Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының халықпен жұмыс туралы 2024 жылдың ІV тоқсаны бойынша есебі
Басқарма ғимаратында тұлғалардың шағымдары мен өтініштерін жинау жәшігі орналастырылған.
2024 жылдың ІV тоқсанында басқармаға жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 110 өтініш келіп түсті, оның ішінде жеке тұлғалардан – 99 өтініш келіп түссе, заңды тұлғалардан -11 өтініш түскен. Жеке қабылдауда болған азаматтар – 10. Барлық түскен өтініштер қаралып, өз мерзімінде орындалып, өтініш иелеріне жауап жолданды.
Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкiлдерiн жеке қабылдау тәртібі Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы№ 350-VI Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.