Туризм саласы бюджетке түсетін салық түсімдері, жұмыс орындарының санын ұлғайту және шетел валютасының түсуі есебінен ел экономикасындағы маңызды секторлардың бірі болып табылады.
Қолайлы географиялық жағдайға ие бірегей табиғи, мәдени және тарихи мұра объектілері, қолайлы климаты бар Қызылорда облысы туризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие.
Осы ретте, «2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасы» шеңберінде туризм саласы бойынша өңірімізге 4 көрсеткіш бекітілген: Бұл ретте 2024 жылдың 3 тоқсанының қорытындысымен:
- Ішкі туристер саны 63 698 адам құрап (жылдық жоспар 142 000) жылдық жоспар 44,8 пайызға орындалды;
- Сыртқы туристер саны 3 016 адамды құрап, (жылдық жоспар 8 000) жылдық жоспар 37,7 пайызға орындалды;
- Нөмірлік қор 4366 төсек-орынды құрап, (жылдық жоспар 4 056) жылдық жоспар 107,6 пайызға орындалды;
- Туризм саласына салынған инвестиция көлемі 2024 жылдың қаңтар-тамыз айының қорытындысымен 19,3 млрд. теңгені құрап, (жылдық жоспар 19,7 млрд. тг) жылдық жоспар 98,0 пайызға орындалды.
Облыста жалпы саны 110 қонақ үйі және 47 хостел, мотель, жалға берілетін тұрғын үйлер мен пәтерлер қызмет етуде, оның ішінде 5 қонақ үйдің жұлдыз дәрежесі бар. (Сұлтан Плаза *5, Крез *4, Қызылорда *3, Мираж *3, Каир *1).
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында қызмет көрсету деңгейін көтеру жөнінде тапсырмасына сәйкес, бүгінгі күнге облыс аумағындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізінің бойындағы сервистік нысандардың 92,7% стандартқа сәйкестендіріліп отыр (барлығы – 55, сәйкес – 51).
Сонымен қатар, облыс аумағында жалпы саны 556 ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 2 ансамбльдер, 23 киелі объектілер, 131 археологиялық ескерткіштер, 242 қала құрылысы және сәулет ескерткіштері және 158 монументтік өнер құрылыстары бар.
Облысымыз медициналық туризм бағыты дамыған өңірлердің қатарында екені белгілі. Бүгінгі таңда, Жаңақорған ауданында елімізге танымал
4 шипажай қарқынды қызмет көрсетуде. Келушілер саны жылдан-жылға көбеюде және шипажай қызметін пайдаланушылардың сұранысы артуда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы аясында наурыз айында Пекин қаласында туризм жылының ашылу салтанаты, сәуір айында Алматы қаласында өткен «КИТФ-2024» Халықаралық туристік көрмесі өтті.
Аталған іс-шараларда өңірдің туристік дестинациялары, тарихи нысандары және жергілікті кәсіпкерлердің өнімдері таныстырылды.
2024 жылдың ІІ тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар
Туризм саласы бюджетке түсетін салық түсімдері, жұмыс орындарының санын ұлғайту және шетел валютасының түсуі есебінен ел экономикасындағы маңызды секторлардың бірі болып табылады.
Қолайлы географиялық жағдайға ие бірегей табиғи, мәдени және тарихи мұра объектілері, қолайлы климаты бар Қызылорда облысы туризмді дамыту үшін зор әлеуетке ие.
Осы ретте, «2021-2025 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасы» шеңберінде туризм саласы бойынша өңірімізге 4 көрсеткіш бекітілген: Бұл ретте 2024 жылдың 1 тоқсанының қорытындысымен:
- Ішкі туристер саны 25 343 адам құрап (жылдық жоспар 102 000) жылдық жоспар 24,8 пайызға орындалды;
- Сыртқы туристер саны 595 адамды құрап, (жылдық жоспар 5560) жылдық жоспар 10,7 пайызға орындалды;
- Нөмірлік қор 4258 төсек-орынды құрап, (жылдық жоспар 4 056) жылдық жоспар 104,9 пайызға орындалды;
- Туризм саласына салынған инвестиция көлемі 2024 жылдың қаңтар-мамыр айының қорытындысымен 12,2 млрд. теңгені құрап, (жылдық жоспар 19,7 млрд. тг) жылдық жоспар 61,9 пайызға орындалды.
Облыста жалпы саны 110 қонақ үйі және 40 хостел, мотель, жалға берілетін тұрғын үйлер мен пәтерлер қызмет етуде, оның ішінде 5 қонақ үйдің жұлдыз дәрежесі бар. (Сұлтан Плаза *5, Крез *4, Қызылорда *3, Мираж *3, Каир *1).
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы республикалық маңызы бар автокөлік жолдарында қызмет көрсету деңгейін көтеру жөнінде тапсырмасына сәйкес, бүгінгі күнге облыс аумағындағы «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автодәлізінің бойындағы сервистік нысандардың 92,4% стандартқа сәйкестендіріліп отыр (барлығы – 53, сәйкес – 49).