«Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы) дене шынықтыру, спорт және туризм салаларында функцияларды жүзеге асыруға Қызылорда облысының әкімдігі уәкілеттік берген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының ведомстволары жоқ.
3. Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ,
осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкiлеттiк берiлген жағдайда ол мемлекеттiң атынан
азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қызылорда облысының дене шынықтыру,
спорт және туризм басқармасы басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.
8. Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы құрылымы мен штат санының лимитi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекiтiледi.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: индексі 120008, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 1 ғимарат.
10. Осы Ереже Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы өкілеттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда алынған кiрiс,
егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жiберiледi.
2-тарау. Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) дене шынықтыру, спорт және туризм саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және дамыту;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы өзiне жүктелген мiндеттердi және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекiтiлген тәртiппен:
мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды атқаруға құқылы;
2) міндеттері:
заңды және негiзделген шешiмдер қабылдауға;
қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
жеке және заңды тұлғалардың Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына жолдаған өтініштерін қарауға, олардың орындалуын бақылауға, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және тәртіппен олар бойынша жауаптар беруге;
жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауды ұйымдастыруға;
қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де міндеттерді іске асыруға міндетті.
15. Функциялары:
1) жеке тұлғалардың спортпен айналысуы үшін, оның ішінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімді болуы ескеріле отырып, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда инфрақұрылым жасайды;
2) бұқаралық спортпен айналысуға арналған спорттық жабдықтың қауіпсіз пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларымен бірлесе отырып, облыстық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізеді;
4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган аккредиттелген республикалық спорт федерацияларымен бірлесе отырып өткізетін республикалық және халықаралық спорттық жарыстарды, оның ішінде ардагер спортшылар арасында өткізуге қатысады;
5) спорт түрлерi бойынша облыстық құрама командаларды даярлауды және олардың республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
6) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;
7) облыс аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
8) балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы, оның ішінде бейімдік дене шынықтыру және спорт клубтарын құрады;
9) білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта халық үшін спорт секцияларының жұмысын қамтамасыз ету және спорттық іс-шаралар өткізу мақсатында пайдалану жөнінде шаралар қолданады;
10) спортшыларға: «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат», 1-разрядты спортшы спорттық разрядтарын береді, спортшыларды осындай спорттық разрядтардан айырады;
11) мынадай: бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты жаттықтырушы-оқытушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бірінші санатты әдіскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, бiрiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын береді, біліктілік санаттарынан айырады;