов, Парапауэрлифтингтен - С. Шакиев, Пара жеңіл атлетикадан - Е. Жоламан) бар.
Осы ретте спортшыларымыздың Жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына жолдама жеңіп алуы үшін барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып жан-жақты қолдаулар көрсетудеміз.
2024 жылы облыста жүйелі дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар үлесі – 40,4% немесе 342 223 адамды құрады.